Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әл-Фараби мен Ибн Сина

1332
Әл-Фараби мен  Ибн Сина  - e-history.kz

VIII-XIII ғасырлар аралығында бүкіл ислам әлемін қамтыған (батыста Испания мен Мароккодан шығыста Пәкістан мен түркі топырағына дейін) мәдени және интеллектуалды даму мен өркендеудің кезеңі болды. Біз қарастырып отырған әл-Фараби мен ибн Сина іспетті ғұламалардың дүние танымындағы философиялық, теологиялық көзқарастардың қалыптасуы осы кезеңнің жемісі еді.

Ерекше феномен бірнеше ғасырлар бойында өзіне антикалық өркениет пен басқа да ірі ағартушы мәдениеттерді сіңіріп, өздігінше саралай отыра монетеистік дүниетанымның жалпы жан-жақты жүйесін қалыптастырды.

Бұл құбылыстың іргетасы алып аймақтың, Солтүстік Африка мен Жақын және Орта Шығыс елдерінің өміріне үлкен өзгерістер әкелген ислам дінінің пайда болуымен тікелей байланысты. Ислам алғаш қанат жайған арабтар ортасы үшін, пұтқа табынушылықты алмастыратын бүтіндей жат әрі жаңа көзқарастағы ағым болды.Пұтқа табынушылар тайпа-тайпа болып, өз шыққан тектерін тотемдарына сай ұлықтап келсе, ислам ұлтшылдық пен нәсілшілдікті, рушылдықты жоққа шығарып, адамзаттың барлығын бір негізден тарайды деген өркениетті таным қалыптастырды. «Адамдар өз шыққан тегіне қарап емес, сеніміне қарай ерекшеленеді. Сенім өз кезегінде пұтқа табынушы-политеистеистік немесе монотеистік терең дүниетанымды болады. Ислам пайғамбарлық жолмен таралған барлық монотеистік діндерді мойындайды».

Бәдуиндердің пұтқа табынушы ортасы олардың көне эпостары мен поэзиясы арқылы белгілі. Намыс пен батылдық сияқты құндылықтарға негізделген дүниетаным, өмірдің мәнін ұғыну мен өлім сұрақтарына келгенде пенделік рефлекс аясындағы қорқыныш пен шарасыздық арқылы көрініс табады. Өлім шарасыз, өкінішті және сыр жасырған құпия құбылыс ретінде сипатталады. Ислам жалған өмір мен мәңгілік өмір және ғайыптық жаратушы мен жалған дүниедегі пенденің іс-әрекеттеріне деген жауапкершілік туралы жаңа түсініктер әкеледі.  

Араб түбегіндегі рулық-тайпалық идеология, пұтқа табынушылық наныммен болған күресте исламның жеңіске жетуі және алып аймаққа әмір жүргізуі монотеистік құндылықтарға негізделген жаңа әлеуметтік қоғам қалыптастырады.

Құранның алғашқы аяты اقْرَ оқы деп түседі. Осы негізде исламдық танымының ұдайы іздену мен ғылымға деген ұмтылысқа бағытталып, ислам мәдениеті өз қол астындағы халықтардың көптеген құндылықтары мен ерекшеліктерін сіңіріп алады. Дегенмен бұл үрдіс ислам ішіндегі жаңа ағымдардың пайда болуына да әкеледі. Көп жерде қарумен мойынсұнғандар дінге идеялық тұрғыдан наразылық көрсете бастайды.

Олардың қатарында зороастризм, гностицизм, діни философиялық мистиктер мен манихейстік идеялар тағы басқалары ерекше қылаң береді. Алғашқыда байлардың кедейлерді табалауы мен жекелеген әулеттердің басымдығына қарсы болған ислам діні, христиандыққа қарағанда әлеуметтік-саяси тұрғыдан мығым орнығады. Аз ғана уақытта басқарушы дінге айналған ислам өзінің құндылықтарына негізделген қоғамды идеологиялық, құрылымдық, реформалық тұрғыдан берік орнықтырады.

