Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Сәуле Бағдатовамен сұхбат

13218
Қазақстан әлемдік тарих кеңістігіне кіре отырып, ұлттық тарихты дамытудың жаһандық перспективаларын анықтады.

Қазақстан әлемдік тарих кеңістігіне кіре отырып, ұлттық тарихты дамытудың жаһандық перспективаларын анықтады. Мұндай пікірді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Сәуле Бағдатова білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгінде еліміздің ғылыми жетістіктеріне тыңғылықты, терең талдау жүргізілді – ұлттық тарихи ғылымды одан әрі дамытудың міндеттері мен перспективалары анықталды. Қазақстан тарихының маңызды сәттерін тұжырымдамалық тұрғыдан қайта пайымдап, отандық тарих ғылымында таптаурын болған түсініктерден бас тарту қажет», - деді институт қызметкері. 

Сондай-ақ қазір «кәсіптік жылжудағы бірлестікке, жоғары кәсіптік жас зерттеушілерді даярлау қажеттілігіне» ерекше назар аудару керек екендігін С. Бағдатова атап өтті.

«Отандық зерттеушілердің қызметіне парадигматикалық өзгерістер енгізіп, жаңа тұжырымдамалық көзқарастарды дамыту міндеті қойылды. Тұтастай алғанда XXI ғасырда отандық тарих ғылымының мүлдем жаңа образы анықталды, оның негізінде «ұлттық тарих қоғамдық ғылымдар арасында көшбасшы болуы тиіс», - дейді ол. 

Сарапшы сондай-ақ ХХ-XXI ғғ. шегінде Қазақстанда Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың басшылығымен ірі саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалар жүргізілгенін, 1-2 онжылдықтың ішінде жүз жылдық міндеттер шешімін тапқанын атап өтті.

С. Бағдатова «Қазақстанда ғасырдың соңғы кезеңінде орын алған ауқымдылық және оқиғалардың тарихи маңыздылығы тиісінше отандық тарих ғылымын жүйелі түрде ойлауды талап етеді», – деп қорытындылады.

Ағымдағы жылы 5 маусымда Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық  ұлттық  университетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М. Тәжиннің төрағалық етуімен ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша кеңес өткендігін естеріңізге саламыз.