Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әлем картасындағы Арктика

2123
Әлем картасындағы Арктика - e-history.kz
Жердің бұрынғы физико-географиялық белгілерін зерттейтін палеография дейтін ғылым бар. Мамандарының айтуынша, Арктикадағы қазіргі мұздықтар б.д. бұрынғы бірінші мыңжылдықтың ортасында қата бастаған

Ал оған дейін Арктикада кем дегенде мың жылдай жылы әрі құрғақ климат болған дейді. Осындай солтүстік мұзды мұхитта климаттың ауысуы тек бұл ғана емес.

Ғалымдардың айтуынша бұдан 9-дан 2,5 мың жылға дейін бұрын, ал кейбір ғалымдардың есебімен бұдан 6-дан 4 мың жыл бұрын тағы да осындай жылы климат болған. Сол сияқты Арктиканың жылынуы бұдан 10-12 мың жыл бұрын да, 32-20 мың жыл бұрын да болып тұрған.

Атақты совет мұхит зерттеушісі Я. Гаккель (1901-1965) зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп, «Арктида аралдық материгінің» болғандығы туралы болжам айтқан. Кейінірек Ломоносовтың, Менделеевтің және Гаккельдің аттары берілген ірі суасты шыңдары табылды. Менделеев суасты шыңынан алынған жауын-шашын қалдығының құрамын тексергенде оның жасы 9300 жылға жуық екендігі анықталды. Ал Ломоносов суасты шыңы бұдан 12000 жылға жуық уақыт бұрын арал болған екен. Қазіргі кезде Арктика аймағының үлкен бөлігінің тереңдігі 100 метрден 200 метрге дейін, тіпті кей жерлері 40-60-ақ метрді құрайды. Ал бұдан 12000 мың жыл бұрын басталған мұздықтардың еруі нәтижесінде әлемдік мұхит деңгейі 150 метрден аса көтерілгені қазір дәлелденген.

Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері небір таңқаларлық жаңалықтарды ашып жатыр. Бұған дейін Американы 1492 жылы испандық саяхатшы Христофор Колумб ашқан деп келген болатын. Ал өткен ғасырдың 60-ншы жылдары табылған картада Американы ашқан скандинавиялық теңізшілер Лейф пен Бьярни болып тұр. Бұл карта Колумбтан 493 жыл бұрын 999 жылы жасалғанын ғалымдар дәлелдеген.                               

Тағы бір дерек. Осы Х ғасырда Гренландияда қоныстанған викингтер өз мекендеріне «жасыл ел» деп ат берген екен. Бұл атау сол өңірдің бау бақшалы, ну орманды болғанына орай берілсе керек. Ал қазір осы «жасыл елдің» барлық жерін мұз құрсап жатыр. Ал қазір АҚШ ғалымдары Американы алғаш ашқан араб теңізшілері Абдул Рахим мен Абдулла ибн Мәлік бастаған теңізшілер деген қорытындыға келген.

Белгілі ғалым Әділ Ахметов өзінің «Түбі түркі өркениет» [1] атты еңбегінде мынадай дерек келтіреді: «Америкалық ғалым Франк Ватерз «Азиядан Америкаға теңіз арқылы өту викингтер мен Колумбтың Атлант мұхиты арқылы жасаған сапарларынан көп ғасырлар бұрын басталған. Бұл жөнінде қытай тілінде жазылған ең көне классикалық еңбектің аты: «Shan Khai King». Бұл кітап шамамен б.д.д. 2250 жылдары жазылған. Сол еңбекте «Ұлы Шығыс теңізін» кесіп өтіп, ар жақтағы 2000 мильге созылған құрлықта жасалған сапар суреттеледі. Көпке дейін ертегі мен  аңызға баланып келген бұл еңбек осы күнгі Американың көз тартар жерлерінің, оның ішінде «Ұлы Нұрлы каньон» және басқа жерлердің нақтылы географиялық сипаттамасы екені дәлелденіп отыр. Мұндағы «Ұлы Шығыс теңізінің» Тынық мұхит екенін, 2000 мильге созылған құрлықтың қазіргі Солтүстік Америка, ал «Ұлы Нұрлы каньонның» бұл күндегі Гранд Каньон екенін байқау қиын емес. Демек, бұдан шығатын қорытынды, қытай жиһангерлері Америка материгін біздің заманымыздан 2250 жыл бұрын ашқан. Ендеше, Америка Азия әлеміне Колумбтан 3742 жыл бұрын белгілі еді десек, асырып айтқандық болмайды».

