Хет империясы және өзіміздің кете тайпасы
27.09.2017 2038

Жаңа заманда қазақ шежіресіне  үлгі болған  Әбілғазы баһадүр хан өз жазбаларында  Қара хан мен Уыз ханның әңгімесін баяндай келіп, Уыз ханның заманы туралы ....“мұның хан болғанын мұсылманша шежіре кітаптар біздің пайғамбарымыздан 3400 жыл бұрын дейді, яғни Уыз хан біздің заанымызға дейінгі 2800 жылдары өмір сүрген-мыс. Егер біз шежіредегі осы хронологиялық мөлшерді нысанаға алып осы жұмбақ  кезеңді хет немесе кете халқымен байланыстырып жұмыс жасап көрсек қайтеді ?

 Тарихи деректерге қарасақ, бұл заманда батыстық ғылыми әдебиетте «хетта/ хита» атанған халықтың Кіші Азия мен Месопотамияны жаулап алғаны белгілі....Осы  хеттердің біздің  Уыз қағанға, сол дәуірдегі Ұлы дала тарихына қатысы қандай ?

Қазақ  тарихшылары әлі де батылы бара алмай отырған тақырыпты алғашқы көтерген Н.А.Аристов хет мәселесін біздің тарихпен екі тұрғыда жақындастырады.

Біріншіден, хет жазуы аталатын жазудың көне түркі-орхон емлесіне ұқсастығы, тіпті туыстығы жөнінде. Н.А.Аристов «сходство многих знаков тюрско-орхонского алфавита с знаками алфавитов финикийского, ликийского, хитийского, -при малой вероятности занесения последних с берегов Средиземного моря в Монголию,-может служить доказательством самостоятельного составления с одной стороны малоазийских и с другой-орхоно-тюркского алфавитов одинково из скотоводческих клейм или тамг, которые у всех скотоводческих народов имеют большее или меньшее сходство, ибо должны удовлетворять, как выше сказано, общим необходимым условиям. Из числа упомянутых древних письмен отличаются особою многочисленностью сходных с тюрко-орхонским алфавитом знаков хитийский. Если подтвердиться  предположение о туранском происхождении хитийцев, то вместе с тем станет вероятным составление хитийских псиьмен не вообще из скотоводческих, а именно из тюркских родовых тамг».

Екіншіден, Н.А.Аристов Кіші Азия жерінде б.з.д. ІІ мыңжылдықта үстемдік құрған хити (хетты) елінің қазақтың этникалық құрамындағы «кете» руымен байланысы жөнінде болжам жасады. Оның жазуына қарағанда : «Хити прибыли в Каппадокию и отсюда распространили свою власть на Северную Сирию и Киликию тысячи за два лет до Р.Х. Первые египетские фараоны, предпринимавшие походы в Сирию между 1800-1600 гг. встретили отпор только от хити. Договор Рамзеса ІІ с царям хити об оборонительном и наступательном союзе есть самый древний известный дипломатический акт. «Вместо исторических хроник, хити оставили нам бесчисленные памятники своих побед... Везде (от гор Киликии до Эгейского моря), где только находились какие-нибудь стратегические пункы, для наблюдения за ущельями и дорогами, или для прикрытия крепостей,- хити выгравировали на окружающих скалах фигуры своих царей и богов, сопровождаемые часто надписями». Хити постпенно ослабли, но упоминание о них и о столице их Гарагмыше на Ефрате прекратились лишь  века за два донового вторжения скифов в западную Азию в 634-627 гг. До Р.Х., когда они проникли до Египта (Масперо. Древняя история народов Востока. М.,1895. с.178-179, 247 и пр.). Conder думает (Hittite Ethnologie Journal of the Antropological Institute of great Britan,1888,  vol.ХУІІ,р.155), что финикийский алфавит очевидно происходит от хиттийских иероглифов. Имя хити (Khita как пишут некоторые английские ученые) напоминает загодочное имя рода Малой орды китэ, китя, с тамгой в виде креста или знака умножения, которые оба встречаются в хитийских иероглифах».

