Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Текшенің алты күйі

1189
Текшенің алты күйі - e-history.kz

Сурет: tengrinews.kz

Ә.Қастеев атындағы өнер музейі қоры сәулетші Сәкен Нарыновтың «Текшенің алты күйі» туындысымен толықты. Алматы қаласының заманауи өнер картасында жаңа нүкте пайда болады: Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайының ашық аспан астындағы мүсін саябағы жаңа бірегей өнер жобасымен толықты.

Көрнекті мүсінші және сәулетші Сәкен Нарынов дүниеден озар алдында мұражайға өзінің бірегей көркем полиптихы – «Текшенің алты күйі» көркем туындысын сыйға тартты. Күрделі металл құрылымдарда әртүрлі сезімдер, эмоциялар мен ойлар бейнеленген. Бұл серияны суретші пандемия кезінде жасаған және Нарыновтың жұмысындағы бағдарламалық туынды болды.

Алматы облысының Есік қаласында дүниеге келген Сәкен Нарынов мәңгілік мекеніне аттанғанда 78 жаста еді. 2023 жылы 5 тамызда өмірінің көп бөлігін өткізген Алматы қаласында дүниеден өтті. Сәулетші әрі философ ол әрқашан ғылым мен өнерге әуес болды. Нарынов Қазақ политехникалық институтында «Сәулет» мамандығы бойынша білім алып, кейін Алматы сәулет-құрылыс институтында сәулет теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы болып, Мәскеу университетінде курстар бітірген. 2002 жылы Нарынов «Көпқырлы» көркемсурет шеберханасын құрып, тапсырыспен де, жеке жобалармен де жұмыс істеді. 

Сәкен Нарыновтың бірнеше мүсіндері Алматы мен Астана қалаларында орнатылған, бірақ сәулетші салған бас ғимарат Алматыдағы Атакент аумағына жайғасты. Бір жыл бұрын ашылған өнер туындысындай ғимарат бірден көздің жауын алады. Ол Алматының қарапайым сәулеттік ландшафтынан ерекшеленеді. Нарынов Барселонаның ең көрнекті ғимараттарын жобалаған испаниялық Антонио Гаудидің жұмыстарын қатты жақсы көріп, сүйсінген.

Сәкен Нарынованың туындылары қоршаған әлемнің сыртқы және ішкі аспектілерінің бірлігі мен өзара байланысын бейнелейтін мүсіндік композицияларда, көбінесе қола фигураларда жүзеге асырылады. Олар Қазақстанның көптеген қалаларын безендіріп тұр. Мәселен, оның бес туындысы  Алматыда орнатылған. Олардың қатарында Төлебаев көшесінде Заманауи өнер орталығының алдында орнатылған «Кеңістіктік композициясы»; Сейфуллин даңғылында Спорт және туризм мұражайының алдындағы алматылықтар тамсанатын «Асық»; Сәтбаев атындағы көшені безендіретін «Жаһандану».

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені 2007 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылында, бұрынғы 26-шы еңбек поселкесінің орнында, Қарлагтың Ақмола бөлімшесі құрылған, кейін ол сатқындардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері деп аталды. Мұражайдың ашылуы 1997 жылы «31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін белгілеу туралы Жарлықтың» қабылданғанына 10 жыл толуына, жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 70 жыл толуына орайластырылды.

2003 жылы мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Достық» халықтар достығы монументін ашты. «Біз арнайы ескерткіш ашып жатырмыз. Оның Жастар сарайына қарама-қарсы салынғаны өте символикалық», – деді Н.Назарбаев. Биіктігі 8 метрлік ескерткіште тостаған бейнеленген, оның ортасында қолдары жоғары қарай өрілген үш қола фигуралар бейнеленген. «Қол алысу – қаруы жоқ, бір-біріне татулық тілеген адамдар бейнесі» деп С.Нарынов айтқандай, бірнеше адам қол ұстасып, шеңбер құрса, бір-бірімен тіл табысады.

Жаңа мәдени нысанның ашылуына Нарыновтың отбасы мүшелері, достары мен әріптестері қатысып, естеліктерімен бөлісті. Ресми ашылудан кейін өнертанушы Екатерина Резникова «Сәкен Нарынов. Уақыт пен кеңістікте» атты лекциясын оқыды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?