«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Кеншілер қаласы – Қарағанды

15585
Кеншілер қаласы – Қарағанды
Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан Қарағанды қаласының іргесі шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды

1934 жылы 10 ақпанда әкімшілік-аумақтық бөлу туралы қаулы жарық көріп Қарағандыға ресми түрде қала статусы берілді. Алайда мұрағатта сақталған құжатқа сүйенсек Қарағандыда 1931 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды қалалық кеңесі құрылған. Бұл ретте қала кеңесі құрылған болса қаланың да бар болғанын меңзейді.

Қарағанды тарихын тарихшылардың бір бөлігі көмірмен «Қара+қан+ды» - бұл жердің басты байлығын қазақша дәл осылай атаған. Бұл өз мағынасында «қара қан», «қара (қою) қан», «қара ұйыған қаны бар жер» дегенді білдірген. Яғни осында өндірілетін көмір пласттарын жұрт ұйыған қара қанға ұқсатқан. Қала атауының шығу тегінің екінші бір нұсқасын осы аймақта өсетін өсімдік – қарағанмен байланыстырады. (Қазақша – қарағанды, қараған).

Дегенмен неғұрлым дәл алып қарастыратын болсақ қараған өсімдігінің дәстүрлі басым өсетін жер аумағы қазіргі қала шекарасынан 40 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерде Карагандинка өзені ағып жатыр. Зерттеушілер қала атауындағы сәйкессіздіктерді және картадағы қаланың шекарасының өзгеруін көпес Никон Ушаковпен байланыстырады. Жергілікті өлкетанушы-тарихшы Болат Әубәкіровтың айтуына қарағанда 1847 жылғы экспедициялармен көмір және мыс кеніштері ашылған соң, бәсекелестерін адастыру үшін Никон Абрамович Ушаков бұл жерге «Қарағанды- бас» атауын берген.

Қарағанды қаласының алғашқы таңба белгісі

Ресми деректерге сүйенсек кеңес ғалымдары ұсынған деректер бойынша қара тастарды 1833 жылы алғаш бақташы Аппақ Байжан тапқан, ал бұдан бұрын белгілі басқа бір дерекке сәйкес жылуы күшті қара тастың қасиетін жергілікті байдың қызы Марьям аңғарған екен. Осыған байланысты қазақ руларының арасында өзара күрес етек алған. Көп ұзамай қара тас – көмірді тапқан байдың қызының құрметіне көмір пласттарының бірін оның құрметіне «Марианна» деп атап кеткен.

ХІХ ғасырдан бастап Орталық Қазақстан аумағына жер асты кендерін өндіретін кәсіби адамдар лап қойды. Дегенмен сол кездегі геологтардың басты көмекшілері суырлар болғаны мәлім – дәл осы суыр індерінің жанынан – қара тас көмір табылып отырған. Ал қазіргі Қарағанды аумағындағы алғашқы палаткалық қала 1852 жылы бой көтерді.

Станиславский атындағы театр

1934 жылға қарай қала орнында шахтаның діңдері айналасында бірнеше жұмысшы поселкелері, шаманнан тұрғызылған үйлер бой көтерген болатын. Осы жылы бұл жерде КОКП ОК хатшысы Сергей Киров болып, одан әрі ғимараттарды кірпіштен салуға және қаланы көгалдандыру туралы тапсырманы беріп қаланың бас жоспарын жасау үшін Мәскеуден сәулетші маманды Қарағандыға жіберген болатын. Қаланы көтеру үшін бұл аймаққа эшелондар мен репрессияланған ондаған мың адам жіберілді. Дегенмен 30 -жылдары салынған қала ғимараттарынан Қазақ драма театрының үйінділері ғана қалды. Көмір өндіруге байланысты жер шөгіп ескі қаланың жұрнағы да қалмады. 40-жылдары қаланы оңтүстік-батысқа қарай көшіру шешім қабылданып, ол қазіргі орталыққа көшірілді. Көп ұзамай бұл жерде де көмірдің бар екендігі анықталды. Осыған байланысты қала бас жоспарына сәйкес қаланың орталығы тағы да бір рет, бұл жолы оңтүстік-шығысқа қарай жылжытылды.