Ислам монетеистік дін болып қалыптасып, дүниетанымдық сұрақтарды қозғайтын кітап иесі ретінде, соның ішінде моральдық этикалық доктринасын орнықтырып, терең философиялық таныммен пікірлесе алуы тек қана араб түбегіне емес бүкіл әлемдік өркениетке өз септігін тигізді. Бұл рационалды ойлау мен ғылыми бағытқа бет бұрудың үлкен алғы шарты әрі пұтқа табынушылық қараңғылыққа сәуле шашқан үлкен құбылыс болды.

Араб халифатының құрамына енген ұлттар мен ұлыстар жаулап алушы тараппен ассимиляцияға ұшырап, мұсылман мәдениетін қалыптастыруда белсенді рөл атқарды. Шығыс елдерінің дәстүрлері мен антика дәуірінің жәдігерлері тоғыса отырып, үлкен өркениеттің құрамдас бөлігіне айналады. Европадағы латын тілінің салыстырмалы сипатында халифат аясында ғылыми, діни, әдеби шығармашылық араб тілінде өрісін кеңге жаяды. Мұсылман ғылымы мен мәдениеті әлемдік маңызға ие бола отыра, еуропа мәдениеті мен ғылыми-философиялық санасына әсер ете бастайды.

750 жылы орта ғасырлық араб мемлекетінде саяси және мәдени тұрғыдан үлкен өзгеріс орын алады. Ғасырға жуық үстемдік еткен Омейялардың орнына билік басына Аббастықтар (Мұхаммед пайғамбардың ағасы Аббастың ұрпақтары) келеді. Аббастықтар халифатты 750 мен 1258 жылдар аралығында басқарады. Бұл аралықта арабтардың үстемдігі әлсіреп, қатардағы ұлттармен тең дәрежеге түседі. Бодан ұлттардың өкілдері жауапты қызметтерге келіп, уәзірлер мен қолбасшылар, түрлі саладағы шенді қызметтерге тағайындалады. Әл-Мансұр халифтың кезеңінде зиялы қауымның жартысына жуығы түркі және парсы ұлттарының өкілдерінен құралған болатын. Әл-Мансұрдың ең үлкен жаңалығы империяның астанасын Тигрде қайта салынған Бағдат қаласына көшіруі. Бұл өзгеріс мұсылман реннесансының ең ірі алғы шарты ретінде танылады. Әлеуметтік-мәдени қатынастардың жан-жақты ауқымдануы бәдәуилік негізді жойып, ортақ мұсылмандық түсінікті қалыптастырады. Көне мәдени дәстүрлері бар көптеген ұлттардың ұштасуы, қалалардың өркендеуі мен сауда-саттық жолдарының реттелуі халифаттың мәдени өркендеуі мен ғылымның дамуына әкеледі. Бағдат халифат кеңістігіндегі ең ірі қала, маңызды сауда орталығы және мешіттер мен сарайлар, кітапханалар мен оқу орындары орналасқан мәдени астанаға айналады. Бағдаттың қалалық мәдениеті жүйелі түрде даму жолына қойылды. Тіпті тұрғын аудандары діни сенімдерге байланысты қоныстандырылады. Сүнниттер мен шеиттер және христиандардың тұратын өз мөлтек аудандары арқылы үлкен қалалар әр түрлі этникалық, діни және әлеуметтік топтардың тоғысқан ортасы болады.

