«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Бейнегалерея

Тұрсынхан Зәкенұлының лекциясы: Ойраттар, Жоңғария және Қазақ елі

Ойратнама: ойрат этногенезі және олардың мемлекеттігі, Жоңғар мемлекетінің пайда болуы және жойылуы деген тақырыптарды қамтитын кітабым осының алдында жарық көріп, оқырманға жол тартты. Шыңғыс хан құрған Моңғол империясының құрамында ойраттардың қандай рол атқарғанын және олардың моңғолдардан қалай бөлініп, Жоңғария секілді мемлекет құру тарихын, Қытай, Тибет, Ресей және Қазақ елімен байланыстарын жан-жақты қамтыған. Қазақ тілінде алғаш рет шыққан ойраттану саласына қатысты бірден-бір еңбек деп бағалауға болады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне сұранып тұрған оқулық. Біздің ЖОО-да көршілес түркі-моңғол мемлекеттерінің тарихына қатысты оқулықтар мен әдебиеттер аз, тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады. Турасын айтқанда, біз осы көршілес мемлекеттердің тарихын оқытуды ойламаймыз, қытайтану, өзбектану, қырғызтану, моңғолтану салаларын жіктеп-жіліктеп оқытып жатқан ешкімді көрмедім. Біз неге өзіміз секілді түркі-моңғол халықтарын төмен деп қарап менсінбейміз? Ғылым үшін бұл дұрыс нәрсе емес. Олардың тарихы – біздің тарихымыз. Біз өзіміздің тарихымызды білгіміз келсе, онда олардың да бастан кешірген тарихын жақсы білуіміз керек.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз