Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарих – туризм тұрғысынан: Алтай мәдениеті – асыл мұра

2729
Тарих – туризм тұрғысынан: Алтай мәдениеті  – асыл мұра - e-history.kz
Қойнауы құпияға толы Алтай тарихы корейлік туристердің қызығушылығын оятуда

2006 жылдан бастап Қазақстанның сыртқы туризмі қарқынды дами бастады. 2008 жылғы дүниежүзілік дағдарыста туристтердің саны біршама төмендеп барып, бүгінде қайта қалпына келді. ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің (бұрынғы ҚР Туризм және спорт министрлігі) мәліметіне сүйенсек, Англия, Германия, Жапония, Қытай және Корей елдері саяхатшылары Қазақстанға келуге көп қызығушылық танытуда. Әсіресе, визасыз қарым-қатынасқа көшкелі Корей елі мен Қазақстанның арасындағы туристік сапарлардың саны күн санап едәуір артуда. ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің (бұрынғы ҚР Туризм және спорт министрлігі) корейлік 10000 азамат арасында жүргізген сауалнамасы нәтижесінде қатысушылардың 73 пайызы Қазақстанға саяхат жасауды қалайтындығын мәлімдеген. 

52d10147106c0ee40b8b55444aaa1453.jpg

Корей елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чо Енг Чон корейлік туристерді Қазақстандағы Алтай мәдениеті қызықтыратынын айтты


– Туристтер үшін Қазақстанда жақсы жағдай жасалған. Мәселен, мұражай мұрағаттары хронологиялық тәртіппен орналастырып, қазақ халқының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын суреттейді. Бүгінде қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның кешегі өткен өміріне көз тастау әрқашан қызықты. Және табиғаты, жануарлар әлемі мен тарихи ескерткіштері – Қазақстан жерін туристтер үшін көрікті ете түсуде. Корей елінің туристерін, әсіресе, Алтай тарихы мен мәдениеті қызықтырады. Алтай – қиын рухани және материалдық мәдениеттің ошағы, – деп, Корей елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чо Енг Чон өз ойымен бөлісті. 

Осы тұрғыда Алтай мәдениетін зеттеу – туризмді дамытудың тағы бір тетігі екендігін аңғаруға болады. Қазірге кезде Алтай – төрт мемлекеттің (Қазақстан, Ресей, Монғолия жəне Қытай) шекаралары тоғысқан аймақ. Алтай қазақтарының толық қанды тарихын жазу үшін жан-жақты кешенді жұмыстар жүргізу бүгінгі күн талабы болып табылады. Тарихшылар Алтай қазақтарына арналған ғылыми еңбектердің осал тұстарының бірі – қазақтардың Алтаймен тарихи байланыстарының мардымды зерттелмеуі екендігін алға тартуда. Бұл жерде барлық заманда тарихы, мəдениеті жəне тілінің ортақтығымен топтасқан тайпалар мен халықтар мекен еткені белгілі. Мұны археологиялық, этнографиялық, фольклорлық жəне лингвистикалық деректер мүлтіксіз дəлелдеп береді. Қазақтардың Алтаймен байланысының терең тарихы бар, оның түп-тамыры қола дəуіріне, Андронов мəдениеті кезеңіне саяды. Археологиялық деректер сол тайпалар мəдениеті мен қазіргі қазақ мəдениеті арасында көптеген ортақ белгілері бар екендігін дəлелдейді. Зерттеуші М. Мұқанов атап өткендей, егер сол көне дəуір ескерткіштеріне, айталық, қыш ыдыстардың ою-өрнектеріне көз салып, оларды қазақтардың қазіргі уақыттағы ою өнерімен салыстыратын болсақ, онда олардың адам таңқаларлық ұқсастықтары мен ортақ белгілерін табуға болады.

Мақала «Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасындағы «Біртектілік пен бірлік» бөліміндегі 86 және 87 қадамдарын жүзеге асыру аясында жазылды. 

Гүлжанат ӘБДІКӘРІМ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?