Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

КСРО халқының 1941-1945 жылдардағы ҰОС жеңіске жеткен күні. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады.

1909 жылы 9 мамыр күні қазақтың тұңғыш кәсіби кинооператоры, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тынышпаев Ескендір Мұхамеджанұлы дүниеге келді

- = -

Минскте «Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы шеңберінде ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы декларацияға» қол қойылды.

26074
Минскте «Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы шеңберінде ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы декларацияға» қол қойылды. - e-history.kz
Мемлекеттер – Достастық қатысушылары, Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығын құру туралы Келісім және Достастықтың өзге құжаттары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді қадағаламауды жоюға шешім еткен, халық және мемлекеттер арасында конфронтация және келіспеушіліктің қозуына жол бермеу үшін өз жауапкершілігін жете түсініп, өзара түсіністік пен сенім атмосферасының нығаюына қолғабыс етуге ұмтылып, халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаттары мен нормаларын ұстанатынын растап, келесіні қамтамасыз етуге салтанатты түрде міндеттенеді: 1. Достастық шеңберіне өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерді қатаң орындау. 2. Бір бірінің ішкі істеріне араласпау. 3. Мемлекеттік шекаралардың аумақтық тұтастығын және дербес құлықтылығын құрметтеу. 4. Азшылық ұлттардың құқықтарын қоса алғанда, адам құқығы және негізгі еркіндік саласында халықаралық стандарттарды бұлжытпай сақтау. 5. Достастық мемлекеттердегі қоғамдық-саяси өмірді бұқаралық ақпарат құралдарында объективті және ақылға салып жариялау, сондай-ақ ұлтаралық алауыздықты тудыра алатын мәліметтерге жол бермеу. 6. Фашизм, нәсілшілдік идеяларды, ұлтаралық қатынастарда төзімсіздік пен алауыздықты насихаттайтын саяси партиялар мен топтардың қызметіне жол бермеу. 7. Достастық қатысушыларының - Мемлекет басшылары көрсетілген қағидаттарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеуге, тиісті мемлекеттік құрылымдар арқылы осы Декларацияның ережелерін орындауға қолғабыс етуге, сондай-ақ телеарнаның бірінші бағдарламасының мәртебесімен байланысты мәселелерді пысықтауға міндеттенеді. Минск қаласында 1992 жылғы 14 ақпанда орыс тіліндегі жалғыз түпнұсқалық данада жасалған. Түпнұсқа данасы Беларусь Республикасы Үкіметінің мұрағатында сақталады, ол осы декларацияға қол қойған мемлекеттерге оның куәландырылған көшірмесін жолдайды. Әзербайжан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін А.Муталибов Б.Ельцин Армения Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін Л.Тер-Петросян Премьер-министр А.Мирзоев Беларусь Республикасы үшін Түркменстан үшін Жоғарғы Кеңес төрағасы С.Шушкевич С.Ниязов Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін Н.Назарбаев И.Каримов Қырғызстан Республикасы үшін Украина үшін Премьер-министр Т.Чынгышев Л.Кравчук Молдова Республикасы үшін М.Снегур