 Бізге дейінгі зерттеушілердің көпшілігі Кете тайпасын Кіші жүздің Әлімұлы аталатын ірі тайпалық құрмасынан таратады. Шежіре бойынша Кіші жүздің арғы аталарының бірі Қадырқожадан (Қаракесектен) Байсары, Әлім, Шөмен туады. Байсарыдан Бозаншар, Майлыбай. Байсары баласы Майлыбай екеуі жаудан өледі. Бозаншардың шешесі Кетебикені Әлім жеңгедей алады. Әлімнен Тайқожа –Ақкете, Бозаншардан Адамқожа, Сәду (киімді, яғни  сырттан келіп қосылған). Адамқожадан Қара кете. Әлім өлген соң  Кетебикені Шөмен жеңге алады. Одан Томенқожа, одан Томпақ, Сары. Сәдуден Сәбден.

Соныменен Кетебике үш ағайындыға кезекпе-кезек шығып үш ұл тауып осы үш ұлдан тараған ұрпақ өзін кете деген елміз деп атайды. Олар Шөменнің өз әйелінен туған Шөмекеймен бірге өсіп, еншілес болғандықтан «Кете –Шөмекейміз» деушілік шықса керек (Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. Алматы,1994.-109-110; Толыбеков С. Қазақ шежіресі. Алматы,1992-84 б.).  Бір ескеретін мәселе шежіреде әйел образының болуы қашанда оқиғаның көне екендігіне дәлел есепті.

Соңғы кезеңде «Солтүстік Арал аймағының қазақтары» тақырыбы бойынша арнайы ғылыми жұмыс жасаған Р.А.Бекназаров Кете тайпасына қатысты деректерді саралай отырып былай деп жазады: «Шежіренің жалпы халықтық нұсқаларына қарағанда Қаракесектің бірінші әйелі Тоқсұлудан Байсары туады. Тоқсұлу қайтыс болғаннан кейін Қаракесек өзінің балдызы Қағазға үйленеді де одан екі ұл -Әлім мен Шөмен туады. Байсары Кетебике деген қызға үйленіп одан Бозаншар мен Майлыбай туады (Бозаншарды кейбір деректерде Бозанша деп те атайды). Байсары ұлы Майлыбай екеуі бір соғыста қайтыс болып, Кетебике әмеңгірлік тәртіп бойынша күйеуінің інісі Әлімге шығады. Осы некеден Тегенболат (кейінірек Қарасақал деп атанды) және Тойқожа. Бұдан әрі бір деректер бойынша Әлім де қайтыс болады, Кетебике даланың от басылық  заңы бойынша күйеуінің кіші інісі Шөменге шығады және одан Түменқожаны туады. Басқа бір әңгімелерде Кетебике Байсары өлгеннен кейін Әлімге шықпақ болып жүргенде Шөменнен аяғы ауыр болып қалады, яғни Әлім Кетебикені екі ұлымен –Бозаншар, Түменқожа, алған екен дейді. Осы уақыттан бастап Әлім мен Шөмен арасында «жер дауы мен жесір дауы» басталған-мыс.

Ырғыз өлкесінің қазақтары арасында осы аңыздың бір нұсқасы сақталған. Олардың айтуы бойынша Әлімнің насыбайы бітіп қалып інісі Шөменнен бір атым сұраса керек. Шөмен, ерігіп тұрған жас жігіт, «ат жарыстырайық» дейді. Әлім келіседі. Шөмен атына қамшы басып бара жатып, аруақтардан қолдау сұрап «Дөйт», «Дөйт» деп ұрандайды. Соңынан шауып келе жатқан Әлімге бұл айғай «Койт», «Койт» болып естіледі. Содан мені итті шақырғандай әбден масқаралады, озып бара жатып мені итке теңеп кетті деп Әлім інісіне ренжиді.

Бозаншар өз әкесі өлгеннен кейін Әлімнің қолында тәрбиеленетінін айтттық, бірақ  Әлімнің өзге балалары шеттете бергеннен кейін бір үйір жылқыны айдап Сырдың бойында отырған Шөменге көшіп кетеді:

Асырайды Бозаншаны Әлім алып,

Еншілес еткен оны малын салып.

Әлімнің алты ұлымен сыйыса алмай,

Шөменге жүрген екен қашып барып.

Бозанша қатарынан болды мықты,

Өз деген өз күшімен озып шықты,

Бір күні тойға барып төбелесіп,

Әлімнің төрт баласын ұрып жықты.