Қарағанды көмір шахтасы

Қарағанды қаласының пайда болуы Қарағанды көмір бассейнінің ашылу, көмірді барлау мен өндіру тарихымен тығыз байланысты. Революцияға дейінгі кезеңнің өзінде Спасск мыс балқыту зауыты үшін көмірді қарапайым тәсілмен өндіру жүргізілген. Ұлы Октябрь Социалистік революциясынан кейін А.А.Гапеев басқарған кеңес одағының геологтары Қарағанды бассейні көмірінің айтарлықтай мол қорын тапты. 1929 жылы «Казахстройуголь» тресті туралы ереже бекітілді, оның міндеттеріне республиканың көмір кәсіпорындарының құрылысы жатқызылды.

Қазақстан қонақ үйі

КСРО ОАК және ХКК 1931 жылғы 13 қаңтардағы қаулысына сәйкес «Карагандауголь» дербес пайдалану тресті құрылды, оған шахталар құрылысы мен іске қосу тапсырылды. «Көмір және кокос қорларын ұлғайту туралы» 1931 жылғы 15 тамыздағы БКП (б) ОК қаулысы Қарағанды бассейнінің еліміздің отын базасын дамытудағы халық шаруашылығы үшін маңызын айқындай түсті және оның қарқынды дамуына бастау болды. 1931 жылы бассейнде бірқатар барлау-пайдалану шахталарының іргетасы қаланды, электр станциясының құрылысы басталды, Ақмоладан Қарағандыға дейін теміржол құрылыстарын салу жұмысы аяқталды, телеграф байланысы орнатылды. Дәл сол жылы Қарағанды кеншілері елді мекені кент Кеңесі ұйымы және жеке бюджеті бар жұмыс кентіне айналды. Қарағанды құрылысы Бүкілодақтық екпінді құрылыс болып жариялануына байланысты елдің басқа аймақтарынан халық ағымы күрт ұлғая түсті.

1934 жылғы 1 ақпанда БОАК Президиумы «1.Қазақ АСКР төменде келтірілген келесі елді мекендері қала болып қайта құрылсын»: .... б) Қарағанды облысы Тельман ауданында Қарағанды тас көмір бассейнін пайдалану бойынша мемлекеттік трест құрылысының аумағында пайда болған елді мекен, оған Қарағанды атауы берілсін» - деп қаулы етті. Қарағанды қаласы Қарағанды облысының орталығы атанған, Қарағандының құрылысындағы маңызды кезең 1936 жыл болды. 1937 жылдан бастап жаңа қала құрылысы басталды. Соғыс алдындағы бесжылдық кезеңіндерінде Қарағанды республиканың ең ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды.

Қала көрінісі

Көмір өнеркәсібімен қатар басқа да өнеркәсіптердің дамуы бастау алды. Көмір тасымалдаудағы қызмет көрсететін кәсіпорындар пайда бола бастады: вагон депосы, жол-сапар шеберханалары, автомобильді-арба көлік шаруашылығы (1934 жыл), автоколонналар (1939 жыл). Халық мұқтаждықтарына қызмет көрсететін кәсіпорындар салына бастады: диірмен комбинаты, наубайханалар, сүт зауыты, сыра зауыты, «Пимокат» артелі кейіннен пима өндеу фабрикасы (1938 ж). Тау-кен техникумы (1931 жыл), акушерлік мектеп (1935 жыл), мұғалімдер институты (1938 жыл), мектепке дейінгі балалар мекемелері (50 балаға арналған алғашқы балабақша 1937 жылы ашылды), мектептер, ауруханалар (алғашқы перзентхана 1937 жылы ашылды), кітапханалар ( Н.В.Гоголь атындағы алғашқы облыстық кітапхана 1938 жылы ашылды), үш кинотеатр (алғашқысы 1935 жылы ашылды), хайуанаттар паркі (1938 жыл), Ескі қала ауданындағы әуежай (1934 жыл), мұражай (1932 жыл) ашылды. Қалалық мәдениет және демалыс паркінің іргетасы қаланды (1936 жыл), Ботаникалық бақ ашылды (1940 жыл).

