Ұлттық тарихты зерделеу тақырыбына арналған кезекті баспасөз мәслихаты өтеді - ОКҚ
16.08.2013 1576
9 қазанда сағат 12:00-де «Қазмедиа орталығында» Хакасия мен Алтайдың петроглифтеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

9 қазанда сағат 12:00-де «Қазмедиа орталығында» Хакасия мен Алтайдың петроглифтеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына Хакасия Республикасының өкілі Сергей Нарылков, Таулы Алтай Республикасының өкілі Елена Назаренко, «Россотрудничество» мекемесінің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Шулика, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті тарих, археология және этнография факультетінің ғылыми қызметкері Ахметжан Қалиолла, «Шежіре» Қазіргі заман өнері галереясының директоры Роза Жүсіпова, сондай-ақ Ә.Марғұлан атындағы Археология институты Астана филиалының профессоры Зейнолла Самашев қатысады.

БАҚ өкілдерін тіркеу +7 (7172) 55-93-38 телефоны және ОКҚ Қоғаммен байланыс қызметінің info@ortcom.kz электронды мекенжайы арқылы жүргізіледі.

Дерек көз: ortcom.kz