Шөмен Бозаншарға қамқорлық жасап, сол жерде от басын құрып, шаруасын құрап алады. Осы себепті Солтүстік Арал аймағында бүгінгі күнге дейін «Шөмекей -Кете бір туған» деген сөз бар...

Бозаншар үйленгеннен кейін өз еншісін алып, анасы Кетебикенің ақылымен маңайына өзінің бір анадан туған емшектес бауырларын жинайды. Осылайша «Кете ауылы» аталатын ел пайда болды». Р.Бекназаровтың жазуына қарағанда «кете тобы үшке бөлінеді: Бозаншардан тарайтын –Ожырай кете, Әлімұлы Тойқожадан тарайтын-Ақ кете, Шөменұлы Түменқожадан тарайтын-Қара кете. Осы үшеуі аналары Кетебикенің батасымен ортақ ұранға әкелерінің бір туған інісі Майлыбайдың атын алған-мыс. Осылайша «Үш таңбалы Майлыбай –Кете» атанған. Осы үш таңбалы елдің құрамына 20 ру кіреді. Ожырай кете: Мырза, Бәйімбет, Алдияр, Бәтіке, Құрманқожа, Төлек; Қара кете: : Томпақ кете, Асан, Жанбақты, Құлыс; Ақ кете: Аққошқар, Байқошқар, Шалқаошқар, Қоңыр кете, Майлы кете, Мама, Түйте, Қалқаман, Естек кете, Сейіт кете».

Жоғарыда келтірілген шежіре деректері Кете тайпасының Кіші жүз құрамында ең көне этникалық субстрат екенін дәлелдеп тұр. Бұл мәселе  тайпа атауынан да көрінеді, анасының атымен аталатын қазақта әр түрлі ру қауымдары аз емес. Екіншіден ру құрамынан біз кетенің өзінің бірнеше түр сипатын көреміз: Ақ кете, Қара кете, Қоңыр кете, Майлы кете т.б.  Бұл түр сипатқа негізделген бөлініс жүйесі де көне дүниенің сарқыты, тым әріге бармай-ақ ортағасырлық қауымдардың атауларын еске түсірейік. Үшіншіден, егер біз жол тәртібі тұрғысынан келсек   Кетенің жолы Әлімнен де үлкен екенін көреміз, яғни Әлім Кіші жүздің үлкені болса, оның ағасы Байсары  жалпы Кетенің атасы. Осы үш дәлел бізге кете тайпасының тарихи бастауларын Кіші Азияда көне заманда империя құрған хетта халқымен байланыстыруға мүмкіндік береді.

         Хетта тақырыбы Еуропа тарихнамасында ертеден бар, бірақ олардың Кіші Азия тарихындағы нақты қызметі, тіпті мекен еткен ортасы да көп замандар дүдәмал болып келді. Тек 1839 Шарль Тексье мен 1842 жылы Уильям Гамильтон атақты Богазкөй маңынан, Алаша күйік ауылының тұсынан хеттердің ескі құрылыстары мен иероглиф жазбаларын тапқанынан ғана ғылымда өзгерістер басталды.  Богазкөй қонысының маңындағы төбелер ірі қаланың орыны, ал қала маңындағы жақпар тас (Язылыкая-Жазулықия) суреттерге толы болып шықты. Қиядағы жақпар тастың орта шенінде қазақ жеріндегі Сырлытам ескерткіштері сияқты үлкен көштің суреті бар. Екі жақтан келген адамдар тастың ортасына қарай бір-бірімен кездесіп, мәре-сәре болып жатыр. Ескі қаланың ортаңғы бөлігінде ғасырлар  соққысына шыдап келген Нысан- тас бетінде иероглиф жазбалар көрінеді. Алаша-күйік осы қаланың қақпасы екені анықталды, ол жерден екі жағында орасан зор арыстан мүсіні орнатылған қала қақпасы табылды. Қазба жұмыстарының кезінде Алаша-күйіктегі қақпаның арғы жағынан толып жатқан қала құрылыстарының орыны мен сынған мүсіндер шықты. Осыған байланысты А.Г.Сейс 1879-1780 жылдары Анадолы жерінен табылған көне дәуірдің жәдігерліктерін алғашқы рет Хетт өркениетімен байланыстырып,  Месопотамиядан солтүстікке қарайғы орналасқан бүкіл Кіші Азия таулы өлкесі ерекше зерттеле бастады. Мысыр перғауындары Эхнатон мен оның әкесі Аменхотеп ІІІ-нің б.з.б.1370-1348 жылдардағы хат-хабарларының ішінде Хетта патшасынан келген құттықтаулар мен дипломатиялық трактаттар табылды. Кейінірек Богазкөй жерінде 1906 жылы Гуго Виклер хетта патшаларының мұрағаты  саяси және тарихи мазмұндағы мәтіндер, шумер-аккад-хетт сөздігі, жылқы өсіру жайындағы 15 мыңнан астам  сына жазулы тақтайшаларға жазылған шығармалар т.б. табылып жарияланды. Осы зерттеу жұмыстары көне дәуір тарихының  ерекше беті болып табылады. Хетта тарихының үш кезеңі болды деп есептеледі: бұл б.з.д. көне 1650-1500, орта-1500-1400, жаңа-1400-1200 жылдар. 

