Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Билікті басып алу мақсатындағы әрекет

1486
Билікті басып алу мақсатындағы әрекет - e-history.kz

1991 жылдың тамыз айында Кеңес Одағының болашағын айқындап берген мемлекеттік төңкерісі ұйымдастырылған қайғылы оқиға орын алды.

25 жыл бұрын, 1992 жылдың ақпан айында «Казахстанская правда» баспасында ешкімді алаңдатпай қоймайтын ақпарат жарияланды. ТЖМК ісі бойынша тергеу аяқталып, тергеуге басшылық еткен  Ресей Федерациясының Бас прокурор орынбасары Евгений Лисовпен жүргізген сұхбат орталық баспалардың басты беттерінде жария етілді. Сұхбатты қысқыртылған түрінде ұсынамыз.

– Евгений Кузьмич, тамыз оқиғасына байланысты бірнеше көзқарастар бар, сондықтан бірінші сұрақ: бүлік болды ма?

– «Бүлік» құқықтық ұғым емес, мемлекеттік қылмыстық заңда басқа анықтама бар, ол «билікті басып алу мақсатындағы әрекет» Жауап – сөз байласу болды. Бізге түскен құжаттарға, көптеген адамдардың түсініктемелеріне талдау жасасақ, билікті басып алушылар деп кінә тағылғандар, шын мәнінде, тиісті сценарийді әзірлеп, оны жүзеге асырып отырған. Тергеу барысындағы құжаттарды дәлел ретінде көруге болады. Айыптанушылардың бірінен елдің даму бағытын түбегейлі өзгерту үшін дайындаған, егжей-тегжейлі жазылған құжаттардың көшірмелері табылды. Сол уақыттағы басқармалар мен билік құрылымын (Жоғары Үкіметтен бастап ауылдық жерлердегі), атқарушы билікті жойып, елді басқаратын уақытша комитетті, (басшы ретінде бүлікшілердің біреуі Павлов емес Тизяков болу керек еді) жаңа Министрлер кабинеттерін құру жоспарланды. Елдің экономикасы катаң әкімшілік, нақты айтқанда, әскери басқару жүйесіне өту керек болды. Барлық тұрғын жерлер бақылауға алынсын делінген қылмыспен күресу туралы жарлық жобасы әзірленді. Тонау, ұрлық, зорлық-зомбылық жасап ұсталғандарға тәртіп сақшылары акт дайындап, сот ұйғарымынсыз және тергеусіз сол жерде ату мүмкіндігіне ие болды. 

– Бүліктен кейін болған Ахромеев пен Пугоның өз-өздеріне қол жұмсауы сенімсіздікті тудырды.

– Бұл оқиғаға ешкімнің қатысы жоқ. Ахромеевке таң қалатын жағдайымыз бар, ол екі рет өзін өлтіргісі келді, өлім алдында жазған хатында: «Бір рет менің өмірмен қоштасуым сәтсіздікпен аяқталды, екінші рет сынап көруге тура келеді» делінген. Бір келеңсіздік болды, ол құлап қалып, жерде ес-түссіз 10 минуттай жатқан. Бірнеше уақыттан соң есін жиіп: жанұяма, асханаға (қарыз) ақшаны беру, ең қомақты соманы – Михаил Сергеевичке, деп 5-6 жазба жазады. Бұл құжаттар сақталған.

Біз Пугоның өлімінің куәгері болдық десек те болады, өйткені біз келер алдын бес минут бұрын атылып өлген. Әйелін ұрмаған, бұл Явлинскийдің түсіндіруі (айтуы) бойынша. Біз үй ішіне кіріп келгенде Валентина Ивановна жерде теңселіп ес-түссіз отыр еді. Жараланған күйі қолымен қанды бетіне жағып, содан түрі қорқынышты болып кеткен еді. Пуго алдымен Валентина Ивановнаны, кейін өзін атқан. Мұны дәлелдеу оңай болды. Сарапшылар алдымен атқан адамның қолын тексереді (атыстан соң қолда іздер қалады) Валентина Ивановнаның қолдарында ешқандай іздер байқалмады, тек Пугоның қолында іздер анықталды. Және екеуінің жазбалары табылды. Валентина Ивановна: «Бізді кінәламаңыздар, біз мәжбүр болдық» деп жазған.

