Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Домбыра туралы 5 дерек

4036
Домбыра туралы 5 дерек - e-history.kz
1 шілдеде Қазақстан тұңғыш рет Ұлттық домбыра күнін атап өтеді

Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін осынау аспап бір сәт тыңдаушысының жүрегіне қуаныш ұялатып, дархан даланы еске салса, енді бір сәтте көзіңе жас үйіртіп, көкірегіңе мұң ұялататын әуен шығара алады. Әр қазақстандық қазақ домбырасының төңірегіндегі аңыз-әңгімелерді естімеуі мүмкін емес.

«Қазақстан тарихы» порталы домбыра туралы  қызықты 5 деректі ұсынады.

1. Домбыраның прототипінің тамыры көне замандарға кетеді. Алматы облысында билеп жүрген адамдардың тасқа қашалып салынған суреті және қазіргі домбыраға ұқсайтын аспаптың суреті табылған. Суреттер неолит дәуіріне жатады. Яғни, домбыраның 4 мыңжылдық тарихы бар!

2. Белгілі ғалым әл-Фараби музыканың тек қана сауық үшін еместігін, сонымен қоса, музыканың бала жастан бастап, жанды тәрбиелеуге арналған құрал екендігін атап айтады. Әл-Фарабидің өзі де бірнеше аспапта ойнаған, солардың ішінде домбырада да ойнай алған.

3. Биыл белгілі қазақ және совет әншісі, музыкант Әміре Қашаубаев туралы фильм жарыққа шықты. Ол өз даусымен, табиғи дарынымен және де экзотикалық аспап – домбыраның үнімен Еуропаның талғампаз жұртшылығын баурап алды.

4. Қадыр Мырза-Әлидің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөздері домбыраның қазақ халқы үшін маңыздылығын көрсетеді.

5. Домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енген. Рекорд қоюға он мыңнан астам адам қатысқан. Олардың бәрі бірге «Кеңес» күйін орындаған. Бұл оқиғаның Қытайда орын алғанын айта кету керек. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі шетелде осылайша сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа таратылып келеді.    

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?