Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

БОАК-нің 1930 жылы 23 шілдедегі қаулысымен округтер жойылып, аудандарға бөлу енгізілді

- = -

1932 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстан базасы жасақталды

26087
1932 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстан базасы жасақталды - e-history.kz
КСРО ҒА-ның Қазақстан базасы жасақталды.
XX ғасырдың басынан бері алғашқы мемлекеттік мекемелер ашыла бастайды. Өлкелiк өсiмдiк қорғау станциясы (1924), Тыңайтқыш және агрономиялық-топырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926) ашылды. Алматы Бас геология комитетінің және Түстi металдар институтының бөлiмшелерi жұмыс iстей бастады. 1927 жылы республиканың табиғи ресурстарын кешендi түрде зерттеу жөнiнде КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрылып, оны академик А.Е. Ферсман басқарды. 1932 жыл қарсаңында республикада 10-нан астам ғылыми-зерттеу институты мен тәжiрибе станциясы, жүздеген тiрек пунктерi, зертханалар мен ауа райын зерттеу станциялары, бiрсыпыра геологиялық барлау ұйымдары болды. 1932 жылғы 8 наурызда КСРО ҒА-ның Қазақстан базасы жасақталды. Мұнда зоология және ботаника секторлары жұмыс істеді.