Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов дүниеге келген

- = -

«Қазақ» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді

26317
«Қазақ» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді - e-history.kz
Орынборда (1913 жылғы 2 ақпаннан 1918 жылғы 26 қыркүйекке дейін) араб әліпбиімен қазақ тіліндегі апта сайынғы «Қазақ» жалпы ұлттық, қоғамдық-саяси және әдеби газеті жарық көрді. Шығарушылар – қазақ ұлттық қозғалысының басшылары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы. Газеттің басты мақсаты – «Алаш» ұлттық-либералдык зиялылар партиясының және Алашорда үкіметінің идеяларын, қызметін насихаттау. Жалпы таралымы 8 мың данадан асатын 264 нөмір шықты. Газетті қаржыландыру жазушылар, жарнама берушілер мен баспашылардан түскен мүшелік жарналар есебінен жүргізілді (Мұстафа Оразаев, «Азамат» серіктестігі). «Алғашқы жазушы» - бас редактор Ахмет Байтұрсынұлы.