«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Шетел мұрағаттарының материалдары бойынша

1401
Шетел мұрағаттарының материалдары бойынша

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы Жарлығынан кейін әртүрлі елдердің мұрағаттарында сақталған мұрағат материалдарының өзектілігі күрт өсті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған Qazaqstan Tarihy порталымен Саяси қуғын-сүргін мәселесі бойынша соғыс, революция және бейбітшілік жөніндегі Гувер институты және Саяси қуғын-сүргін мәселелері бойынша Нидерланды Корольдігінің әлеуметтік тарихының корольдік мұрағаты сияқты шетелдік мұрағаттардағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

2004 жылы республикалық мұрағаттың гранты бойынша ғалым Саяси қуғын-сүргін мәселесі бойынша соғыс, революция және бейбітшілік жөніндегі Гувер мұрағатында жұмыс істей алды. Ұйым ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізетіндіктен, бұл мұрағатты «Институт» деп те айтады. Онда КСРО-дағы, соның ішінде Қазақстандағы қуғын-сүргін тарихы бойынша құжаттар табылды. Біз тапқан құжаттар баспасөз беттерінде жарияланып, кейін «Қызыл және қара» кітабына енді (Алматы, 2005 ж.).

2013 және 2014 жылдары большевизм тарихы бойынша, әсіресе 1917 жылға дейінгі тарихы бойынша өте көп материал сақталған Голландия әлеуметтік тарихының корольдік мұрағатында екі ай бойы іздеу жұмыстары жүргізілді. Олар кезінде Адольф Гитлер билік басына келгенде Германиядан осында жөнелтілген болатын. Табылған материалдар түрлі басылымдарда жарық көрді.

***

Революцияға дейінгі большевизм тарихы туралы көптеген материалдар Голландия Корольдігінің (Нидерланды) мұрағаттарында шоғырланғанын тарихшылардың барлығы бірдей біле бермейді. Әрине, Қазақстан бойынша да, революцияға дейінгі кезең бойынша да, XX ғасырдың 30-50 жылдары бойынша да көптеген материалдар бар. Олардың барлығы, көптеген басқа еуропалық мұрағаттардағыдай, әртүрлі қорларға шашырап кеткен. Оларды Ресей империясы, КСРО, ҚХР, Орталық Азия жылнамаларынан іздеу керек. Оларды тіпті Үндістан, Пәкістан, Түркия және т. б. қорлардан кездейсоқ табуға болады.

Мұрағат қызметкерлері, ал мұрағаттар осы институттың қорларында сақталады, өте жақсы қарсы алады. Teun Elli, Mikka ақпарат алудың жаңа ұйымдастырылуымен таныстырады. Өкінішке орай, 2014 жылы Vileika зейнетке шығып, жұмыстан кетіпті. Мені шақырған профессор Тurag Atabaki Канадада тұрады.

Басқа да көптеген Еуропа елдеріндегідей, мамандар өте биязы, сыпайы. Олар істің мән-жайымен жылдам таныстырып, материалды табуға көмектеседі. Зерттеулер «Сталиндік тоталитаризмнің қалыптасуы және нығаюы» бағдарламасы бойынша жүргізіледі және архив материалдарын, кітаптарды, құжаттарды, микрофильмдерді және т. б. іздеуден тұрады.

Дмитрий Жуков өзінің «Ключ к трем столицам» еңбегінде Василий Витальевич Шульгиннің өмірі мен қызметін егжей-тегжейлі саралайды (Бұл жерде әңгіме Ресей империясының соңғы патшасы Романовтың тақтан бас тартын қабылдаған В. В. Шульгин туралы). Автор В. Шульгиннің өзіне сілтеме жасай отырып, 20-шы жылдардың басында большевиктер партиясының көрнекті жетекшілерінің бірі – Воровскийдің Швейцария банкіндегі шотта 15 миллион доллары болғанын жазады. Л.Троцкийдің, Г.Зиновьевтің, Ф.Дзержинскийдің, Л.Красиннің де қомақты қаржылары сол жерде сақталған.