2020_03_18_al-farabi.jpg


Теңіз жолдары арқылы орныққан қатынастар мұсылмандардың дүниетанымын одан әрі кеңейтіп сан қилы мәдениеттермен таныстыруын жалғастырады. Діни және этникалық түрлілік Аббастық билеушілер тарапынан белгілі діни төзімділік немесе толеранттылық танытуды қажет етті. Олардың арасында мұсылмандардан бөлек түрлі христиандық ағымдар, яһудилер, зорасторлар және тағы басқа сенім иелері болды. Өз кезегінде бұл діни төзімділік ғылымның дамуы мен исламның өз ішіндегі пікір таластар мұсылмандық заңдармен(фикх) философияның, логиканың дамуына жол ашты. Діни білім мен фикх сабақтары негізінен мешіттерде жүргізілген болатын. Діни сұрақтарды талқылау барысында туындайтын пікір таластар арнайы діни оқу орындары медреселердің ашылуына алғы шарт туғызды. Оқытушының дәрістерін тыңдап болған соң, шәкірттер өз ұстаздарынан «ижаза» (біліктілік куәлігін) алатын болған. Сол себепті мұсылман студенттер, білім ізденуші шәкірттер білімді тұлға атанып, белді жерлерде қызмет атқару мақсатында ұстаздан ұстазға көшіп «ижазалар» жинайтын болған.

Бағдаттан бөлек халифаттың ғылыми орталықтары ретінде Александрия, Гундишапур, Харран, Куфа, Басра сынды қалалар болған. Мұсылман ғылымының дамуына осы қалаларда қызмет еткен аудармашылардың кең ауқымды және прагматикалық жұмыстары септігін тигізді. Олар халифаттың ғылыми ортасын Архимед, Птолемей, Аристотель, Платон сынды ғалымдардың философия, астрономия, медицина және тағы басқа салалардағы еңбектерімен таныстырды. Бұл туралы әл-Фараби: «қазіргі кезде араб мемлекеті грек және рим қалалары және солар мен көрші жатқан елдерден бөлек барлық өркениетті елдерді қамтиды. Дегенмен ол елдер бізге көрші орналасқан сондықтан біз олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттей аламыз. Көптеген гректер мен румилер(византиялықтар) араб мемлекетіне көшіп келуде. Олар өз елдері жайлы бізге көп баяндайды» дейді.

Халифаттың Дамаск, Басра, Алеппо, Каир сынды ірі қалалары сауда мен мәдениеттің ғана емес, кітапханалар мен оқу орындарының орталықтарына айналды. Олар ғылыми және философиялық білімнің таратушысы ғана емес, орта ғасырлық араб мәдениеті қала мәдениетіне негізделгендіктен сақтаушысы да болды. Тәржіма жасауда маңызды роль атқарған Бағдат қаласында орналасқан Даналық үйі (Байт аль-хикма) болып есептелді. Бұл нысанның басты мақсаты грек тіліндегі ғылыми әдебиеттерді тәржімалау. Даналық үйінің құрамында көшірме дайындаушылар мен қолжазбаларды әзірлеушілер қызмет атқарған. Даналық үйі атқарған тәржімалық жұмыс орта ғасырлардағы еуропаға қарағанда тек қажет етілген бағыттар бойынша жүргізіліп, ғылым мен философиядан тыс болып есептелетін салаларды қарастырмады. Арабтарға Сократқа дейінгі философтар мен софисттердің, стоиктердің, эпикурейлер мен скептиктердің философиялық көзқарастары да таныс болды.

Ортодоксальды мұсылман идеологиясы грек әдебиетінің пұтқа табынушылық тұстарымен мүлде келісе алмады. Оларды бірінші кезекте астрология, медецина, философия сынды салалар қызықтырды. Исламның өз ішіндегі идеялық бағыттар мен түрлі секталар саяси және діни пікір таластағы құдіретті қару ретінде философия мен логикаға үлкен мән берді. Аударма еңбектері араб ғалымдары мен ойшылдарына антика әдебиетімен танысуға ғана емес, сонымен қатар шығармалардағы күрделі әрі түсініксіз тұстарына түсіндірме тәпсір жасап, жаратылыстану мен философиялық мәселелерге байланысты өз еңбектерін жазуға жол ашты. Сириялық аудармашылар мен әл-Киндиден бастап, араб тілді мәдениеттің философиялық терминологиясы мен лексикасы қалыптасты. Араб тіліндегі Аристотель терминологиясын қалыптастыруда әл-Фараби аударма тіліндегі мағыналас сөздерді түрлендіру арқылы жұмыс атқарған. Әл-Фараби еңбектерін тәржімалаушы Б.Я. Ошерович «Фараби шет тілдерден енген сөздерден бас тартып, аудармашылар еңбектеріндегі сәтсіз жерлерін жинақтап, көптеген неологизмдер еңгізген. Бұл терминологиялар әл-Киндиде кездеспесе де кейінгі толқын философтарының еңбектерінде кездеседі. Әл-Фарабидың психология, метафизика және әлеуметтік утопияға байланысты термиологиялары әлі күнге дейін сақталған».

