Қорғалжын жерінде Жәнібек ханның сүйегі қайта жерленді

Бөлісу

12.09.2025 6080

Бүгін Қорғалжын жерінде тарихи әрі тағылымды оқиға орын алды. Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Жәнібек ханға арналып қайта жерлеу рәсімі өткізілді. Бұл ұлттық рухты көтеріп, тарихымызды жаңғыртатын маңызды сәт.


Салтанатты рәсімге Қорғалжын ауданының әкімі Алин Алмас Аянұлы арнайы қатысып, бұл шараның тарихи маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, елге танымал ғалымдар, тарихшылар мен археологтар қатысты:
 
- Артықбаев Жамбыл Омарұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор  
- Бимолдин Жангелді Бержанұлы – тарих магистрі, Астана мемлекеттік архивінің директоры  
- Есен Сырым Ғадылықұлы – PhD доктор, археолог  
- Қасенәлі Айбар Ерланұлы – PhD доктор, археолог  
- Тілаукабулов Данияр Төлегенұлы – PhD доктор, археолог  
- Укеев Жасұлан Кәрімұлы - тарих ғылымдарының магистрі, Ақмола облысы мәдениет басқармасының  "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" КММ директоры.

Бұл игі бастама – Ел Президентінің ұлттық тарихқа, елдік санаға деген қамқорлығы мен құрметінің көрінісі. Шара ел рухын көтеруге, жас ұрпаққа тарихи сананы сіңіруге бағытталған маңызды қадам болды.

Бөлісу