Компартияның мұрагері болып Социалистік партия жаңадан құрылды
Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті өмір сүруін тоқтатты. 7 қыркүйектегі кезектен тыс съезде саяси ұйым өзін өзі тарататындығы туралы жариялады. Компартияның мұрагері болып Социалистік партия жаңадан құрылды. Саяси сахнадан коммунистер кеткен соң қалыптасқан саяси вакуумды 80 жылдардың соңынан іс-қимылдарымен таныла бастаған өзге қоғамдық ұйымдар толлтыруға тырысты. Мәселен, қыркүйекте «Азат» қозғалысының негізінде Республикалық партия құрылды. Қазанда “Невада-Семей”, “Арал-Азия-Қазақстан” қозғалыстары, Әйелдер одағы, “Бiрлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Қазақ тілі” қоғамы мен ұлттық-мәдени орталықтар Қазақстанның халық конгресі (ҚХК) партиясына бірікті. Формалды түрде Қазақстанда көппартиялылық жүзеге асқан республикаға айналды
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 64 95 59
(ішкі - 1164)