Ал 1929 жылы табылған, киіктің терісіне салынған, көне карта тіптен қызық. Бұл карта 1513 жылы атақты түрік флотының адмиралы Пири Рейстің қолданған картасы болып шықты. Картада Африканың батыс жағалауы, оңтүстік Американың шығыс жағалауы және қазір кей жерлері 1500 метрге дейін жететін, мәңгілік мұз басып жатқан Антарктиданың солтүстік беті бейнеленген. Ең қызығы, бұл картада қазіргі мұз құрсанған Антарктида құрлығы көк желек жамылған, мамыражай жер болып белгіленген.

Қазіргі біздің ғылыми деректерімізше мұз жамылған Антарктиданың өзі бұл карта жасалған уақыттан 300 жылдан кейін ашылды. Сонда түрік адмиралы бұл мәліметті қайдан алған? Қазір осы Антарктиданы зерттеген ғалымдар осы Пири Рейстің картасында көрсетілген өлке (Мод королдігі) осыдан 6000 жыл бұрын мұзсыз, көкорай жасыл жер болғандығын дәлелдеді.

Қазір Антарктида – қалың мұз жамылып жатқан құрлық, алайда ол жақтан мұзда қатқан динозаврлар мен басқа да ертедегі жануарлар сүйектері табылып жатыр. Антарктидадан америкалық және еуропалық зерттеушілер тобы мұз құрсауындағы қолдан тұрғызылған деуге болатын таңғажайып көне пирамидалар тауып, суретке түсірген. Бұл шынымен өнер туындысы ма, жоқ әлде ерекше формадағы тау шыңдары ма, оның тарихын ғылыми экспедициялар алдағы уақытта анықтамақ.

1513 жылы түрік адмиралы Пири Рейс, 1532 жылы Оронтей Финей, 1559 жылы түрік Хаджи Ахмед, 1587 жылы Герард Меркаторлар жасаған әлемнің карталары өздерінің таңқаларлық дәлдігімен қазіргі заман ғалымдарын қайран қалдырады. Ғалымдар бұл карталардың бәрін көне заманда жоғары технологияға қол жеткізген өркениет иелері жасаған карталардан көшіріп алынған деп жобалайды.

Пири Рейс өз картасын жасау үшін бірнеше көне карталарды пайдаланғанын жазған. Олардың кейбіреулері б.д.д. XIV ғасырда, ал енді біреулері одан да бұрын жасалған екен. Осы картаны арнайы зерттеген қазіргі заман ғалымдары картаны шаршыларға бөліп, глобусқа орналастырғанда, карта қазіргі заманғы ұшақтар арқылы түсірілген аэрофототүсірілімдерге дәл келген.

Массачусетс технологиялық институтының докторы Ричард Стрейчанмен бірге Оронтей Финейдің картасын терең зерттеген АҚШ ғалымы профессор Чарльз Хэпгуд былай дейді: «Мен алдымда Антарктиданың нағыз картасы жатқанын түсіндім. Карта көнеден қалған бірнеше картадан көшірілген және құрастырылған. Пири Рейстің картасы сияқты бұл карта да қазір қалың мұз астында жатқан Антарктиданың қазіргі ғылым анықтаған шекарасымен дәл келеді әрі мұзсыз көрсетілген».

Хэпгуд соңында мынандай қорытынды жасайды: «Антарктидада ерте заманда, оның көпшілік бөлігі мұзсыз кезде адамдар қоныстанған. Оронтей Финейдің картасы осы картаны жасаған өркениет иелерінің арғы тегін, Солтүстік жарты шардағы соңғы мұз дәуірінің соңындағы тұрғындар деп жобалауға болады» дейді.

