«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

1901 жылы Павлодар қандай болды. 1-бөлім

497
1901 жылы Павлодар қандай болды. 1-бөлім

«Ертістің жүйрік толқыны бар екпінімен жағаға келіп соғатын сол бір жерде, биік құмды оң жағалауда кең-байтақ далада уездік қала, Павлодар қанат жайған. Үйлердің шатырлары мен Павлодар шіркеулерінің крестері алыстан көзге түседі. Алыстан бұл қала құмды даладағы оазистей көрінеді. Жолда тек шағын казак станицалары кездесетін Семей пошта жолымен жүздеген верст жол жүріп, шаршап келе жатқан жолаушы Павлодарға қуана-қуана кіреді». Өткен ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1901 жылы орыс саяхатшылары қазіргі Павлодар облысының әкімшілік орталығы болып саналатын қаланы дәл осылай сипаттаған. Qazaqstan Tarihy порталы 1901 жылы аты аталмаған саяхатшының жолжазбада қалдырған сипаттамасына сүйене отырып, уездік қала мәртебесіне ие болғаннан кейінгі алғашқы қырық жылда Павлодардың қалай өзгергені туралы баяндайды.

Омбыдан Павлодарға дейінгі пошта жолы, біресе жақындап, біресе алшақтап Ертіс өзенінің оң жағалауын бойлай жүреді. Сол жақта, трактіге қарай, ұсақ өсімдіктер көмкерген бірсарынды дала созылып жатса, оң жақта - лай толқынын солтүстікке Мұзды мұхитқа қарай айдаған ауан Ертіс жатыр. Дегенмен де, келушілер қала маңының табиғатын жабырқаңқы және бірсарынды дескен:

«Только там, где местность образует из себя луговины, покрытые высокой и густой травой, там лишь глаз путника несколько отдыхает, изредка любуясь попадающимися здесь живописными местами. Но и это бывает лишь ранним летом, когда палящее солнце еще не успеет своими жаркими лучами выжечь и спалить здесь зеленую, местами роскошную для этих мест, растительность. В общем же турист, непривыкший к степи, все время езды по этому тракту чувствует невольно какое-то замирающее одиночество» 

Омбыдан Павлодарға пароходпен келе жатқан жолаушының әсері мүлдем басқа болған. Олар үшін мұнда мүлдем басқа көріністер ашылған:  

«Высокий правый, почти сплошь песчаный берег Иртыша совсем скрывает от него степь, а левый низкий берег то и дело открывает роскошные луга, покрытые пышной растительностью. Извилистый Иртыш то и дело делает зигзаги: то, круто изгибаясь, он как бы поворачивает назад, то, выпрямившись, точно струна, ровно и прямо несет он свои быстрые воды; то, как бы с разбегу, ударяясь в высокий берег, он, отскакивая назад, забегает куда-то далеко в сторону, чтоб снова принять свое прежнее направление. Там Иртыш обогнул казачью станицу, показав лишь верхушки ее строений, а здесь, широко разливаясь, набросал несколько причудливых, покрытых зеленью, островов; там он, точно подкопавшись, изрыл высокий песчаный берег, а здесь, в самой средине своего течения, протянул для чего-то длинную косу - песчаную мель. Быстрый и проворный, он точно удержу не знает, где хочет там и катит свой воды, из года в год меняя местами свое прежнее русло»  

Міне, жолаушы пароходпен Павлодарға жақындап келді. Өзеннен қала мүлде көрінбейді. Биік жағалау қаланы жасырып тұрды, тек Усолканың бойындағы боялған үйлер ғана бұл жерде қаланың бар екенін көрсетіп тұр. Улап-шулап пароход жағаға келіп тірелді. Жағада түрлі пароход, баржа, сал, қайықтар тізіліп тұр. Жағада ығы-жығы халық. Барлық жерде қазақтардың түрлі-түсті шапандары мен малақайларын байқайсың. Барлық жерде орыс тілімен қоса қазақ тілі де естіледі.

Бірқатар сынақтардан өтіп, матростар мен бірге жүк тиеушілерден кейін ұзыннан-ұзақ тізілген баржалардың қатарынан өтіп, саяхатшы, әйтеуір, жағаға да шықты. шыққаны сол еді оны кіреші қазақтар қоршап алды: «Сіз бағаны сұрайсыз; сіздің Павлодарға алғаш келгеніңізді білсе, әдеттегідей, бағаны «сындырады», әдетте, он тиын, тіпті болмаса бес тиын төлейтін жерге, жаңа келген сіз, 30-40 тиын төлейсіз».

Сөйтіп, жолаушы қалаға да кірді. Қаланың дәл орасында оның ұзына бойына бір көше созылып жатыр. «телеграфная» деп аталатын ол басты көше. Осы көшеде орналасқан телеграф сымдарының көптігін және пошта-телеграф кеңсесінің орналасқанын ескерсек, көше атауы өзіне әбден сәйкес келеді.

