Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

Атақты әнші, композитор және ақын Жұмабай Жарылғапұлының туған күні

26386
Жұмабай Жарылғапұлы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туып-өскен. Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылық дәстүрлерінің жолын қуушы. Араб сауаты және шығыс поэзиясымен жақсы таныс, жырлар мен қыссаларды жырлаған. Үздік аңшы, палуан-күресші ретінде танымал болды. Ең үздік қазақ әншілері мен добырашылардың әндерін насихаттаушы. «Шұбартау», «Шама», «Қарагөз», «Ардақ» т.б. махаббат лирикасындағы көптеген әндердің авторы. А. Затаевич «Ардақ» әнін музыка өнеріндегі олжасы деп атап, жоғары бағалаған. А. Жұбанов былай жазған: «Жарылғапберді – Сарыарқадағы маңызды әншілердің бірі. Ол – ұлттық ән өнерінің ірі өкілі».