Профессор  Чарльз Хэпгуд 1137 жылы қытай жерінен табылған, тас бағанға шекіп салынған картаның көшірмесін шаршыларға бөліп, сфералық геометрия әдісімен тексергенде, бұл картаның батыс ғалымдары жасаған карталарға өте ұқсас және солар сияқты өте жоғары дәлдікпен жасалғанын анықтаған. Бұл карталардың бір-біріне ұқсастығы сондай, «ғалымдар бұл карталарды жасаған адамдардың бір-бірімен байланысы болған болуы керек» дейді.     

1587 жылы Герард Меркатор жасаған әлемнің картасы. Арктикадағы аралдар табиғи апат басталғанға дейін

Арктика табиғи апатқа дейін

Арктика табиғи апаттың бастапқы кезеңінде

Арктикадағы табиғи апаттың соңғы кезеңі

Біздің білуімізше ең алғашқы өркениет орындары Месопотамияда Шумер, Кіші Азияда Хаттар, Африкада Мысыр өркениеттері бұдан 5000-6000 жылдардың арасында пайда болған. Негізгі дамыған өркениеттің белгілері б.д.д. 3000 жылдардың маңайынан басталады. Бірақ онда да олар жер шарын шарлап, картаға түсіретіндей деңгейге жете қоймаған секілді. Сонда шумерлер мен мысырлықтардан 1000 жыл бұрын ғаламның картасын жасаған кімдер?

Ал бүкіл әлемдік әйгілі картографтар Ян Бушмехерс (1590)  пен Герард Меркатор (1590)   және Оринт Финей (1535) жасаған карталар біздің тақырып үшін өте құнды мәлімет береді. Орта ғасырлардың құрметті картографтары бір-біріне байланыссыз Арктиканың картасын жасаған. Бұл карталарда сол кез үшін таңқаларлық дәлдікпен қазіргі белгілі Евразия мен Америка құрлықтарының солтүстік жағалаулары, аралдар, бұғаздар, көлдер айны-қатесіз белгіленген.

Осы карталарда көрсетілген құрлықтардың солтүстік жағалауларын ғалымдар космостан түсірілген суретпен салыстырғанда олардың дәлдігін сөзсіз анықтаған.

Бұл карталарда көрсетілген: Жаңа Жер аралы, Аляскадағы Юкон өзені, Гудзон шығанағы, Беринг бұғазы, т.б. жерлер ол кезде Еуропаға әлі белгісіз болатын.

Ал ең қызығы, қазір қалың мұз астында жатқан Солтүстік полюс өзендері ағып жатқан құрлық болып көрсетілген.

Я.Я. Гаккель Арктикадағы бұл аралдарды «Арктида» деп атаса, Г. Меркатор өз картасында «Солтүстіктегі жерлер» (Северные земли) деп атапты.

Бұл карталарда солтүстік полюсті айнала қоршап жатқан үлкен құрлық. Ортасында ішкі теңіз қоршаған биік тау бар. Картадағы жазу бойынша тау тура полюстің ортасында 10 шақырым шеңберді алып жатыр. Тауды айнала қоршаған ішкі теңізден төрт өзен ағып шығып жатыр. Өзендер құрлықты төрт бөлікке бөледі. 1595 жылы Герард Меркатордың ұлы Рудольф жариялаған картада осы төрт аралдың аттары жеке-жеке көрсетіліпті:

1) Свага (солтүстік батыстағы арал);

2) Рай (оңтүстік батыстағы арал);

3) Тула (оңтүстік шығыстағы арал);

4) Арра (солтүстік шығыстағы арал).

Қазір Г. Меркатордың 1569 жылы жасаған Арктиканың зілзалаға дейінгі толық картасы; 1595 жылы жасаған Арктикадағы зілзаланың бастапқы кезеңі көрсетілген картасы; 1620 жылы жасаған Арктиканың батып бара жатқан соңғы кезеңі көрсетілген карталары табылған.

Меркатордың 1569 жылы жасаған картасында Арктика өзендер бөліп жатқан төрт аралдан тұрады. Оңтүстік шығысындағы аралдың Азия құрлығымен арасын жіңішке бұғаз бөліп тұр. Ол картада латын әрпімен «Тас белдік» (Каменный пояс) деп аталыпты. Обь өзенінің теңізге құяр сағасында латын әрпімен «Алтын Ана» деп жазылыпты. Ал ол жердің айналасын «Бьярмия» деп атапты.

