Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

23 жыл бұрын Алматыда «Түркі халықтары музыкасының» бірінші халықаралық симпозиумы басталды.

- = -

Билеушілерді, байларды және дінбасыларды әскерге алудан босату туралы бұйрық шықты

26037
Билеушілерді, байларды және дінбасыларды әскерге алудан босату туралы бұйрық шықты - e-history.kz
1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал-губернаторы А.Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан босатылды. Олар: болыстық, селолық және аулдық билеушілер; жергілікті (бұратана) халықтың төменгі полицияда істеп жүрген шенділері; имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер; мекемелерде ұсақ несие мәселесімен айналасатын бухгалтерлер мен есепшілер; мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген, дворян және құрметті азаматтар әулетінің құқығына ие бұратана халықтың өкілдері; сонымен қатар осындай құқықтардың жеке иегерлері. Түрлі тактикалық тәсілдермен патша өкіметі майдан жұмыстарына жұмылдыруды жүргізуге көмектескен бұратана халықтың әкімшілігін, байлар мен мұсылман дінбасылардың бір бөлігін жалпыұлттық қозғалыстан бөліп әкете алды. Көбінесе олардың балалары жұмылдыру жұмыстарынан босатылатын, бұл кедейлердің ашу-ызасын келтіретін.