Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

104 жыл бұрын филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, аудармашы Бегілбай Шалабаев дүниеге келді

26379
Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Ленинград университетінің аспирантурасын бітірген. Жазушы Коммунистік журналистика институтында, қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивреситетінде жемісті еңбек еткен. Тырнақалды «Тайжеген тауында» атты повесі 1932 жылы қазіргі «Жұлдыз» журналында жарық көрген. Кейін «Жекпе-жек» повесі, «Өмірде не болмайды» әңгімелер мен фельетондар жинағы жарық көрген. Сондай-ақ аударма саласында да қалам тартып, В.Белинскийдің мақалаларын, Короленконың «Мылқау» повесін, М. Горькийдің «Жастар мен балалар туралы» жинағын тәржімалаған. Ол 1948 және 1960 жылдары шыққан «Қазақ әдебиет тарихының» бірінші томы авторларының бірі. Жазушының «Қазақ прозасының тарихы. «Сюжет және характер», «Қазақ романының тарихы» атты монографиялары жарық көрген. 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.