Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

1840
Астанада «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды - e-history.kz
«Үркер» ұлттық сыйлығы "Қазақ" газетінің 105 жылдығына арналып отыр

Астанадағы Қазмедиа орталығында байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаттары анықталды.

Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқау Ақпарат және коммуникация министрлігінің бастамасымен өткен жылы қолға алынған. Байқауды ұйымдастырушы – «Qazcontent» АҚ.

Ұлттық сыйлықтың қорытынды шарасына ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдерінің басшылары, ардагер журналистер, қоғам белсенділері, «Қазконтент» АҚ қызметкерлері мен БАҚ ұйымдары қатысты.

Салтанатты шара алдында ең бірінші Қазақстан журналистикасына еңбегі сіңген ардагер журналистер, содан соң радио, тележурналистер, басылым редакциялары, өнер жұлдыздары қызыл кілемнен жүріп өтті.

Ұлттық марапатқа журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашев, Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай, Президент телерадио кешенінің директоры Ерлан Бекхожин, саясаттанушы Саясат Нұрбек, «Қазақстан тапқырлар клубы одағының» президенті Есен Елеукен, Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығының вице-президенті Әлібек Әлденей және басқа да елге белгілі тұлғалар қазылық жасады. Байқау жеңімпаздары 14 аталым бойынша марапатталып, жеңістің биік тұғырынан көрінді.  

Лауреаттар:

Үздік сараптамалық материал - Әсел Мұқанова (Zakon.kz)
Халықаралық сараптамалық материал - Исабаева Сауле (ЦентралАзияМонитор)
Үздік фотосурет - Тұрар Қазанғапов (Tengrinews.kz)
Үздік репортаж - Илья Астахов (Today.kz)
Үздік интервью - Гүлзина Бектасова (Айқын)
Үздік журналистік зерттеу - Асқар Джалдинов (Time.kz)
Қазақстан туралы үздік танымдық материал - Яков Федоров (Yvision.kz)
Астананың 20 жылдығына арналған материал - Ғалым Омарханов (Қазақ газеттері)
Үздік аймақтық радиостанция - Жұлдыз FM
Үздік аймақтық баспасөз басылымы - "Жетісу" газеті
Үздік қазақстандық радиостанция - Шалқар
Үздік Интернет БАҚ - Informburo.kz
Үздік республикалық баспасөз басылымы - "Егемен Қазақстан" газеті
Үздік вайн - Нұрлан Батыров

Биылғы "Үркер" ұлттық сыйлығы "Қазақ" газетінің 105 жылдығына арналып отыр. Байқау лауреаттарына естелік мүсін мен 1 млн теңге көлемінде қаржылай жүлде табысталды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?