Бүгін тарихта

Пәкістанда қазақтың ұлы ақыны Абайдың "Таңдамалылар" жинағы жарық көрді.

1957 жылдың 19 қыркүйегінде Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашты.

1994 жылдың 19 қыркүйегінде жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде тіркелді

1994 жылдың 19 қыркүйегінде жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде тіркелді

2005 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында батыр Бауыржан Момышұлына ескерткіш орнатылды

- = -

1741 жылы Орынбор қаласының іргетасы қаланды

1740 ж. В.Татищев сауда керуендері түнейтін, әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат алды.
Сөйтіп, қазіргі Қызылту ст-сының іргесі қаланды. 1742 ж. жаңадан тағайындалған губернатор И.И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 ж. Кирилов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. О. іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзеннің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының Орынборға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орта Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 ж. 4 қазанда О-да Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды.
Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы