Түркістан Шығыс тарихында әрдайым маңызды орынға ие болған. Ол Қазақстан және Орта Азия тұрғындарының рухани орталығына айналған. Х ғасыр жазбаларында қала ертеректе Яссы және Шавғар деп атанған екен, кейін Түркістан деп өзгертілген. «Түрік» сөзінің мағынасы батырлық, ержүректік деген мағынаны беретін болса, ал «стан» парсы тілінен ел немесе халықтарды біріктіру деп аударылады. Бұдан «Түркістан» қаласының атауын «Батырлар елі» деп талдауға болады.
Тарихи деректерде VIII ғасырға дейін Яссы батыс Түрік, Түргеш және Қарлық қағанаттарының құрамында болған, бұдан өзге ол оғыздар, қарлықтар және арабтар астанасы болып та үлгереді. Сонымен қатар XVI-ХVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы болып табылған.
Бұл жерде Әбілқайыр, Рабиға Сұлтан бегім, Жолбарыс хан, Есім хан, Ондан сұлтан (Шығай ханның ұлы), Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би және тарихтағы басқа да ұлы адамдар жерленген. Осы қаланың тарихында Қасым ханның да өзінің ерекше орны бар: «...Ноғай ұлысындағы жеңіліс қазақ әскерлерінің жауынгерлік жалынын су сепкендей басты. Алайда бұл бастапқы көрінісі ғана болатын. Алайда Қасым өзінің әскерін жаңа жорыққа дайындады. Сұлтан жіберіліп алынған қателіктерін дұрыстауды өзінің қолына алды. Ол әскер ішінен лайықсыз әскербасыларын алып тастап, орнына шынайы берілген және өзі жақсы білетін адамдарын таңдап алды. Оның пікіріндегі жау өтіп кетуі мүмкін болатын қалаларды басқаруға ағайындары мен басқа туысқандары тағайындалды. Мысалы, Созақ және оған тиесілі жерлерді оның ағасы Махмұт Сұлтан басқарды. Қаһарлы қыстың бір күнінде Қасым күтпеген хабар алды. Сөйтсе, Мұхаммед Шайбани ноғай ұлысында көп тұрақтамай, Сыр өзенінің бойындағы аудандарда қайта көрінген. Махмұт Сұлтан өзінің сарбаздарымен шайбанидтерге қарсы шабуылға шықты. Қазақтарға қарағанда жаулардың саны көп болғандығынан Махмұт көмек қолын сұрады. Бұл туралы білген Бұрындық хан мен Қасым сұлтан сұрапыл аязға қарамастан, бірден көмекке ұмтылды. Жау қолы Соғынлық асуындағы Созақ пен Сығанақ қалаларының арасында тоғысты. Шайқас басталып кетті. Асуды алу ешкімнің қолынан келмеді. Сол уақытта сәтсіздіктен ызаланған Қасым басқаруды өзінің қолына алды. Ұрыс барысы да өзгерді. Жаулар сескеніп, Оңтүстік Қазақстан маңын біржола тастай қашуға мәжбүр болды».
«Жеңіске қолы жеткен Қасымға үйіне қайтып оралғанша, тағы да қайғылы хабар келіп жетті. Қазақтар жерінің шекарасынан шығынға ұшыраған шайбанидтер Отырар, Яссы (Түркістан), Сауран, Сығанақ қалаларын басып алған. Енді олардың алданда осы қаланы жаулардан тез арада тазарту керек деген жаңа міндет тұрды. Ол нақты бел буды. Дала өлтірілген әскер денесіне толды. Осындай кескілескен қантөгіс ұрыс үш жылға созылды. Соңында Түркістан қаласының маңындағы барлық қала қазақтар қолына өтті».
Яссы-Түркістан қаласы Қазақ хандығының құрамына енген сәтінен бастап Орта Сырдария аймағындағы қазақ хандығының резиденциясына айналды. Бұдан әрі қала қолөнер кәсібі мен сауданың ірі орталығы болды. Сол уақыттары қазақ хандары осы қалада көршілес елдердің елшілерін қабылдады. Түркістан қазақ хандарының резиденциясы болып қана қоймай, маңызды жалпы ұлттық шешім қабылдау үшін, қазақ хандығы үкіметінің жоғарғы билеушілерінің жиналысы өтетін болды. Бүкіл қазақ құрылтайы мысалы Ордабасы сияқты Қазақстаннның басқа да аймақтарында өткізіліп тұратын, алайда жалпы мемлекеттік сипаттағы жүйелі жиналыстар тек Түркістанда ғана өткізілді.
Түркістан Орталық азиядағы Ислам ізбасарлары үшін екінші Меккесіне айналды.