Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр. 2000 жылғы қыркүйекте өткен Мыңжылдық саммитте әлемнiң көптеген елдерiнiң лидерлepi БҰҰ Мыңжылдық декларациясын қабылдады, оның сегiз мақсатының бiрi гендерлiк теңдiктi қолдау болып айқындалған. Бұл мәселеге БҰҰ Бас ассамблеясының "Әйелдер 2000 жылы: әйелдер мен ерлер арасындағы теңдiк, XXI ғасырдағы даму және әлем" атты 23-ші арнайы сессиясы арналды. Осы сессияға қатысушы үкiметтерге әйелдердiң өмiрдiң барлық салалары мен барлық деңгейлерiне тең қол жеткiзуiн және толық ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдама Қазақстандағы гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi. Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады. Сонымен, гендер дегенміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуда үлкен жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен 2011 жылдың 5 наурызында Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті. Съезде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ер мен елге қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білгендігін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы әйелдердің өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндіктеріне назар аударды. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздік жылдарында ондаған әйелдер министр және мемлекеттік органдардың басшылары болып тағайындалды. Жүздеген әйелдер Парламент пен мәслихат депутаттары болып сайланды. Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған. 2010 жылы ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған. Сонымен қатар, мемлекет басшысы әйелдердің мемлекеттік басқарудың шешім қабылдау деңгейіндегі үлесінің өте аз екендігін тілге тиек етті. Бүгінде Үкімет құрамында 3 министр әйел болса, бірде-бір облыс әкімі жоқ. Облыс әкімдерінің 5 орынбасары және 3 аудан әкімі ғана әйелдер. Осы мәселелерді шешуге Президент Үкіметке Президент әкімшілігімен, Ұлттық комиссиямен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, әйелдерді шешімдер қабылдау деңгейіне дейін жылжыту жөнінен 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған нақты жоспарлар жасауды тапсырды.
Гендерлік саясат
744
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 64 95 59
(ішкі - 1164)
Танымал
Апта
Ай
Жыл
Қазақтың амандасу әдебін кеңсе стилі бұзды
24.08.2026
4459
Бір әннің тарихы: «Заман-ай»
25.08.2026
2014
Алтай пірін Осман сұлтаны не үшін марапаттады?
26.08.2026
1979
Қазақтың амандасу әдебі қандай еді?
24.08.2026
1927
Қазақтың тұңғыш фотографы
21.08.2026
1611
Ақмоладағы алғашқы зауыттар
21.08.2026
943
Қазақтың көне түйе жабдықтары
20.08.2026
903
Қазақ байлары салған ауыл мектептері
24.08.2026
825
Астананың 30 жылдық тарихы көрмеде таныстырылды
20.08.2026
410
Бөкей Ордасына сапар: Қыздар училищесі
21.08.2026
206
Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек - Тоқаев
26.08.2026
163
«Жарты патша» атанған қазақ...
10.08.2026
7986
Қазақстандағы тұңғыш әйел академик
18.08.2026
5106
Қазақтың амандасу әдебін кеңсе стилі бұзды
24.08.2026
4459
Отырарда Алтын Орда дәуіріне жататын мешіттің орны табылды
03.08.2026
3560
Шәмші Қалдаяқов өмірінен қызықты деректер
15.08.2026
3369
Османлы сұлтанымен кездескен қазақ
11.08.2026
3235
Қазақ байы Серікбай қажының құлпытасы табылды
31.07.2026
3227
Бір әннің тарихы: «Әнім сен едің»
14.08.2026
2565
ХVІ ғасырда Англия патшайымына кеңесші болған қазақ аруы кім?
10.08.2026
2327
Археологтер Ақжардан мың жылдық құрылыс қалдықтарын тапты
29.07.2026
2318
2026 жылы тойланатын атаулы күндер мен мерейтойлар
18.11.2025
26505
Жылқы жылы қандай болған?
26.12.2025
24922
Адам «жұтатын» арал: Құпияға толы Барсакелмес туралы
08.10.2025
23194
Кәрі жіліктің киесі мен қасиеті қандай?
08.06.2026
22924
Өзге елге алтын сыйлаған қазақ спортшылары
25.02.2026
22248
2025 жылы өмірден өткен тұлғалар
22.12.2025
21988
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2025. Толық мәтін
08.09.2025
20877
Қазақтар түнде судан неге қорыққан?
31.01.2026
20488
Мао Цзэдунның оққағары болған қазақ
19.03.2026
18369
Бір әннің тарихы: «Келші, Айым»
04.03.2026
17810
Жалған айыпты арқалаған – ағайынды Каналиндер
23.01.2026
16477