Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ: Жолдау толық орындалса дейміз

2500
Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ: Жолдау толық орындалса дейміз   - e-history.kz
Енді Үкімет Президенттің елге түсінікті етіп айтқан жолдауын халыққа тағы түсіндіреміз деп босқа шапқылап уақыт өткізбей, бірден орындауға көшсе екен деген тілегім бар.

Бүгінгі жолдауды толық тыңдадым. Биылғы жолдаудың форматы өзгеше болды. Министрлер мен әкімдерге Елбасы жолдаудың әр бөлімінде сұрақ қойып, нақты тапсырмалар беріп отырды.

Маған ұнағаны: мұғалімдердің статусын көтеретін арнайы заң қабылданатыны жағымды жаңалық. Сол заңның бір бөлімі жоғары оқу орындарында қызмет істейтін ұстаздардың мәртебесін анықтайтын болса екен деймін. Сосын Елбасымыз ғылым-білім саласы мен денсаулық саласына ішкі жалпы өнімнің он пайызын арнаймыз деді. Ол да қуанарлық жағдай.

Одан соң айлық жалақыны өсіреміз деді. Оған аса қуанбадым. Өйткені, айлық отыз пайызға өссе, азық-түлік қырық пайызға қымбаттайды. Оған әбден көзім жеткен. Биылғы жолдауда халыққа пайдалы көп дүние айтылды. Жол салу мәселесі, кәсіпкерлікті дамыту, құқық қорғау саласы, қолжетімді баспана мәселесі, т.б. қордаланған салаларды шешудің жолдарын Елбасы өзі айтып берді.

Енді Үкімет Президенттің елге түсінікті етіп айтқан жолдауын халыққа тағы түсіндіреміз деп босқа шапқылап уақыт өткізбей, бірден орындауға көшсе екен деген тілегім бар.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?