ac-image-MX16344559132I (1).jpeg


Білімді таратуды кітапханалардың үлкен үлесі болды. Әр мешіттің қабырғасында жеке кітапханалар орналасқан. Мешітке кітап қалдыру сауапты істерден болып, кітапханалық мәдениеттін орнығуына түрткі болды. Бағдатта орналасқан халифат аумағындағы ең үлкен кітапхананың қоры он мыңға жуық қолжазба мен кітаптарды қамтыған. Кейінірек осындай сипаттағы кітапхана Каир қаласындағы әл-Азхар мешітінің жанынан ашылады. Кітапхана аясында жұма сайын пікір-таластар жүргізілетін рухани клуб сипатындағы жиындар өткізіліп тұрған. Бұл қазіргі уақытқа дейін жұмыс атқарып келе жатқан ислам әлеміндегі философия мен теологияны зерттеуші ірі жоғарғы оқу орыны әл-Азхар университетінің қалыптасуына әкеледі.

Хaлифaттaғы pухaни өміpдің дaмуынa cол дәуіpдің тұpмыcынa caй кeлeтін тұpғындapдың caуaттылық дeңгeйі мeн кітaп мәдeниeтінің дaмуы дa көп әcepeтті. Жоғapыдa apaбтap жaулaп aлғaн eлдepдің мәдeни дaмудың жоғapы caтыcындa тұpғaндығы aтaлып өтті, жaулaп aлушылapдың игі ықпaлы бaғынғaн хaлықтapдың мәдeни дәcтүpлepін жойып жібepмeй, жоғapы өpкeниeттілікті қaлыптacтыpып, олapды өздepінің тapихи қозғaлыcының қaжeттілігінe икeмдeп, дaмытa aлуындa болды.

«Бұл өpкeниeт өкілдepінің мәдeни дeңгeйі олapдың кітaпқa дeгeн cүйіcпeншілігінeн көpінeді», – дeйді. Хaмиp әл-Хaкім II біp қолжaзбaны мың динapғa caтып aлған, аpaбтap Визaнтиялықтapмeн олapдaн гpeк қолжaзбaлapының біp дaнacын aлып тұpaтындығы туpaлы кeліcімгe кeлeді». Хaлифaт тeppитоpияcындa білім бepу мeн мәдeни мұpaны тacымaлдaудың жaқcы дaмығaн жүйecі қaлыптacты. Оның нeгізгі мaқcaты – энциклопeдиялық жaғынaн білімді aдaмды тәpбиeлeу. Білім мeн әpeкeттің, яғни өміpдe білім нeгізіндe әpeкeт eтугe қaбілeттілік apaб-мұcылмaн әлeміндeгі aдaм мeн қоғaм құpмeтінің нaғыз өлшeмі болды. Cондықтaн білім, оқу мeн үйpeтудің нәтижecі peтіндe, оның бapлық қыpлapын үйpeту peтіндe түcінілді. Өткeннің мәдeни мұpacы мeн қaзіpгі білімді қaбылдaудың мaңызды ошaқтapы мeдpeceлep, кітапханалар, ғылым үйлepі, дaнaлық үйлepі жәнe тағы басқалары болды, олapдa мұcылмaн тeологияcы жәнe мұcылмaн құқығымeн қaтap әpтүpлі зaйыpлы ғылым caлaлapы оқытылды. Антологиялap мeн моногpaфиялap білім іздeгeндep үшін тaнымның кәуcap бұлaқтapы, қоғaмдaғы білім мeн мәpтeбeнің шынaйы қоpынa aйнaлды. Білім бepу үдepіcінің өpіcтeп дaмуынa pecми дүниeтaным cипaтын қaбылдaғaн иcлaмның зaйыpлы білімді тepіcкe шығapмaуы зоp ықпaл eтті. Ғылымдap caлacындa зepттeугe тиым caлынбaды. Иcлaм бойыншa Aллa бapлығын білeтін дaнышпaн, cондықтaн оcы мaғынaдa Aллaғa ұқcaуғa ұмтылу идеясы нығaя түcті, тepeң білім aлу діни тaлaпқa aйнaлды. Cондықтaн білім aлу тұлғaның aдaмгepшілік пeн pухaни дaмуының құpaлынa aйнaлды. Энциклопeдизм cол дәуіpдің тeк білім бepу үдepіcінe ғaнa eмec, ғылыми тaнымғa дa тән болды. Ғaлымдap мeн ойшылдap білімнің әpтүpлі caлaлapынa: caяcaт пeн құқыққa, этикa мeн экономикaғa, тeология мeн филоcофияғa, әдeбиeт пeн поэзияғa, музыкa мeн жapaтылыcтaну ғылымдapынa, тapих пeн тeхникaғa, гeогpaфия мeн коcмогонияғa нaзap aудapды. Ибн Cинa филоcоф, дәpігep жәнe caяcaткep болca, Ибн Туфeйль мeн Ибн Pушд филоcоф, мaтeмaтик, әpі acтpоном болды, cоңғыcы cонымeн қaтap бeлгілі құқықтaнушы-зaңгep дeсeді.

