Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Аққыз күйшінің өз үні табылды

3546
Аққыз күйшінің өз үні табылды - e-history.kz
Сүйінші әлеумет. Аққыз күйшінің өз үні мен тартқан күйі табылды.

Орыс халқы үшін  М. Глинка мен П.Чайковскийдің  әр басқан ізі қағазға хатталған ба, онысынан еш хабарым жоқ, бірақ неміс халқы  Ницшенің ой кеулеп жанұшыра алас ұрған сәтіндегі жүрген жері мен отырған тасына дейін түгелге дерлік ескерткіш орнатқан. Бұл, әрине тұлғаға деген үлкен құрмет пен биік мәдениеттің белгісі болса керек.  Өз басым қазақ топырағында дүниеге келген көрінекті  тұлғалардың  кез-келген жәдігеріне  қамқорлық  пен  құрмет жасалуы керек деген  пікірдемін.

 Енді, бұл қазына қалайша қолға түсті оның бәрі төмендегі үнтаспада толыққанды айтылатын болғандықтан оған уақыт шығындап оқырман уақытын  ұрламаймай-ақ қоялық.

Осы орайда Аққыз анамыздың автобиографиясына да сәл тоқтала кетсек.  Аққыз (Мүгілсін Ахметқызы) 1897 жылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында, Тоқырауын өзенінің бойында Есалы деген жерде дүниеге келіп, 1986 жылы тоқсанға қараған шағында дүниеден озған. Аққыздың əкесі Ахмет алдына мыңды айдаған дəулетті адам болған екен.
Аққыз Ахмет байдың тоғыз қызының ең сүт кенжесі. Ең еркесі  болғандығынан шығар,  ешкім бетінен қақпай еркін өсіреді. Оның əу бастағы азан шақырып қойған аты Мүгілсін екен.
Аққыз Арқаның күйшілік дəстүрін жастайынан құлағына сіңіріп өскендігінен болар,  бойжеткен шағынан-ақ дәулескер күйшілігімен елге танылады. Аққыздың бүгінгі біздерге жеткен «Жетім қыз», «Қосбасар», «Қайран елім», «Мұңды қыз» күйлері мен қатар ғажайып  әндері де  өз  ғұмырының өкініші мен өксігі іспеттес. Аққыздың  әншілігі де орасан болғанға ұқсайды. Оның  әншілігі мен күйшілігі Арқа жерінде  пар  айтылатыны да осы сөзіміздің айғағы болса керек-ті.  

Қалған қызықтың бәрі төмендегі  үнтаспада.  Бұл үнтаспа  Ұлттық  «Шалқар» радиоарнасының  «Ән-добыра» бағдарламасы екендігін, оның тізгіншілері әйгілі күйші Сәрсенғали Жүзбай  мен әнші, Жасұлан Наурызбайұлы екендігін де естеріңізге сала кетейік...                                                                                        

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?