«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қазақстандағы жаппай әскери оқыту мәселесі

2127 0
Қазақстандағы жаппай әскери оқыту мәселесі
Ұлы Отан соғысы жылдары ел әскери өмірге бейімделді, оның ішінде жас өрімдер Кеңес әскері үшін арнайы дайындалды. Мақсат майданға жәрдемдесу.

Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандық БЛКЖО отряды Кеңес әскері үшін артық әскери қор дайындауда айтарлықтай үлес қосты. 1941 жылы 1 қазаннан бастап Қазақстанның барлық комсомол комитеттерінде әскери жұмыс бойынша хатшылар тағайындалды. 1 – 10 қазан аралығында олардың қатысуымен жиындар өткізілді. Комсомол - жастар жаппай оқыту бөлімінде алғашқы комсомолдық ұйымдар құрылды. Оған дәлел Алматы облысында 13 әскери-оқу бекеттерінде райвоенкоммен бірігіп 20 комсомол-жастар бөлімдерін құрды.

Семей облысында 40 комсомол-жастар саяси бөлім бойынша командир орынбасарлары болып тағайындалды. Партия органдары саяси жетекші қызмет атқару міндетіне тәжірибелі және беделді партия мүшелерін жіберді. Мысалыға Семей облыстық Лениншіл горрайком партиясы И.К. Марченко, П.М. Сметанкина, К.П. Гетманова, С.С. Говорухина, М.И. Клименко секілді коммунистерді бағыттады.

Республика бойынша аз уақыт ішінде 300 әскери пункт пен әскери қалашық жабдықталды. Жас жеткіншектер әскери-оқу бекеттері мен оның материалдық базасын құрып қалыптастыруда белсенді жұмыс атқарды. Жастардың ықпалымен 29905 винтовка макеттері, 32918 жарылғыш қалпы, 3455 кіші саперлік күрек, 2320 таяқша, 570 нысана станогі, 1388 ұрысқа арналған тұлып (қарақшы), 1813 белтемір, 370 автомат макеттері, 1651 пулемет макеттері, 607 Морзе кілттері және тағы басқалар.

Ұлы Отан соғысы етек алғанн күннен бастап республиканың комсомол жастары жастардың әскери даярлығын күшейітті.

Дәлел келтірер болсақ Жамбыл облысының Байқадам ауылында күн сайын жұмыстан кейін 150 жас жеткіншек үш сағаттан әскери дайындық жұмысын өткізіп отырды. Отряд командирі Сарысу райокомының әскери-денешынықтыру бойынша комиссиясының төрағасы, запастағы кіші лейтенант Абдулла Досмұхамедов болды. Аталған облыстың Талас ауданында әскери оқумен 598 адам қамтылса, оның 261-і комсомол жастар.

Батыс Қазақстан облысында 1941 жылдың қарашасында 30 комсомол жастар радио ісі бойынша курстан өтті. Барлық саны 1716 БЛКЖО мүшелері әскери оқумен қамтылды, 66 жас активистер жаппай оқыту бекеттерінің саяси жетекшісі болып тағайындалды. Алматы, ШҚО, Жамбыл, ОҚО облыстары бойынша тау атқыштарын даярлау бойынша арнайы бөлімше құрылды. Соғыс басында танк атқыштарын дайындауға аса зор мән берілді. Комсомол-жастар Орталық Комитеті республикада жергілікті органдарға танк-атқыш істері бойынша курстан өткен комсомол жастарды есепке алуға тапсырма берді. Комсомол ұйымдары әскери-оқу бекеттері үнемі майданмен байланыста болды, одан өзге жауынгерлердің аудандық, облыстық жаппай оқыту слеттерін өткізіп отырды.

Соғыс жылдары комсомол-жастар бөлімшелері жаппай оқыту бойынша Кеңес әскеріне 80 мыңнан астам мамандар даярлады, оның ішінде – 10973 танк атқыштар, 10738 білдек пулеметшілері, 13101 мерген, 9958 қол пулеметшілері, 8201 автоматшылар, 7813 минометшілер, 6128 ПТР (танкке қарсы қару), 1353 бұзғыш саперлер, 6123 кіші командирлер.

Сонымен қатар комсомол комитеттері қазақ әскерлері арасында орыс тілін үйрететін арнайы үйірмелер ұйымдастырды. Үйірмелерде 17213 әскери шақырушылар орыс тілін меңгеріп шықты.

Кадрлерді дайындау жаппай оқыту жүйесі бойынша ғана жүргізілген жоқ, сонау 1941 жылдың 27 маусымында Қостанай облыстық комсомолы «Комсомолдардың міндетті әскери-оқу іс-шарасы» туралы жарғы қабылдады. Бір ғана СҚО өзінде 1066 қыз бала медбике және сандружина курсынан өткен. 1942 жылдың шілдесінде республика бойынша 2753 медбике және 3581 сандружина дайындалды. Олардың көбісі Ұлы Отан соғысы жылдары өз кәсіптерінің шебер маманы екенін дәлелдеп айтуға тұрарлықтай ерліктер жасады. Мысалыға, Әсия Бекетова 1944 жылы 37 жауынгер мен офицерді қару-жарақтарымен аман-сау алып шыққаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

1943 жылы Авиация және химиялық құрылыс қорғанысына жәрдемдесу қоғамы (Осоавиахима) республикалық ұйымы мергендерді даярлау 140 %, орнықты пулеметшілер 120%, қол пулеметшілері 173% -ға жоспардан жоғары орындалған. 1944 жылы осы еңбектері үшін КСРО Орталық Президумы «Қызыл ту» табысталды. Бұл жерде комсомолдардың еңбегі зор. Республика жастарының барлығын әскери оқумен қамту мақсатында Қазақстан комсомол ұйымы комсомол жастар арасында әскери сынақ өткізді. 1944 жылы 1 қаңтарда әскери сынақ тапсырған комсомолдар саны 148569 болса, осы жылдың мамыр айында 179246 жетті немесе барлық құрамның 84,2 % болды. Денешынықтыру жұмысы комсомолдардың негізгі қамқорлығындағы істің бірі болды. Кәсіподақпен бірлескен жүгіруден жарыс тұрақты түрде өткізіліп отырды. Жас спортшылар 1943 жылы республикалық, Орта Азиялық спорт жарыстарынан І орын, ал 1944, 1945 жылдары ІІ иеленді.

Ұлы Отан соғысы жылдары денешынықтыру ұйымдары 182842 қорғаныс еңбегіне әзір жас азаматтарды, 240556 қолкүрес жауынгерлері, 287717 граната жарғыштар, 15311 автоматшылар және басқа да қорғаныс мамандары.

Адамзатты алапат әкелген алпауыт соғысқа қазақ комсомол жастарының үлесі зор, оған дәлелде жетеді. 1941 жылы наурызда Ақтөбе облыстық комитеті комсомол жастардың 1940 жылы ерен еңбегі аталып өтіліп, Қызыл Әскерге қосқан қорғаныс жұмысы нәтижесінде Орталық Азия өңірінен ІІ орын иеленді. Жастар өз елінде жүріп, соғыс майданындағы отандастарымен бірдей тер төкті. Бұл дегеніміз сол қиын қыстау заманда қазақ жастарының қай кезеңде де еңбекқор, отан алдында қашанда өзіндік үлесі, отан алдындағы борышын өтеуге дайын екендігін көрсетті.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English