Автор қаладағы жалғыз жақсы көше деп осы көшені атайды. Қаладағы ең жақсы ғимараттар да, мемлекеттік мекемелер де осы көшеде орналасқан. Осы көшенің дәл ортасында үлкен базар алаңы болды, кейбір жерлерде қала үшін әбден лайықты дүкендер мен шағын ләпкелер тұрды. Қалған қала көшелері, айта кету керек, өте аз болды, және аса назар аударта қоймады. Қалада жақсы ғимарат аз, әсіресе, кедей-кепшік тұратын шет жақтарда. Бұл жақта тіпті жеркепелерді де көруге болады. Шатыры жоқ үйлер қаланың ортасында да кездеседі. Шатыры жоқ бір қабатты тас үйлер де кездеседі.

Жалпы, ағаштың жетіспеушілігі барлық жерде көрінеді. Көк желек те жоқтың қасы деуге болады. Қаланың шеткі көшелерінде құм тау болып үйіліп жатты, әсіресе, жағаға жақын көшеде.

Павлодарда, жолаушының хабарлауынша, қандай да бір байлығымен, көз тартар әсемдігімен ерекшеленбейтін үш шіркеу болған. Олардың бірі базарда, екіншісі – Троицк көшесінде, үшіншісі – молалық. Үшіншісі сол кезде енді салынып жатқан. Мешіттерге келер болсақ, қалада бір ғана мешіт болған.

Сондай-ақ қалада ағайынды Каменскийлердің бірнеше көлік кеңселері мен «Россия» және «Надежда» сақтандыру компаниялары болған. Сонымен қатар, дәріхана, қабылдау бөлімі және қазақтар ықыласпен баратын қазақ ауруханасы, қоғамдық кітапхана, мұражай және қоғамдық жиналыс болған. Оқу орындарының ішінде қалада қалалық ерлер үш сыныптық училищесі, ерлер ауылшаруашылық мектебі және қалалық әйелдер приход мектебі болды. Сонымен қатар қазақтар мен татарлардың жекеменшік мектептері болған.

Жалпы, Павлодар соншалықты кедей қала емес еді. Солардың ішінде Семейде де дүкендері болған, жергілікті бай миллионер, алтын өндіруші және Павлодар қаласының Құрметті азаматы Артемий Иванович Деровтың дүкенін атап өтуге болады. Сонымен қатар, Суриковтың шарап-бакалея және мануфактура дүкенін, Галкин, Зайцев, Антыкин және басқалардың дүкендерін айтуға болады. Бұл дүкендерге арналған тауарлар әдетте қыста құрлық жолымен немесе жазда пароходтармен жеткізілді. Тауарлар Нижний Новгород немесе Ирбит жәрмеңкесінде сатып алынды, кейде Омбы, Мәскеу және басқа қалалардан тапсырыспен алғызылды. Әкелінген тауарлар (мануфактура), әсіресе көп күттіріп жеткен сәнді дүниелерді жергілікті халық тез арада сатып әкететін. Кейде Павлодарда киім мен аяқ киім тұр ғой, қарапайым заттың өзін таппай қалуға болатын.

Павлодарда небәрі бір ғана қонақ үй болды, оның өзі жуырда салынған және қарапайым талаптардың өзіне сай келмегеннен кейін аса зор сұранысқа да ие емес. Қалаға келушілердің көбі көбінесе ат-көлікпен тоқтауға болатын постоялый дворларға тоқтайтын. Пәтер қалада аз болды.

Павлодар шағын қала болғанымен, ондағы өмір деңгейін арзан деп айтуға болмайтын. Еттен басқа азық-түліктің бағасы қымбат болатын. Пәтерлер де қымбат тұрды.

Әкімшілік тұрғыдан қала екіге бөлінді: жуырда құрылған қаланың өзі, және тек казактар ғана тұрған казак станицасын. Қаланың бұл бөлігі, осы өлке бағындырылғаннан бастап болған ең көне бөлік болды. Бұл жерде казак станица басқармасы, станицаның казак басшылығы орналасты және станица атаманының өзі де осы жерде тұрды.

Қала мен уезд басқармасының басында уезд бастығы мен оның көмекшісі тұрды. Уезд бастығының кеңсесі қаланың дәл ортасында орналасты, оған көршілес уездік полиция басқармасы орналасты. Полиция казактардан тұрды. Қала негізінен тыныш болғандықтан, полиция көп болған жоқ, істейтін жұмысы да аз болды. Ұрлық және басқа да қылмыстар мұнда сирек болатын. Соңғы уақытта Павлодардан 40 шақырым жерде орналасқан Воскресенск темір жолы құрылысының басталуымен қалада ұрлық жиі бола бастады, оны жасайтындар негізінен теміржол мен көмір шахталарының жұмысшылары.

 

Автор: Аян Аден