Меркатордың 1995 жылы жасаған екінші картасында Еуразия құрлығына ең жақын орналасқан оңтүстік шығыстағы арал (Тула) бөлшектеніп, су астына кете бастаған. Бұрынғы бір аралдан қазіргі Шпицберген, Жаңа Жер сияқты бірнеше аралдар бөлініп, солтүстігіндегі негізгі бөлігінің тек солтүстік беті ғана көрсетіліп, екінші беті ашық қалдырылыпты. Бұл аралдың бір шетінен бастап су астына кетіп жатқан кезі дейді ғалымдар.

Меркатордың 1620 жылы жасаған картасында суға батқан Арктиканың қалдықтары ғана көрінеді. Ал Гренландия аралы өте үлкейіп, солтүстік полюс жағы анық көрсетілмей қалған.

Бұл карталарда Арктиканың әр түрлі көрсетілуі, осы карталар көшірілген бастапқы карталардың Арктикадағы зілзаланың түрлі кезеңінде жасалып, Арктиканың су астына кетуін түсіндіреді. Бұл зілзала жүздеген, мүмкін тіпті мыңдаған жылдарға созылған сияқты. Сондықтан бұл карталар Арктиканың, Гаккель анықтағандай, бұдан 9000-12000 жылдар бұрынғы күйін көрсеткен дейді ғалымдар.

Бұл карталардан байқағанымыз, Арктикадағы аралдардың суға кетуі Еуразия құрлығына жақын жағынан басталып, Америка құрлығы жағы ең соңынан суға кетіп, қалдығы мұз астында қалған.

Осының бәрін қорытындылай келіп, ғалымдар мынадай қорытынды жасайды:

1. Меркатордың картасында көрсетілген аралдар көне заманда шынында да болған.

2. Ол замандарда солтүстік полюсте жылы климат орнаған.

3. Көне заман адамдары жоғары өркениетке қол жеткізіп, қазіргі заманғы жоғарыдан түсірілген суреттерге (аэрофототүсірілім) теңесе алатындай дәлдікпен карталар жасай алған.

Орта ғасырлардың «Ұлы картографтары» тек сол карталардан көшірме жасаушылар ғана.

Біз қазір Американы ашқан деп жүрген Христофор Колумбтың экспедициясы Америкаға келгенде Америка құрлығында тілі де, нәсілі де әр түрлі миллиондаған халық тұратын. Сонымен қатар Колумбтың серіктері Америка құрлығынан Еуразияда кездесетін жануарлар мен құстардың, тіпті балықтар мен өсімдіктердің қанша түрлерін кездестіреді.

Алғашқыда ғалымдар Америка құрлығының бұл ежелгі тұрғындары Азиядан Америкаға Беринг бұғазы арқылы өткен деп келген болатын. Бірақ кейіннен ғалымдар зерттей келе бұл пікірдің қате екеніне көздері жетті.

Егер де Азиядан Америкаға Беринг бұғазы арқылы өту мүмкін болса, бұл қатынас үздіксіз болып жатуға тиіс қой.

Ал Америка құрлығына мұқият зерттеу жүргізген ғалымдар Еуразиядан Америкаға адам баласының қоныс аударуы дүркін-дүркін болғанын дәлелдеген. Яғни бірінші рет 40-35 мың жыл бұрын, екінші рет 28-25 мың жыл бұрын, ал үшінші рет 14-10 мың жыл бұрын қоныстанған дейді.

Сонымен қатар Еуразиядан Америкаға тек адамдар ғана емес, түрлі құстар, жануарлар, су жәндіктері, тіпті өсімдіктер де қоныс аударған.

Құстарды ұшып өтеді дейік. Адамдар мен ірі жануарлар Беринг бұғазымен мұз қатқан кезде мұз үстімен өтті дей қояйық. Бірақ, бұл жерде де, жүздеген шақырымға созылатын ақ қар көк мұздан өтуге оларды не итермелеуі мүмкін?

