Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Александра Логинова

1412
Бір суреттің тарихы. Александра Логинова - e-history.kz
1941 жылы 22 маусымда неміс әскерлері елімізге шабуыл жасап, соғыс өрті лап ете қалды. Осы күні сағат 16.00-де әскерге шақыру қағазы келді.

20.04.15

«Соғыс» сөзін естіген кезде, сұрапыл заманның сұмдық бейнесін көзімізге елестетеміз. Әр жерде жауынгерлердің, әйелдердің, балалардың мәйіттері жатыр... Олардың жан-жағында танктер, пулеметтер, қолында қаруы бар сарбаздар жүр... . Жетпіс жыл бойы өткен соғыстың бейнесі майдангерлердің есінен ешқашан кетпес. Бұл заманның қорқынышты жылдарын қалай ұмытуға болады екен? Осы соғысты жыламай қалай еске аламыз? Меніңше, болмайды. «Жоқ, соғысқа жол бермейміз», — дейді қан майдан туралы естігендер. Тірідей көміп тасталған кішкентай балалардың айқайларын қалай ұмытуға болады? Өз күйеулерін, ұлдарын, ағаларын жерлеген аналар мен әйелдердің зар жылауын қалай естен шығаруға болады? Майдан даласында қаза тапқан адамдардың санына жету мүмкін емес. 

Әскери өмірдің осы жылдары туралы айтып бере алатын көзі тірі адамдар-да санаулы екен. Біздің бақытымыз үшін өмірлерін құрбан еткен аталарымызға алғысымыз шексіз. Жер бетіндегі бейбітшілік үшін қан майданда жан аямай күреске түскен жауынгерлердің есімдері жүректерімізде мәңгі қалады. 

Бұл соғысқа қатысқан ардагерлердің бірі — Логинова Александра Степановна. Ол мектебімізге бекітілген Ұлы Отан соғысының ардагері. Александра Степановна Жетісу ықшам ауданында, біздің мектебіміз орналасқан көшеде тұрады. Біз ардагердің халін сұрап, жиі барамыз. 

Оқушылар соғыс туралы әңгімелерді тыңдай отырып, мектептегі іс-шаралар және өздері жеткен нәтижелері туралы баяндап, Жеңіс және жер бетіндегі бейбіт өмір туралы өлеңдер оқиды. Осы жолы құрбыларыммен бірге ардагердің үйіне барып келдім. Ол бізді көріп, қуанып қалды. Соғыс оқиғаларын түгел айтып шыққанымен, көп нәрсе ұмыт болған екен. Бір жағынан, жасы егде болғандықтан, ал екінші жағынан — соғыстың сұмдық оқиғаларын кім өмір бойы есінде сақтап жүргісі келеді дейсіз? 

Александра Степановна мектептен кейін фельдшер-акушерлік мектебін бітірді. 1941 жылы 22 маусымда неміс әскерлері елімізге шабуыл жасап, соғыс өрті лап ете қалды. Осы күні сағат 16.00-де әскерге шақыру қағазы келді. Жас қыз заттарын тез жинап, жолға шықты. Украина елінің аймағында алғашқы ұрысқа қатысты. «Жараланған адам көп болды; біз — медбикелер — алғашқы көмек көрсетуге әрең үлгеріп жаттық», — деді ол, қайғырып, көкірегін мұңға бөлеп. Медбикелер барлық жараланған адамдарды құтқара алмады. Өмірінде ғашық болып көрмеген 20-жасар қыз Александра Степановна майданға осылай аттанады. 

«Тамақ болмады. Біз тапқан асты жеп жүріп, кейде бірнеше тәулік бойы нәр тартпаймыз, мейірімі жоқ адамдар әйелдердің және балаларымыздың қанын өз жауынгерлеріне ауыстырып құйған. Оларды фашисттер ғана деп атауға болады!» — деп қайта-қайта есіне алды Александра Степановна. 

Соғыс басталғанда ол қатардағы жауынгер болды. Уақыт өте келе табандылығы, ержүректігі, адал қызметінің арқасында бірінен кейін бірі көптеген атақтарға ие болады. Соғыс өз мәресіне жеткенде Александра Логинова аға лейтенант болды. 

Қуанышқа орай, Александра Степановна басына түскен барлық қиындықтарды абыроймен еңсере білді. Соғыс аяқталғанда Берлинге жетті. Мұнда ол өзінің болашақ жарымен, аға лейтенант, соғысты түгел бастан кешірген танк жүргізушісі Павлов Михайлович Логиновпен танысады. 

f52163cdb3574577dd16b9ec0c0676bc.jpg

Жұбайы П.М. Логинов 

Осылайша, қос құрдас Павел мен Александра тез тіл табысты. Танысқанына бір жыл толғанда, некелесті. Кейінен Елена есімді қыз дүниеге келді, ал одан соң — Светлана. Қазіргі кезде Елена анасымен бірге тұрып жатыр, ал Светлана — Астанада. Өкінішке орай, бірнеше жыл бұрын Павел Михайлович дүниеден өтті. Қазіргі таңда Александра Степановна 94 жасқа толды. 

Ол кісі естеліктерін айтқанда, көзіне жас алады. Енді Александра Степановнаның көзіне келген жас тек қуаныш жасы болуға тиіс! 

Егер олар болмаса, қазіргі таңда не болатынын кім біледі! Аспанымыз ашық, біздей бақытты жандар болмас еді! Жеңіске жету жолында 27 миллионнан астам адам өз жанын құрбан етті. 

Әрбір адамның міндеті — қорғаушыларымыздың үміттерін ақтау! Жауынгерлеріміз тартқан азаптың бекер еместігін дәлелдеу керек. 

2f12dd03f2d9e80f8afc4dc1cbed0db0.jpg

№153 мектеп-гимназиясының оқушылары ардагермен бірге 

Мен және құрбы-достарым Отанымыздың гүлденуіне бар күшімізді салып, ардегерлеріміздің сенімін ақтаймыз деп үміттенемін!

Мұсаева Қалбынұр, Алматы қаласындағы А. Розыбақиев атындағы № 153 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?