Бұл күн тарихта

2002 жылы 15 шілдеде «Саяси партиялар туралы» ҚР жаңа заңы қабылданды

1941 жылдың аяғында Петропавл қаласында 314-атқыштар дивизиясы жасақталған

Металлургтар күні.

108 жыл бұрынКеңес Одағының Батыры Ысқақов Қапай дүниеге келді.

- = -

1941 жылдың аяғында Петропавл қаласында 314-атқыштар дивизиясы жасақталған

1941 жылдың аяғында Петропавл қаласында 314-атқыштар дивизиясы жасақталған - e-history.kz
74 жыл бұрын Петропавл қаласында 314-атқыштар дивизиясы құрылған
74 жыл бұрын Петропавл қаласында 314-атқыштар дивизиясы жасақталып, солтүстік батыс майданына жіберілді. Сонымен қатар, аталмыш дивизия Ленинград түбіндегі шайқастарға да қатысты. 1941 жылы қыркүйектің 7-нде дивизия жауынгерлері Свирь өзенінің бойында жаудың бетін тойтарды. Дивизиялық Балтық жағалауын, Польшаны жән Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысып, асқан ерлік көрсетті. Соғыс жылдары дивизияның 12000-нан астам жауынгері мен офицері орден, медальдармен марапатталса, үшеуі Совет Одағының Батыры атағы алды. Олардың біреуі – солтүстікқазақстандық П. Гончар. Дивизия Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерен ерлік көрсетті. Олар, әсіресе, Ленинград блокадасын бұзуда қайсарлық танытып, іле-шала Кингисепп қаласын азат еткен. Петропавл қаласының орталығына 314-атқыштар дивизиясына ескерткіш орнатылған.