Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарихшы Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туылған күні

Ташкентте «Түркістан уалаятының газеті» алғаш рет қазақ тілінде жарыққа шыға бастады

- = -

ҚР «Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру туралы» Жарлығы қабылданды

25993
ҚР «Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру туралы» Жарлығы қабылданды - e-history.kz
1995 жылы ҚР сыртқы экономикалық қызметтін ырықтандыруға келесі қадамдар жасалынды: ұлттық және жеке қауіпсіздік пен денсаулық (экспорт бойынша 9 және импорт бойынша 11 атауы) есептері бойынша құрастырылған, тауарлардың қысқа тізімін қоспағанда, барлық экспорттық квоталар мен лицензиялар жойылды. Стратегиялық тауарларды сыртқа сату монополиясының күші жойылды, шет елге тауар шығарушылардың валюталық ақша түсімін міндетті түрде сату жойылып, сауда саттықта айырбастауға тыйым салынып, биржалық және аукцион саудасы кеңейтілді. 1995 жылдың қаңтарында Ресей, Қазақстан және Беларусь Кедендік Одақ туралы келесім шарт жасасты. Кейінірек Қырғызстан пен Тәжікстан қосылды. Оның негізгі мақсаты кедендік кедергілерді алу, тауарлардың, капиталдардың, адамдар мен қызметтердің еркін жылжуы үшін бірегей экономикалық кеңістік құру болып табылды. 1995 жылы салық салынатын атауының тізімі бұрындығай 12 атаудан тұруына қарамастан, экспорттық және импорттық кеден баж салықтарының мөлшерлемелері төмендетілді. 1995 жылдың 11 қаңтарында заң күшіне ие, «Сыртқы экономикалық қызметтін ырықтандыру туралы», Президент Жарлығы қабылданды.