Ұлы Отан соғысы жылдары шахталар құрылысы жалғасын тапты, Одақтың батыс аймақтарынан эвакуацияланған зауыттар мен фабрикалар қарқынды түрде іске қосыла бастады: 1940 жылы Луганскіден эвакуацияланған А.Пархоменко атындағы зауыт, 1942 жылы Артемовскіден (Украина) эвакуацияланған аяқ киім фабрикасы, Астраханьнан эвакуацияланған кондитерлік фабрика және тағы басқа. Соғыстың соңына қарай қала маңайында өзара автомобиль қатынасымен байланысқан құрылысы көбінесе ағаш, саман және балшықтан жасалған 30-дан астам шахта маңындағы кент болды.

Кондитер фабрикасы

1950 жылдан бастап Ескі және Жаңа қаланы байланыстырған трамвай қозғалысы ашылды. Соғыстан кейінгі өріс алған өнеркәсіптік құрылыс жаңа халық ағымын тудырды. 1953 жылға қарай қала халқының саны 400 тұрғынға жетті. 50-жылдары Жаңа қаланың өзіндік жүйесі бар заманауи қоғамдық орталықтар, көлік магистральдары мен көшелерінің дамыған құрылымы мәдени-әлеуметтік мақсаттағы объектілері бар солтүстік бөлігі құрылды. Алайда қала өсімінің қарқыны шапшаң ұлғайып келе жатқан халық санынан едәуір артта қалып келді.

60-80 жылдары тұрғын үй азаматтық құрылыс индустриялық негіз алды. Жаңа қала қарқынды салына бастады, Майқұдық, Пришахтинск, Оңтүстік-Шығыстың тұрғын аудандарының құрылысы бастау алды. Бір мезгілде мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт, сауда объектілерінің құрылысы жөніндегі әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырыла бастады. Бұл жылдары бірқатар кинотеатр салынды («Аврора», «Ботагөз», «Ленин атындағы», «Юбилейный»), Станиславский атындағы драма театры, ОӘД, цирк, «Турист», «Қазақстан», «Қарағанды» қонақүйлері, «Октябрьский» (қазіргі уақытта «Ақжолтай») спорт сарайы, Қазақстанның 50-жылдығы атындағы парк және тағы басқа салынды. Бірқатар ірі өнеркәсіп объектілері іске қосылды: шахталар (Северная, КСРО 50-жылдығы атындағы, Кировская т.б.), Строй-пластмасс комбинаты, жылыту жабдықтары зауыты, ЖЭО-1, ЖЭО-3, шұлық-ұйық фабрикасы, «Кародежда» тігін бірлестігі, маргарин зауыты т.б. Ғылым табысты түрде дами түсті, қала көптеген ЖОО және техникумдарымен республиканың ірі студенттік орталығына айналды. Құрылғанына 50 жыл толуына орай Қарағанды қаласы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1984 жылғы 6 сәуірдегі Жарғысымен Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Универмаг

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қала экономикасы, Қазақстан экономикасымен тұтас, өндіріс көлемінің азаюы, тауар мен қызметтерге бағалардың өсуі, жұмыссыздықтың өсуінде айқын көрінген дағдарыстардың бірқатарын бастан кешті. 90-жылдардың соңына қарай қала экономикасы біршама тұрақтала бастады. Бүгінгі күнде Қарағанды - ауданы 497,8 ш. км құрайтын, 485 мыңнан астам халқы бар қала. Қазақстанның төртінші қаласы, ірі өнеркәсіп және мәдени орталық.

Қарағанды қаласы – Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсіп саласында, индустриалды-инновациялық өндірістің дамуында маңызды қала болып табылады.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды әзірлеуде әріптестік танытқан Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану мұражайы қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз