Алматы да Алтай би Найманбайұлы атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференсия өтті
29.12.2022 1970

2022 жылғы 28 желтоксанда «Алтай би» қоғамдық қоры бастамасымен, Алматы қаласы әкімшілігі, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, әл-Фараби атынданы КазҰУ, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университеті, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институтының ұйымдастыруымен «Дала экспедициясы негізіндегі деректер және Ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайулы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.


Конференция жұмысына отандық жетекші ғалымдардан бөлек, Түркия, Қырғызстан елдерінен ғалымдар қатысты. Жиында бас қосқан тарихшы-ғалымдар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, ЖОО оқытушы-профессорлары, Алматы қаласы мен облысы әкімдіктерінің өкілдері мен жас ғалымдар Қазақ елінің бірлігін сақтауда ерен еңбек атқарған тарихи тұлға Алтай бидің өмірі мен жер тұтастығын сақтаудағы рөлі туралы ғылыми баяндамаларын жасады.  

Ғылыми шарада ҚР ҰҒА-ның академигі Д.К. Кішібеков, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов, ҚР Парламентінің депутаты, сенатор Ж.Ә. Жөргенбаев, «Алтай би» қоғамдық қорының президенті, заң ғылымдарының докторы Қазыбекби Бүйтекұлы, Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Қ.Е. Байділдаевтың  құттықтау сөздерін арнап, Қазақ тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлға |Алтай би Найманбайұлының елдік қызметі бойынша ғылыми пікірлерін айтып өтті. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Жандарбек Әшімхан Алтай бидің Қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолындағы қызметіне шолу жасап, конференция ұйымдастырушыларына алғысын білдірген арнайы құттықтау хаты ғылыми-көпшілік қауымға таныстырылды. 

Өскелең ұрпақ бойына елжандылық қасиет пен кітап оқу мәдениетін нығайту мақсатында Алтай би ұрпақтары білім алған Алматы облысы Кеген ауданындағы А. Түркебаев атындағы орта мектептің білім алушыларына Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғалымдары шығарған ғылыми еңбектерден 200 кітап сыйға берілді. 

Ғылымдағы жетістіктерімен көзге түскен үш бірдей жас ғалымға «Алтай би» қоғамдық қорынан арнайы стипендиялар табысталды.