Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

"Жерлеу дәстүрі" терминін дефинициялау мәселесі

4293
"Жерлеу дәстүрі" терминін дефинициялау мәселесі - e-history.kz
«Жерлеу дәстүрі» ұғымын анықтау мәселесінде барлық зерттеушілердің көзқарастары бір жерден шықпады.

Үнді европейлік мәселенің туындауына байланысты «жерлеу дәстүрі» терминінің дифнициялау мәселесі ерекше қызығушылық тудырады. Арилер б.зд. 2 мыңжылдықта Балқан түбегінен Енесейге дейін және солтүстікте орман зонасынан бастап оңтүстікте Қытайдың солтүстік территориясына дейін ұлан-ғайыр жерді мекенднген болатын. Б.з.д. 2 мыңжылдық басында климаттың өзгеруіне байланысты өмірге қолайлы жер іздеу мақсатында жаңа жерлерге көше бастады. Кейбіреулері Еуропада қоныстанса, халықтың қалған бөлігі Үндістан және Иран территориясына қоныс аударды. Арилік тайпалар б.з.д. 2 мыңжылдықта Шығыс Еуропа, Батыс Сібір және Қазақстанда ерекшеленген дәне қазіргі ғылымға теселік немесе андроновтық мәдениет негізін қалаған үндіевропейлік тілдік және мәдени-тархи тобына жататын-ды.[1., 110 б.]

«Жерлеу дәстүрі» ұғымын анықтау мәселесінде барлық зерттеушілердің көзқарастары бір жерден шықпады. Зерттеушілердің бір тобы дәстүрлі яғни, жерлеу дәстүрі – зираттың және зиратүсті құрылыстардың орналасу тәртібі, негізінен қаңқа сүйектің және бірге жерленген заттардың орналасу тәртібі. Келесілері, мысалы В. Я. Петрухиннің көзқарасы бойынша жерлеу дәстүрі – ол қайтыс болған адамның жақындарының мәйітті жерлеу кезінде және оңың зираты маңында жасайтын іс әрекеттері. Мүмкін, соңғыларының анықтамасы дұрыс болар, бірақ бұл жағдайда жерлеу дәстүрінің басы мен аяғын зерттеуге археология ғылымының мүмкіндігі жоқ.[2., 47-49 б.]

Жерлеудің ортаңғы бөлігінде зерттеуге ең қолайлы болып табылады, және ол бірінші анықтаманың толық мәнін ашады. Жерлеу дәстүрінің бір белгісі өздігінен қандай да бір тарихи болжам жасауға негіз бола алмайды. Тек саны жағынан жеткілікті бейіттерде кездесетін және толық зерттелген осы белгілердің жиынтығы ғана белгілі бір тарихи болжам жасауға негіз бола алады. Кей кезері мұқиат зерттелген жерлеулердің ерекшеліктері қосымша дәлелдерді қажет етеді. Себебі жерлеу дәстүрі әртүрлі уақытта және территорияда кездесетін әртүрлі ерекшеліктерің жиынтығы ретінде аз анологиялар мен нұсқалар береді. Сондықтан ежелгі жерлеулерді тарихи дерек ретінде қолнғанда осының бәрін ескеру қажет.

Жерлеудің өзін ең ертелері полеолитте кездесетін мәйітті жатқызу (ингумация) және қола дәуірінде пайда болған мәйітті өрттеп жіберу деп екіге бөледі. Ежелде әртүрлі халықтардың жерлеу дәстүрлерінің әртүрлілігі соншалық, оларды бір жүйеге келтіру өте қиын болып табылады. Археологиялық материалдар бұл дәстүрлерден толық көрініс бермесе, этнографиялық материал өлген адамды соңғы жолына аудару мысалдарына өте бай болып табылады.

Жерлеу тәсілдерінің классификациясын жасауға алғаш рет француз этногрофы Жорж Монтандон тырысты. Ол жерлеу тәсілдерін негізгі сегіз топқа бөлген болатын. Олар: 1) тастап кету және алқтырып кету (abandon), 2) суға тастау (immersion), 3) айдалаға жерлеу  (surelevation), 4) мәйітті көму (ensevelissement), ол  мәйітті жерге көму (enterrement)  және үңгірге жерлеу (inhumation), 5) өрттеп жіберу (ignition),  6) мумиялау (momification), 7) бөлшектеу (decharhement), 8) каннибализм. [3., 662 б.]

Белгілі бір тарихи процестің толық маңызын түсіндіру қиын. Мысалы, не себепті кей тайпалар өліктерді керілген күйінде, ал кейбіреулер бүгулі күйінде жерлейді, не себепті отырған және тұрған күйдегі мәйіттер кездеседі.

