Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлттық музейдегі көне жәдігерлер

3026
Ұлттық музейдегі көне жәдігерлер  - e-history.kz
Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі елордамыздың Бас алаңы – Тәуелсіздік алаңында орналасқан

Бүгінде музейде Қазақстанның ерте ғасырдан қазіргі күнге дейінгі археологиялық, этнографиялық жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері жинақталған.Ұлтты музейдің экспозициялық кешендері қатарына Ежелгі және орта ғасырлар тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы, Алтын залы, Заманауи өнер залы жатады. Ұлттық музейдің баға жетпес қорының зор бөлігін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер құрайды.

Оқыңыз: Әдеби жәдігерлер

Қазіргі таңда музейдің қорында жалпы саны 158833 жәдігерлер бар. «Ұлттық музейге сый тарту» акция аясында музей қорына түрлі жәдігерлер келіп түседі. Солардың бірі «Назарбаев орталығының» ыдыс-аяқ қорынан қабылданған фарфордан жасалынған  ваза (суретте) музей қорының шыны, фосфор, фаянс коллекциясының көне жәдігерлерінің бірі болып табылады. Музей қорында негізі фарфор мен көркем керамика коллекциясының орны ерекше. Түсі нәзік ақшыл қызғылт және ақ түсті, түймедақ гүлдері салынған бұл вазаның тарихына көз жіберсек, Ресейдегі аты әйгілі Гарднер зауытынан XIX ғ. аяғында өндіріліп шыққан.

 

Фарфор – су мен газды өткізбейтін ақ түсті, тығыз керамикалық материал болып табылады. Ең алғаш  фарфор өндіру ісі ҮІ – ҮІІ ғасырларда Қытайда пайда болған. Кейіннен Еуропада тек ХҮІ ғасырдан бастап қана тарала бастады. Ресейде сол кезеңде фарфор мен фаянс сияқты нәзік материалдардан сәнді ыдыстарды дайындап шығаратын зауыт жалғыз болған. Әрі зауыт өнімдері тек император сарайын қамтамасыз еткен.  Кейіннен ҮІІІ – ХІХ ғасырларда императорлық фарфор зауытымен қатар, шыны ыдыстарын жасайтын жеке зауыттар ашыла бастайды. Солардың ішінде Гарднер, Кузнецов, Попов зауыттарының аты кеңінен танымал болды. Осы вазаны өндіруші Гарднер – Кузнецов зауытының тарихы 250 жылдан астам уақытты қамтиды. Әдетте бұл зауыттан шығарылатын ыдыстар жеңіл, ақ, сары, жасыл түстердің қосындысынан тұрған. Көбіне бұл зауыт ыдыстарына гүл, өсімдік, қамыс арасындағы нимфалар бейнесі мен әртүрлі жеміс – жидек бейнелері суреттелген. Аталмыш ваза да жидек, көкөніс салуға арналған тұғырды ваза, қазіргі күйінде жиегінің фарфоры ұшқан, алтын түсті бояуы өшкен. Дегенмен де, осындай қолөнер бұйымдары мен оны жасаушы шеберлердің туындысы бір ғасыр өткеніне қарамастан, бүгінгі күнге дейін өзінің қалпын сақтап қалғандығымен таңқалдырады. Бұндай сәнді ыдыстар тек қана үлкен икемділікті, шыдамдылықты, төзімділікті талап ететін нағыз қолөнер майталмандарының қолынан шыққандығы сөзсіз.

                                                                                                                                      Ботагөз Абдрахманова

ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?