Ал еуразиялық тұщы суларда өмір сүретін су жіндіктері – балықтар қалай өткен.? Олардың қатқан мұзбен де, не теңіздің ащы суымен де Азиядан Америкаға өтуі мүмкін емес. Өсімдіктерге мұқият анализ жүргізген ғалымдар Таймыр жарты аралы мен Канаданың Арктикалық архипелагының өсімдіктерінің бір-біріне өте ұқсас екендігін, бұл осы екі жер бөліктерінің жақын уақытқа дейін жер арқылы тікелей байланыста болғанын анықтаған.

Ал Чукотка мен Алясканың өзара ешқандай да ұқсастығы жоқ екендігін анықтаған.

Бұдан ғалымдар әйгілі картографтар Бушмехерс пен Меркатордың карталарындағы Арктикалық аралдар бұдан 10-12 мың жыл бұрын Еуразиядағы Таймыр жарты аралы мен Америкадағы Канаданың Арктикалық архипелагын бір-бірімен тікелей жалғастырып жатқан деген қорытынды жасайды.

Америкалық үндістердің алтайлық тегі туралы тамаша еңбектерімен танымал Әділ Ахметов ағамыз «Код Евразии» атты еңбегінде былай дейді: «Влекомые на север непонятно пассионарной силой, протоалтайцы, в конечном итоге заложили фундамент цивилизаций трех Америк. В метаисторическом плане проникновение палеоазиатов на американский континент выглядит вполне реалистично. То, что оно было реальным и в историческом плане, доказывает их проникновение на Таймыр-ничуть не более простое и легкое, чем переход на Аляску. И если таймырская эпопея оказалась удачной, почему не должна была стать успешной американская?

Таймыр самый северный в Азии полуостров, польностью расположенный за полярным кругом. Это, как не удивительно, один из очагов этногенеза в Северной Сибири. Казалось бы, Таймыр совершенно непригоден для жизни: это крайне суровая тундра с редкими деревьями в речных долинах. Да и что это за деревья? Самые большие-высотой всего в полметра. Снежный покров держится  280 дней, снег сходит в июне, а спустя два месяца мелкие водоемы вновь замерзают. Толщина вечной мерзлоты- от 300 до 500 метров, средняя температура января- минус 28 градусов Цельсия (при температурном рекорде минус 69 градусов), ветры огромной силы, до 40 метров в секунду, продолжительность полярной ночи на широте Дудинки 65 суток.

Однако люди на Таймыре живут, и живут давно. Найденные археологами следы бескерамической культуры имеют возраст 6-7 тысяч лет, следы неолита 5 тысяч лет. Коренное население относится к так называемым «малым народам», в основном, долганам и нганасакам. Долганы-оленоводы, охотники, рыбаки предпочитают селиться в лесотундре. Нганасаны самые азартные и самые профессиональные охотники на диких северных оленей. До XIX века они использовали луки и стрелы. Это самая северная народность в мире, самое арктическое из всех земных племен. Поразительно, но они принадлежат к сомадийской этнической группе, то есть являются потомками переселенцев из куда более теплых краев, когда-то откочевавших на крайний север ойкумены. А долганский этнос?.. Его основные этнические компоненты –русские, тунгусы, якуты. А последние, как известно, потомки некогда пришедших на север Восточной Сибири тюрок.

Эти неожиданные связи с Великой евразийской степью заставляют предположить, что пассионарный толчок, что выбил древнейших кочевников из привычного круга, направил одних на северо-восток, и дальше, на Чукотку и в Америку, других – в долину Лены и на Таймыр. Осмысливая маршрут «американского потока», понимаешь, что проследить его последовательно, шаг за шагом, нелегко. До дальневосточной тайги он, в принципе, ясен. Дальше – не совсем» [2].

Таймырдағы бұғышы долгандар мен америкалық үндістердің дәстүрлі тұрағы

Арктикада жылы климат орнаған кезде адамдар мен жануарлар, өсімдіктер осы аралдарға қоныс аудара отырып Америка құрлығына жететін болған. Ал Арктикада күн суытқан кезеңдерде бұл байланыс үзіліп қалып отырған.

ХХ ғасырдың ортасына дейін адамдардың қоныстанған солтүстік шекарасын Поляр шеңберінен оңтүстікке қарай мыңдаған шақырымға төмен жатқан мұзды аймақ деп есептеген.

Бекжан БЕЙСЕНБАЙ, зерттеуші

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?