Осы жерде мынадай да мәлімет келтіріледі: Зиновьев-Апфельбаум өзінің қызметкері Аделаиде Ганзенге құны 250 мың алтын рубль тұратын інжу алқа сыйлаған. Карл Радек-Собельман 1922 жылы Египет пен Түркияда КСРО жетістіктерін насихаттау үшін 3 миллион алтын рубль жұмсаған. Сонымен қатар миллион франкке өндірістік акциялар сатып алған. Каменев-Розенфельдтің 15 және 20 бөлмелік екі жекежайы (особняк) болған, онда туыстарын тұрғызған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Алайда В.Шульгин большевиктерге қарсы күштердің өте жарқын өкілі болғандықтан, оның хабарламалары жалған болып шығуы мүмкін. Ол асыра сілтеп жіберуі де мүмкін. Егер осының бәрі рас болса, 1921-1922 жылдары КСРО-да миллиондаған адам аштықтан қырылған кезеңде большевиктердің басшылары осындай бақуатты өмір сүрген екен. Түрлі мәліметтер бойынша, КСРО-ның еуропалық бөлігінде ғана 6 миллион адам аштықтан қайтыс болған. Басқа өлкелер бойынша мәліметтер жоқ, бірақ Қазақстанда да аштықтан қаза болғандар көп болған сияқты. Бұл жерде сөз 30-шы жылдардағы емес, 1920-1921 жылдардағы аштық жайлы.

1920 году Л.Троцкий «Терроризм және коммунизм» (1920) мақаласында: «Қызыл террор, өлгісі келмейтін, бірақ ажалға басы тігілген тапқа қарсы қолданылатын қару»,- деп тура жазады. Ешқандай логикаға сыймайтын «әлемдік пролетариат көсемдерінің» осындай қорқынышты сөздері бұйрықтар мен мемлекеттік қаулыларға негіз болып жатты. Олар сонымен бірге «экономикалық мақсаттарға жету үшін» мемлекеттік қуғын-сүргінді «социалистік диктатураның» қажеттілігі, құралы ретінде негіздеді.

Сол мұрағаттан мен «большевиктік орталықтың» тарихы туралы құжаттарды таптым. Оларды Б.И. Николаевский жинақтаған. Большевиктер партиясының өкілдері Г. А. Алексинский мен Миха Цхакая 1908 жылдың шілдесінде В.И. Ленинге Т. Доровтың «фракциошылдығы» туралы жазады. Н.Б. Миликовская: «Григорий (Зиновьев) шаңқылдаған, есірек дауыспен өте бір нашар нәрселерді айғайлап жатты. Өте жиіркенішті болды», деп хабарлайды Г.А.Алексинскийге.

Құжаттың 9-шы бетінде құпия хаттама (тек партия мүшелері үшін) да сақталған. А. Сергеевтің (Саша Лбовец) атынан «Большевиктік орталыққа» («Пролетарийдің» кеңейтілген редакциясы) ашық хатында -Большевиктік орталыққа, (қарындашпен жазылған, әрі қарай машинкада басылған), олардан 4.600 рубль жымқырып кетті деп Большевиктік орталық айыпталады. Содыр (боевик) аталған осы Саша Лбовец (ол шын мәнінде де содыр болған) әлдебір экспроприацияларға қатысқан,үнемі револьвермен жүрген. Ол ақшасының қайтарылуын талап етіп: «сендер, менен, Пермь партизандық революциялық отрядының уәкілінен, қару-жарақ сатып алуға 6 000 рубль ақша алған 1907 жылдың шілдесінен бері жеткілікті бұлтаңдадыңдар»,-деп мәлімдейді. (Бұдан әрі, 9-10 беттерде айыптаулар мен түсініктемелер келтіріледі). 1907 жылы бұл содырлар Камада «Анна Степановна» пароходын тонаған. Мұндай шектен шығуларды көбінесе И. Сталин мен Камо (Тер-Петросян) жасағандары белгілі.

