Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қанатты қыз туралы 11 дерек

2517
Қанатты қыз туралы 11 дерек - e-history.kz
Хиуаз Доспанованың ең алғашқы әскери тапсырманы орындау үшін ұшаққа мініп жатқандағы құрбысы Мария Румға айтқан сөзі: «Егер мен тірі қайтпасам, мені коммунист деп қабылдаңдар» болған

1922 жылы мамыр айының 15-ші жұлдызында Атырау облысы Ұлы Отан соғысында ерлікпен көзге түскен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовадан басқа үшінші қыз Хиуаз Доспанова дүниеге келді. Есімі елге таныс батыр қыз, аспан төрінде жауды дәлдікпен атып, ешкімге дес бермеген.

1. Мектепті алтын медальмен бітірді. 

2. Ең алғашқы әскери тапсырманы орындау үшін ұшаққа мініп жатқандағы құрбысы Мария Румға айтқан сөзі: «Егер мен тірі қайтпасам, мені коммунист деп қабылдаңдар».

 

3. Майдандас құрбылары Хиуаз Доспанованы «Катя» деп атады.

4. Жау Хиуаз Доспанованың полк қыздарын «Түнгі мыстандар» деп атады.

5. Талғат Бигелдинов 305, Леонид Беда 210, Сергей Луганский 390 рет ұшып, жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Ал, Хиуаз Доспанова 300-ден астам маңызды тапсырмаға жіберіліп, барлығында ерлік көрсеткен.

6. Соғыстағы ерліктері үшін батыр қыз «Қызыл Жұлдыз», «II дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Кавказды азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарын иеленіп, әскери атағы аға лейтенант шеніне дейін өседі.

7. 2006 жылы ұшқыш Хиуаз Доспанова туралы «Қарыздар ұрпақтан» атты тұңғыш деректі фильм түсірілді.

8. Алматы қаласында Хиуаз Доспанов атындағы көше бар. Үйлердің бірінде оның құрметіне ескерткіш тақта бар.

9. 2008 жылы Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы атағымен марапатталған.

10. Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы мұз сарайының құрылысы 2008 жылы қазан айында басталып, 2009 жылы маусым айында тапсырылды. Нысанның құны 1,5 млрд теңгені құрады. 

11. Хиуаз Доспанованың құрметіне «Эйр Астана» авиакомпаниясы «Embraer 190»  ұшағын атады.    

                                                                                                                                                

Оқыңыз: Ержүрек ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?