Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1998 жылы «Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты

- = -

Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлының туған күні

26330
Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлының туған күні - e-history.kz
Философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері,
Павлодар облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры болған. 1984-1986 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы. 1986-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті. 1996-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2-ші дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.