Орта ғасыр философ ғалымдары ғылымның классификациялануына баса назар аударады. Олар ғылымды екі бағытқа бөліп қарастырды. Бұл араб мұсылман әлеміндегі философиялық және теологиялық бағыттардың көзқарастарымен ұштасады. Алдымен араб ғылымдары яғни исламның салалық бағыттарына байланысты (құран,хадис және фикх) сонымен қатар тіл білімі. Екінші бағыт мұсылмандардың басқа халықтармен байланыстарының нәтижесінде келген «жат жерлік (кірме) ғылымдар». Әл-Фараби өзінің философ «Ғылымдар классификациясы» («ихса ал-'улум») еңбегінде Аристотельдің ізімен тіл білімі, логика, математика, метафизика, саясат, заңнама және теологияны атап өтеді». Бұл салалық іріктеуді одан әрі ибн Халдун толықтырады. Өзінің «Кіріспе» («Муқаддима») еңбегінде ол дәстүрлі араб ғылымдарына құран,хадис, фикхтан бөлек теологияны(калам) және сопылық ілімін жатқызады.

Орта ғасырлардан бастап, тек араб-мұсылман әлемінде ғана емес Еуропаға танымал болған Ибн Синаның «Шипагерлік қағидалары» («әл-Канун фи-т-тибб») кең сұранысқа ие болды. Жалпылай алғанда ғылымның дәуір қажеттіліктеріне сай астрономия, математика, география және тарихи, әдеби салалар бойынша еңбектер жазылып, ғылыми тұжырымдар анықталды.  