– Мәселен, әрбір «Волгада» радио болса, қалай Фороста әлеммен байланыс болмады?

– Иә, онда Мәскеумен байланысу үшін «Волга» көліктері болды, алайда көлік бокста жабулы болды және онда Горбачевке бағынбайтын күзет тұрды. Өзімен бірге 5-6 адамды алып ұшып келген күзет басшысы Генералов өз қызметкерлерін шақырып алып: «Сендер маған бағыныштысыңдар, менсіз ешқандай іс-әрекет жасамаңдар» деп бұйрық береді. Горбачевтың жеке күзетін де өз қарамағына алып, көліктерді алуға мүмкін болмады. Жолдар көліктермен, ұшақ алаңдары жүк көліктерімен жабылды.

– Горбачев туралы ашық қарама-қайшы пікірлер айтылуда, осы тамыз оқиғаларындағы Горбачевтің рөлі қандай?

– Горбачевтің бұл оқиғаларға ешқандай қатысы жоқ. Ол ешкімге ешқандай рұқсат бермеген.

– Неге Ақ үйді басып алу жоспары жүзеге аспады?

– Оларды халық қорқытты. Басып алу жоспары Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде және басқа жерлерде де талқыланды. Жоспар мұндай болды: қорғаушыларды жайпап, ғимаратқа ену жолды босатып әскерлер кіреді, ашылған алаңға «Альфа» тобы тартылады. Олар гранататқыш құралдарымен қабырғаларды құлатады, бұдан басқа олар  қаруланған әскерде жоқ, қуаты өте күшті басқа да жарылғыш құралдарды пайдаланады. «Альфа» тобы кез-келген қарсылыққа тойтарыс береді, бұлардан кейін «Б» тобының жауынгерлері шығады. Бұл – шет елдердегі операцияларды жүзеге асыратын Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетіне кіретін топ. Топ міндеті – жоспардың соңғы тапсырмасы тұтқындауды іске асыру болып табылатын. Шабуылды ұйымдастырушылар белгіленген жерлерге барлау жасап отырды. Қайтып келіп, мақсатты орындауға дайын екендерін айтты, бірақ алдын-ала «қанды қырғын» болатынын ескертті. Қандай жағдай болғанда да, қанды қырғын үшін біреудің міндетті түрде жауап беретіні анық еді.

– Ақ үйге байланысты оқиғаны Крючков қалай суреттейді?

– Операция жоспарланғанын, алайда одан бас тартқандарын мойындайды. Барлық жағдай Ақ үйді күзету үшін жасалынған екен. Әскерлерді осы мақсатта енгізген. Крючковтың айтуынша, кез келген уақытта қауіпті жағдайдың орын алатыны, ғимарат ішінде де, сыртында да қаруланған адамдардың бары белгілі болғанын айтады. Тағы бір маңызды жағдай. Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде, Ішкі істер министрлігінде, тіпті Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті аппаратында да бүлікшілерді қолдамайтындар болды. Наразылық, қарсылық білдірушілер шыға бастады. Бүлікті ұйымдастырушылар өз адамдарының барлығы қолдайтынына сенімді емес еді.

– Баспасөз көптеген маңызды құжаттардың жойылғаны туралы жазған еді. Тексеру барысында олқылықтар мен түсініксіздіктер қалған жоқ па?

– Төтенше жағдайлар бойынша Мемлекеттік комитетті тексеру барысында 50-ге жуық құжат табылды. Құжаттар Қорғаныс Министрлігінде, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінде, Ішкі істер министрлігінде де табылып жатты. Бұл ведомстволар бүлік ұйымдастырушылармен бірге жұмыс істеуге дайын еді. Әскери органдар да тиісті тапсырманы алып, орындауға дайын тұрды. Комитет, ішкі, армия әскерлері «Жоғары жауынгерлік» деңгейде дайын болды. Бұл «соғысқа дайындық» дегенді білдірді.

