Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың туылған күні.

25888
Композитор Шәмші Қалдаяқовтың туылған күні. - e-history.kz
композитор, Қазақстанның халық артісі (1991).
Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.