Еуропада философия «діннің қызметшісі» функциясын атқарып, шіркеудің діни доктринасына мойынсұнуға мәжбүр болып жатқанда араб халифатының шығысында философия кең ауқымды сұрақтарға жауап іздейдін ғылымдардың ғылымы деген атқа лайық болды. Сол уақытта мұсылман әлеміндегі философ ғалымның тұлғасы терең білімді, тылсым әлемнен хабары бар, кемел деңгейдегі ғұламамен пара-пар еді. Қоғамда қазіргі фрилансерлердің мысалында, абройлы тұлғалардың кеңешісі, балаларының ұстазы болған философтар қоғамның әлеуметтік, саяси мәселелерге байланысты еркін ой толғай алды. Дегенмен дәстүрлі сүнниттік ислам әр уақытта философиялық ойларға үлкен күдікпен және сенімсіздікпен қарайтын. Құранның аяттары мен хадистерді сол қалпында түсініп, бүгінгі күнмен байланыстырып тәпсірлеуге қарсы болған салафилер, әсіресе ханбалилер дінді ақыл мен логика тұрғысынан түсіндіруге тырысқан мұсылман теолог ғалымдары- мутакаллимдерге, бұл бағытқа бастама берген мухтазалилерге үлкен өшпенділікпен қарады. Грек философиясын қабылдау, ортақ ғылыми ортаға енгізу оңай іске асқан жоқ. Ислам ғылымдарының басындағы Мұхаммед пайғамбардың тұлғасы сияқты араб ғалымдары антикалық философияның басында Аристотельді көрді. Аристотельден кейінгі философиялық еңбектердің барлығын неоплатониктерді де оның еңбектеріне түсіндірме және одан әрі тарқатушылар ретінде таныды. Жалпы грек ғұламаларымен танысу перепатетиктер мен неоплатондықтардың түсіндірме еңбектері арқылы белгілі болды. А.Афродизий, Фемистий, Прокл,Сириан, Симплиций, И.Филопон және тағы басқа араб-мұсылман философтарына бірінші кезекте Александр Афродизийский ықпал етеді. Ол Аристотельдің жаратылыс ғылымдарына қызығушылық таныта отыра, «әмбебап» («ортақ түсініктер») жекелеген бір қатар заттардың мәні және ол адам санасында ғана болады деп түйеді (номинализм). Олар «затқа» дейін болмайды және олардан да шықпайды. Әрбір жекелеген зат жан мен материяның байланысы. Жан мәңгі және өзгермейді. Александр Афродизийскийдің еңбектері Аристотельдің жан және «жоғарғы сана» туралы ілімдерімен жақын таныстырады. Фемистий кейінгі перепатетиктер сияқты Аристотельдің этикасына қызығушылық танытып, логика мен физиканы қосымша ғылымдар ретінде көрсетеді. Араб ғалымдары сонымен қатар ірі көне грек философы Проколдың еңбектерін, Проколдың пұтқа табынушылық философиясына қарсы трактат жазған Иоанн Филопонның шығармаларын жіті қарастырған. Иоанн Филопон Аристотельдің ілімі мен христиандық танымды біріктіруге тырысады. Бұл формат Арситотель ілімі мен ислам дінің байланыстыруға тырысқан орта ғасыр араб-мұсылман философтарында байқалатын тенденция. Араб-мұсылман философтары Грек философиясын бір негізден деп қарастырса да, өздерінің тарапынан белгілі бір деңгейде қарсылық білдіре отыра, кейбір тақырыптарға басымдық беріп, сұрыптау жүргізіп отырған. Грек философиялық танымынан әлем туралы таным, эманация теориясы, жан мен сана түсінігі, адам мен адам білімі, грек философиясының күрделі терминологиясын меңгеріп, араб-мұсылман философтары эллинистік ғалымдардың грек философияндағы даналығы ойларын мұсылмандық синтезден өткізіп түрлендіруді көздеді. Әйгілі шипагер, ойшыл Галеннің медецинаның философиялық негізден тұруы тиіс, шипагер сонымен қатар философ болуы керек деген көзқарастары араб-мұсылман ғалымдарына жақын болды. Бұған дәлел кейіннен Галеннің еңбектері еуропада араб тілінде таралады. Гален логика, физика және метафизикада Аристотельдің жолын ұстанады. Дегенмен кей бағыттары стоикттерге жақын. Дана адам дүниеден және құмарлық пен сауықтардан бас тартып, өзін ақылына бағындырып өмір сүруі тиіс деген тұстары сопылық танымдағы зухд түсінігіне жақын. Белгілі араб ғалымы әл-Кифти Галенді философияның және ғылыми ізденіс пен жүйелеудің білгірі ретінде сипаттайды.