Богданов пен В.И. Лениннің айтыс-тартысы кезінде тараптар бір-бірін аямаған. Үзеңгілестері В.И. Ленинді демократтық еместігіне жиі айыптаған.

Кеңестік кезеңде В. И. Лениннің ұлы еңбегі ретінде ұсынылған «Материализм және Эмпириокритицизм» социал-демократтар ортасында авторды келеке етумен, жағымсыз қабылданды. Сыншылардың бірі былай деп жазған: «Всегда необыкновенно! Всегда удачно! Еще одна победа революционного большевизма. После долгого и мучительного философского напряжения, он (Ленин) разрешился от бремени семимесячным недоноском, который из гривы матери вынес обширный философский трактат в 1200 страниц».

Авторлардың хабарлауынша, В.И. Ленин әзәзілдікпен Богдановты, «Пролетария» газетінің редакторы Марат-Шанцерді большевиктік топ құрамынан шығуға мәжбүр еткен. Құжаттардан көрініп тұрғандай, В. И. Ленин өзінікінен өзгеше пікірді қабылдамаған, ал В. И. Лениннің ең тұрақты қарсыласы 1908-1912 жылдарда «Правданың» редакторы болған Л. Троцкий болған шығар.

Билікке келген большевиктер ХХ ғасырдың 30-жылдарында, ең алдымен, И. Сталиннің тапсырмасы бойынша болуы керек, Лбовецтің (А. Сергеев) «Ашық хатына» өз нұсқаларын беруге тырысты. Большевиктердің (1905) «10 жылдан кейін Ресейде социализм болады» деген мәлімдемесіне сенген жас жұмысшылар РСДРП-ның құпия ұяшықтарына кіреді. Кейін өздері мақалаларда жазғандай, олар «нысанаға атуды үйренеді, жарылғыш заттар мен партизандық күрес тактикасы бойынша лекциялар тыңдайды, паторндарды тыңыздап толтыру үшін шағын шеберхана ұйымдастырады және т.б., сонымен қатар экспроприациялар, яғни тонаулар жүргізеді. Қойма істерін ұйымдастырумен Әскери-техникалық Бюро айналысты».

А.Сергеевтің досы әрі серігі Михаил Парчиенков полицейлермен атысып, бірақ тұтқынға түсіп, дарға асылады. Кейінірек, 1908 жылы құжаттарда «Партизан» деп аталатын бұл әскери топтар таратылады, бірақ жеке отрядтар қалады. Содан керек кезінде олар көсемдердің тапсырмасы бойынша іске тартылады.

Бұл жағдайда біз большевиктердің 1917 жылғы төңкеріске дейін-ақ заңсыз әдістерге, басқа адамдардың мүлкін жиі тонағандарын көреміз. Ал билікке келгеннен кейін олар бұрынғы әдістерді одан да үлкен көлемде қолдана бастады.

№ 9 құжатта С. А. Тер-Петросян (Камо) Тифлисте (Тбилиси) тонауға қатысқанын өз қолымен мойындайды. Бір қызығы, Тбилисидегі тонау кезінде ұрланған бес рубльдіктерді айырбастау кезінде полиция бірқатар социал-демократтарды ұстайды. Мұрағатта әйгілі террорист Б. Савинковтың да жеке мұрағаты сақталған (42 папка). Оларды 1998 жылы «Отечественная история» журналында ресейлік тарихшы К.В. Корнеев басып шығарды. «Ақ эмиграцияның» тарихы бойынша да көптеген басқа құжаттар бар. Бізге олар қызықты, егер олардың Қазақстанға қатысы болса.