Андроновтық зираттарда кездесетін барлық жерленгендер басымен батысқа және оңтүстік-батысқа бағытталған. Жерленгендердің бағыттары олардың о дүниедегі үйін мақсатында болған. Андроновтықтардың түсінігі бойынша жер кватрат немесе дөңгелек және дөңгелек ішіне салынған квадрат түрінде болғандықтан ортасында зираты бар дөңгелек оба әлем бейнесін берді. Әр көкжиектің төрт жақ бетінің өзінің құдайы бар және күннің батуына байланысты батыстың құдайы о дүние, яғни түнек пен қараңғылық құдайы деп сенді. Андроновтықтардың сену бойынша қорғанды «өлілердің үиі» деп санаған, сондықтанда жан-жағынан қоршалған көмуге арналған ор осы «үйдің» ошағын білдірген. Ингумациялау және кремациялау кезінде бірнеше уақыт өткеннен кейін зиратты топырақпен қоршап, кейін тастан дуал тұрғызып, өлілер әлемін тірілер әлемінен алшақтатқан. Тас дуалмен қоршалған зират кей кезері төртбұрышты, кей кездері дөңгелек түрінде болған. Дәстүр арқылы қоғамда қалыптасқан діни көзқарастар, рухани және мәдени құндылықтар бекітіледі. Адам және табиғат өмірін модельдейтін оның негізгі белгілері – консерванттылық, дәстүрлік және стериатиптілік. [4.,б. 67.]

Бір қорғанда көмілген жерлеулердің арақатынасы маңызды болып табылады. Бұндай көріністер қола дәуірінің жерлеу дәстүрлерінде көп кездеседі. Бір жерде көптеген жерлеулердің кезесуі олардың бір уақытта немесе әртүрлі уақытта жерленуілерін анықтауды қажет етеді. Бірінші жағдайда негізгі мырзаның бейітін жауынгерлер «қорғау» мақсатында (немесе мырзаға құлдар «қызмет ету» мақсатында) болса, екінші жағдайда әртүрлі жеке жерленгендер тайпа басшысының бейіті маңында немесе тайпаның құрбандық шалу жеріні маңайлата орналасқан. Ерлер, әйелдер және балалардың бейіттері белгілі бір белгіленген жерде орналасқан. Бір обада орналасқан жерлеулерге қарап олардың бір тайпа мүшелері екенін білуге болады. Осыған қоса бір тайпа мүшелері екінін бейіттердің бір түзу дұрыс қатар бойында жерлеулері арқылы да анықтауға болады. Кей кездері обадағы жерлеулерді тайпа ауылдарын жоспарлаумен салыстырады.

Бұндай обаларда әр түрлі уақытта жерленгендер болғандықтан олардың хронология және өзара вертикаль жатуы сияқты  статиграфиялық бақылаулардың маңызы артады. Бұл жерде зираттардың құрылысы ғана емес олақжың қандай қабатта және қандай құрылыс материалы қолданғаны және т.б. маңызды болып табылады. Бұндай қазбалардың мысалы ретінде Ягодное селосы маңындағы Н. Я. Мерперт жүпргізген қазба жұмыстарын айтуға болады.

В.Я. Пертрухин Ибн-Фадлан жазған орысты жерлеу тәсілдеріне және онда жасалған істерге қарап, ежелгі идеологиябелгілерінің семантикасын ашудың қызық мысалдарын ұсынған. Ең бастысы зерттеушіні тірілердің бейіт басындағы іс-әрекеттері қызықтырды. Петрухинннің бұл бақылауы дәстүрді зерттеуге маңызды тәсілдердің бірі болуы мүмкін. Сонымен қатар Г. А. Федоров-Давыдовтың өзінің асқан дәл түрде көшпелілердің жерлеудәстүрлері маңызды істердің бірі болып табылады. Көшпелілердің заттары ұқсас болса да, ол анализ жүргізу арқылы печенегтердің, түріктердің және половецтердің жерлеу дәстүрлерін ажырата білді.[2.,б 47-49.]

Қадырбаев М.К. тасмолалық қорғандардың материалдары арқылы логикалық ой қорытындылар жасаған болатын. Ол тонаушылар лақтырып тастаған ат бастарында табылған жүген қалдықтарына қарап, ұрлық жерлеуден кейін көп уақыт өтпестен бұрын болған деген ойға келді. Қадырбаев зираттардан түгел алтынның жоғалуына қарап, сол кезде мүліктік бөлінушілік қана емес, сонымен қатар жеке меншік дамыған деген қорытынды жасады.

Калиев Б.А., Малибаев М.М.

(М. Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Әдебиеттер:

1.  Плешаков А.А. Культуры древнего и средневекового Казахстана (учебно-методическое пособие по истории и археологии Казахстана). Петропавловск, 2004-207б.

2.  Авдусин Д.А. Полевая археология СССР. Москва: «Высшая школа»,1980-47-49с.Токарев С.А. Ранние формы религии. Москва: издательство политической литературы, 1990-622б.

3.  Токарев С.А. Ранние формы религии. Москва: издательство политической литературы, 1990-622б.

4.  Усманова Э.Р. Могильник Лисаковский 1: Факты и параллели. Караганда-Лисаковск, 2005-231б. 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?