Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1916 жылы Николай ІІ-нің майдандағы қара жұмысқа Қазақ және Түркістан өлкелерінің 19-дан 43 жас аралығындағы жігіттерді шақыру жөніндегі жарлығы шықты

81 жыл бұрын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды

5 жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2009 жылғы қарашаның 27-сіндегі Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды

- = -

Қазақтың аса көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтің туған күні

25913
Қазақтың аса көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтің туған күні - e-history.kz
Қазақ аса көрнекті ақыны, Ұлы Отан соғысының жауынгеры, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, "Мен – Қазақпын" поэмасының авторы.
Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Совет Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет іетеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым. Жұбан Молдағалиев 7-сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі (XII-ХӀӀӀ съездерде). Ж. Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.