 

1992 жыл 1 ақпан Казахстанская правда

Редакциядан:

Тұтқындалған ТЖМК мүшелері «Матросская тишина» атты тергеу орнында отырды. 1992 жылдың маусымынан 1993 жылдың қаңтарына дейінгі уақытта ешқайда кетпеу туралы қолхат негізінде жіберілді.

ТЖМК мүшелеріне қатысты тергеу ісі 1993 жылдың 14 сәуірін күні басталып 1994 жылдың 1 наурыз күніне дейін жалғасты. Әрбір 12 айыпталушы: Крючков, Язов, Шейнин, Бакланов, Павлов, Варенников, Плеханов, Пуго, Янаев, Лукьянов, Стародубцев, Тизяков түрлі әрекеттермен, бірісі аурумын,  екіншісі өтініштен бас тарту себептермен істі созып жатты. ТЖМК ісі бойынша сот төрағасы Анатолий Уколовтың айтуынша, айыпталушыларды Генри Резник, Генрих Падва, Дмитрий Штейнберг секілді әйгілі адвокаттар қорғады.

1994 жылдың 12 ақпанында Мемлекеттік ДУМА «ТЖМК-ның құрылуына негіз болған 1991 жылдың 19-21 тамыз оқиғасына байланысты барлық қылмыстық істер тоқтатылсын» деп рақымшылық жариялады.

1994 жылдың 1 наурызында сотталушылар қамаудан босатылады. Валентин Варенниковтан басқа сотталушылардың барлығы рақымшылықты қабыл алады. Мемлекеттік айыптаушылар төрағасы Денисов 10 күннен кейін «сот ісі аяқталған жоқ, рақымшылық тек қана өз ісін толық ақтап шыққандарға ғана қатысты» деп қарсылық білдіреді. Алайда, сотталушылар барлығы бостандықта қалады, Варенников кейіннен ақталады.

«Өзге тағдырларды шешушілердің» өмірі қалай жалғасты? Олардың көпшілігі бүгінгі күнге жеткен жоқ.

Павлов қаржы қызметке қайта оралды, «Часпромбанкті» басқарды, «Промстройбанк» кеңесшісі, экономикалық институттарда, Еркін экономикалық қауымдастықтың басшы орынбасары болып қызмет атқарды. 2003 жылдың 30 наурызында инсульт ауруынан дүниеден өтті.

Крючков әскерді қолдау Қозғалысы мүшесі болды, мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлер ардагерлері кеңесі жұмысына атсалысты. 2007 жылдың 23 қарашасында инфаркттан көз жұмды.

Валентин Варенников Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды. 2009 жылы 6 мамыр күні дүниеден озды.

Геннадий Янаев саяси өмірге араласпады, Ресей халықаралық туризм академиясында халықаралық қатынастар және тарих кафедрасының меңгерушісі болды. 2010 жылдың 24 қыркүйегінде көз жұмды.

Стародубцев Тула облысы губернаторы қызметін атқарды. 2007 және 2011 жылдары Ресей Мемлекеттік Думасына сайланды. 2011 жылы 30 желтоқсан күні жүрек ауруынан көз жұмды.

ТЖМК-нің қалған мүшелері тыныш өмір сүруде.

Соңғы уақытта Бакланов «Рособщемаш» ААҚ директорлар Кеңесі төрағасы міндетін атқарды.

Александр Тизяков бірнеше компаниялардың құрылтайшысы болып, «Новые технологии» атты инвестициялық компания директорларының Кеңесін басқарды, «Технология» атты ресей-қырғыз компаниясының президенті болып қызмет атқарды.

Дмитрий Язов Ресей Қорғаныс Министрлігі,  Бас штаб академиясында қызмет етті, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі бас инспектор қызметінің жетекші сарапшысы болып қызмет атқарады. Ресей Президенті Владимир Путин Язовты 80-жылдығына орай Құрмет орденімен марапаттады.

Дайындаған Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?