Бәлкім Галеннің «позитивті шынайылықты» қарастырғаның білген араб-мұсылман философтары мен теологтары ғалам бөліктері мен дене мүшелерінің үйлесімдігін құдайдың көрегендігінің куәсі деп таныған болса керек. Танымал мұсылман теологы Фахрудин ар-Рази Құранға тәпсір жасау барысында ғаламдағы барлық нәрсенің байланысын баяндаған Галенге сілтеме жасайды. Ибн әл-Кифти грек философиясының жеті бағытын баяндайды. Солардың ішіндегі бастылары: Пифагорлық және Платон мен Аристотель бағыты. Осылай Платон мен Аристотель, перепатетиктер мен неоплатониктер бір бағыттың өкілдері ретінде сипатталады. Барлық көне философтар оның ішінде жоғарыда атап өтілгендер мен қатар көне мысырлықтар, сабилер, Фалес және жаңа философтар Сократ пен Платон осы бағытта көрсетіледі. Ибн әл-Кифтидың ойынша Платон «ақылмен танылатын шынайылыққа» келгенде, Сократ «кемел мемлекеттің құрылымына» келгенде өздерінің алдындағы барлық философтардан асып түскенін айтады.

Философияның шыңы ретінде, оның ауқымды бағыттарын қамтыған, Платонның шәкірті Аристотель болып саналады. Аристотель ғалам мен оған адам болмысының қатынасын танып, адамды өзінің білімі мен қайырымына сүйене отырып өзінің болмыс мәнің ұғынуға ұмтылған жалпының бөлшегі ретінде таныды.

Мұсылман теологтары Аристотельдің метафизикасы мен «жаратылыстың алғашқы себебі» теорияларын өз доктриналарының дәлелі ретінде таныды. Аристотельдің логикасын пікір-талас барысындағы құрал ретінде қолданды. Аристотельдің философиясы метафизиканы әсіресе исламның ортағасырлық ғалымдарынның назарында болған құдайдың, әлем мен адамның болмысы мәселелерін кеңінен қарастыруға мүмкіндік берді. Ислам философтарының ой өрісі Мұхаммед пайғамбар әкелген монетеистік шеңберде дамыды. Бұл араб-мұсылман ортағасырының рухани-интеллектуалдығы мен жан-жақты дамуына ұйытқы бола білді.   Аристотель ашқан логикалық заңдылықтар, силлогистика сол дәуірде өзекті болған пікір таластар кезінде тараптардың көзқарастарын анық жеткізіп, қарама-қарсы жақтардың тұжырымдарын жоққа шығаруға және жалпы ислам философиясының рационалды жақтарын жетілдіруге өз үлесін тигізді. Фәлсафа өкілдері мен мутакаллимдер логиканы жетік меңгеріп, ақиқатқа жету жолында толыққанды пайдалануға тырысты.      

Ортағасырлық араб-мұсылман философтары тек Аристотель шығармаларын таратушы, грек философиясының жанкүйерлері болған жоқ. Олар антика философиясын игеру барысында оны жаңа бағыт ретінде емес, өздерінің ортасында өзекті болған мәселелерді шешу үшін немесе одан әрі жетілдіру үшін қолданылатын құрал ретінде көрді. Әл-Фараби мен Ибн Синаның және басқа да мұсылман ойшылдарының мұрасын зерттеуде араб-мұсылман ортағасырының өз негізінде өркендегенін мойындай қоймайтын европа-центристтік көзқарас теріс пікір қалыптасуына ықпал еткен болатын.

Әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд, Ибн Туфейл, шығармаларына терең бойлау барысында мұсылмиан ортағасырында туындаған рухани және тарихи-мәдени мәселелерді шешуге күш салғаны байқалады. Демек бұл ғалымдар грек философияның артынан емес, өз қоғамдарында туындаған кемшіліктерді түзетіп, кемелдендіру үшін ұмтылыс білдірді. Бұл кең бағытта ойлану мен антикалық философтардың ой тұжырымдарын пайдалануға түрткі болды.

 

                                                                              (жалғасы бар...)

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?