Бұл күн тарихта

87 жыл бұрын ақын Қабдыкәрім Ыдырысов дүниеге келді.

90 жыл бұрын мүсінші, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хакімжан Наурызбаев дүниеге келді.

8 жыл бұрын Ақтауда жоспарланып отырған Ақтау-Сити құрылысының аумағында сексеннен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды.

- = -

90 жыл бұрын мүсінші, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хакімжан Наурызбаев дүниеге келді.

Материалға сурет: 90 жыл бұрын мүсінші, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хакімжан Наурызбаев дүниеге келді.
1925-2009 жылдар аралығында өмір сүрген.
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында туған. Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952-1954 жылдары Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы, 1961-1965 жылдары Лениндік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі, 1959-1965 жылдары КСРО Суретшілер одағы басқармасының мүшесі болды. 1952-1966 жылдары Алматы көркемөнер училищесінде оқытушы қызметін атқарды. Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Мәншүк Мәметова, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов ескерткішінің авторы. «Амангелді Иманов», «Құрманғазы», «М. Хакімжанова», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» атты ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын, тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы кескіндеді әрі ұлттық колоритке жіті назар аударды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында, сондай-ақ Қ. Сәтбаев, Ы. Жақаев, А. Жұбанов, Т. Тәжібаев, Ж. Саин, Д. Нұрпейісова, Т. Жароков, Х. Есенжанов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Жамбыл тұлғаларын жасады. «Парасат», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.