Террорист, эсер Б. Савинков Ресей империясының ішкі істер министрі В.К. Плевені және ұлы князь Сергей Александровичті өлтіруге қатысқандардың бірі; ол Уақытша Үкіметтің төрағасы А Керенскийді біресе қолдап, біресе сатып кетіп отырған. Ол большевиктермен белсенді соғысып, эмиграцияға кетеді, ал 1924 жылы жақтастарымен Кеңес шекарасын заңсыз кесіп өтеді. Белгілі болғандай, бұл өтуді ОГПУ ұйымдстырған екен және олардың аты-жөндері де айтылған. Борис Савинков «еврей бүлігіне» қатысқан, қолға түсіп, тұтқындалып, кейін өкініш хат жазған. ОГПУ абақтысында отырып, журналдарға жазған жарияланымдары үшін ол тіпті қаламақы да алып отырған

1925 жылғы 7 мамырда ол аяқ астынан қаза болады. Өзіне-өзі қол жұмсады ма, әлде ОГПУ «мамандарының» қолынан қаза болды ма дегендей, өлімінің себебі әлі күнге дейін белгісіз.

КСРО-да Б.Савинковтың елге оралуының сюжеті негізінде 1970 жылдары «Операция «Трест»" фильмі түсірілді. Алайда Б. Савинковты тұтқындауды ұйымдастырған барлық чекистердің 1937-1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағаны жайлы жақ ашылмады. Б.Савинков өзінің сырларын сыртқа шығарған кезінде «кеңестік социализмге» көңілі елжіреп, оларда «әділдік, парасаттылық және адалдық көп» дейді. Егер ол большевиктердің бұл идеялары одан да көп миллиондаған құрбандыққа, қуғын-сүргінге, соғыстарға әкелетінін білгенде, бәлкім, өз сөздерінен бас тартар еді.

«Кеңестік социализм» ешқашан да әлеуметтік теңсіздікті еңсерген емес және де мораль мен құқықты үнемі бұзып отырды. Біз өз көзімізбен көрген теңдік, тырнақтап жиғанды «бөлу» еді. «Кеңестік социализмнің» болашағы жоқ еді, ерте ме, кеш пе, бұл қоғам жойылуы керек болатын, және 1991 жылы солай болды да. Және сол социализді« ұтқаруға ешкім, тіпті коммунистердің өздері де жүгірмеді. Меніңше, «Коммунизм» бар болғаны фикция, аңқауларға арналған тәтті арман ғана болды.

Антибольшевиктік оппозицияның «Ақ қозғалысының» жетекшілері Б.Савинков та, В.Шульгин де КСРО-да жүргенде «кеңестік социализмге» сүйіспеншілік танытқандары таңданарлық. Олар ғұмырларында бәрін де көрген, сауатты адамдар болған ғой. Меніңше, олар «коммунистік қоғам» құру сияқты мифтік жобалар емес, бостандық, меншікті құрметтеу, демократия құндылықтары - болашаққа апарар жол екенін түсінбеді. Немесе бұл мойындауларды олардан ОГПУ-НКВД офицерлері күштеп алды.

Олар орыстар үшін күресіп жатырмыз дегенімен, орыстарды соңғы сөздермен қаралаған. Бұл ойлар Б.Савинковтың күнделіктері (19 сәуір) мен В. Шульгиннің «Три столицы» мемуарын оқығаннан кейін келді.

Өзінің «Три столицы» мемуарында В. Шульгин «мен – орыс фашистімін» деп тура айтады. в своих «Трех столицах» прямо заявляет: «я - русский фашист». Одан әрі ол: «Мен орыс фашизмінің негізін қалаушы Столыпин деп санаймын. Шыны керек, осы Киевте өлтірілген марқұм Премьер, өзінің фашист екенін сезбей кетті», - дейді. Ол «мықтыларға үміт артты». Одан әрі В. Шульгин ондайларға В. Ленинді жатқызады да, оның: «Ресейді жүз отыз мың помещик билей алғанда, онда неге оны екі жүз мың большевик билей алмайды?» деген сөзін келтіреді.

Жалғасы бар...