Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шығысты шуаққа бөлеген шамшырақтар

1905
Шығысты шуаққа бөлеген шамшырақтар - e-history.kz
ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Әзірет Сұлтан» мұражайы «Мыңжылдықтар сәулесі» атты көрмесін қойды.

Қазақстанның ортағасырлық тарихын сипаттайтын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы археологиялық және сәулет өнері ескерткіштерінің тұтас кешені.Тарихи жәдігерлердің түпнұсқалары сақталған «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы 18 наурыз күні ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мыңжылдықтар сәулесі» атты көрмесін ұйымдастырды.

Мәдени іс-шарада ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Күлайша Ақтаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайының директоры Мәулен Садықбеков, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Дүкенбаев, Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Рахия Жүзбаева аталмыш көрменің ғылыми әрі қоғамдық маңызына кеңінен тоқталды. 

73d123894c244307487e4248051b5ed0.jpg

Шырағдан тұтқаларының сынықтары. Қыш. ХІІ-ХІІІғғ.


— Бұл көрме түрлі ғасырларда қолданылған шырақтар мен шырағдандарға арналып отыр. Ең көне экспонатымыз б.з.д. 2000 жылды қамтиды. Ең жаңасы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына жатады. Ежелгі заманның шырағдандары керамикадан, яғни саз балшықтан жасалған. Ал, ортағасырлық шырағдандар қоладан жасалып, өнер туындылары ретінде әсем безендірілген. Кейінгі орта ғасырда, ақ, қара, көк түсті шырағдандардың сырты глазурьленіп, боялған. Жалпы, шырақтың тек материалдық емес, рухани маңызы терең. Ол қараңғыны жарыққа бөлейтін, ілім-білімге жол ашатын ерекше символ. Сондай-ақ, ежелде біздің ата-бабаларымыздың отты қасиет тұтқаны белгілі, — деді қорық-мұражайдың ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Дүкенбаев сайтымызға берген сұхбатында. 

4db94606beb08cdd5cabc61dc7f29b1d.jpg

Шырағдандардың астыңғы бөліктері. ҮІ-ХІғғ.

Экспозицияға қойылған шырағдандардың ең байырғысы б.з.д. ІІ мың жылдықты қамтиды, ал ең кейінгісі ХІХ ғасырға жатады. Бұл топтамада Әмір Темірдің бұйрығымен ХІҮ ғасырда арнайы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі үшін Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин Исфахини жасаған шырағдандар маңызды орынды алады. Шырағдандар аман-саулықты тілейтін эпиграфикамен әшекейленгендіктен аса маңызды құндылыққа ие. Осындай ХІҮ ғасырға жататын екі шырағдан цилиндрлерінің резервуарлары Санкт-Петербургтегі Эрмитажда және шырағданның төменгі және орта бөліктері Париждегі Лувр музейінде сақтаулы. 

5030549b9570a9851bbd9627d6659d41.jpg

Қыш шырағдандар. ХІІ-ХІІІ ғғ.

«Мыңжылдықтар сәулесі» көрмесі әр кезеңді қамтитын археологиялық артефактілер кешені — шырағдандар арқылы келушілерді өлкенің өркениеттік тарихына үңілдіреді. Шырағдан жасау өнері дала өркениетінде ежелгі дәуірден басталады. Алғашқы кезеңде шеберлер шырақтарды күнделікті тұрмысқа қажетті бұйым ретінде жасаған.

«Мыңжылдықтар сәулесі» көрмесі 2015 жылдың 13 сәуіріне дейін жалғасады. Астана тұрғындары мен түркі әлемінің рухани орталығы — ұлы Түркістанның көпқырлы мұрасының бір бөлігімен жақынырақ таныса алады.

c9042d660825496639c5dd0d07c31ec1.jpg

Шар тәрізді резервуарлы 3 бөліктен тұратын шырағдан. ХІҮ ғ. 20 Рамадан. 799 жж 

f88fe4623a097de86abd630434a059e7.jpg

Айдаһар басы бейнеленген қола шырағдан. ХҮ ғ.

c447eb7aac901a19fedcd9855e14b0ab.jpg

Шырағдандар. Х-ХІІ ғғ.


 Гүлжанат ӘБДІМОМЫНОВА

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?