1915 жылы хетта тілінің грамматикасын жариялап, оны үндіеуропалық тілдердің қартарына жатқызған Б.Грозныйдың пікірі тез арада жоққа шығарылды.  Профессор хет қыш тақтайшаларды оқығанда тым еркін тәпсірді қолданған еді, әйтеуір үндіеуропалық боллу керек деген болжаммен сырты ұқсас сөздердің бәріне де батыстық мағына берілді. Хетта жазуының қиындығына байланысты әлі күнге дейін  зерттеушілер арасында дау көп. Дегенмен олардың көпшілігі хетта тілінің үндіеуропалық ортаға сәл де болса жақын екенін мойындайды. Біз осыған байланысты үндіеуропа тілдерінің көне кезеңінде әлі де бізшге түсініксіз құпиялар бар екеніне күмән келтірмейміз. Оның ең басты ерекшелігі үндіеуропа тілдерінің ол кезеңде орал немесе алтай тілдерінен толық ажырамағаны болса керек деген пікірдеміз. Бұл ностратикалық көне тіл көне замандағы ұлы көші-қондардың кезінде өзара дифференцияға ұшырап жаңа тілдерге негіз берді. Егер біз қазақ тілінің қыр-сырына терең бойласақ оның терең қөабаттарынан үнді-еуропалық аталатын, ал шын мәнінде ностратикалық алтын қордың көп қазынасын көрер еді.

         Хетта тарихында Кипр аралымен арадағы қарым-қатынас бізді қызықтырады. Хетта патшсы Тудхалия ІУ заманында осы аралға жорық жасалып оның басшысы отбасымен түгел тұтқынға алаынады. Деректер аралдың хеттерге бағынышты болғанын, көп олжамен қайтқанын айтады. Дегенмен Суппилули ІІ Аласияның кемелерін түгел жағып жіберіп, аралды тағы да басып алғанын жазады. Осылайша олардың арасында бейбіт келісім шартқа қол қойылды дейді.

Қазіргі заманда Кипр аталатын осы аралдың хетта заманында яғни б.э.б. ІІ мыңжылдықта Аласия мүмкін Алашия атанғаны бізді көптеген болжамдарға жетелейді.  Хеттермен бірге Таяу Шығысқа жылқы (алаша, алаша ат) келді. Жылқымен өсірумен бірге оны әскери іске үйрету, екі аяқты әскери арбаға жегу, жарыстарға баптау дәстүрі тарады. Бөгазкөйден табылған қыш тақтайлардың ішінде ат баптау туралы трактат ерекше орын алады. Оның авторы хеттерге бағынышты болған, шығыстан келіп қоныстанған миттанилық (мүйтендік) Кеккули (Кикулы) деген ат сейіс. Ол хетта патшаларының ат бегісі қызметін атқарған. Сонымен бірге деректер арқылы хеттердің Кіші азияға алғашқы жеңіл, шабақты доңғалаққа негізделген арбаларды  енгізгені ешқандай даусыз мойындалады. Олар шумерлердің ауыр, тұтас ағаштан жасалған жасалған арбаларына қарағанда әлдеқайда жеңіл, шабақты доңғалығы бар әскери мақсатқа қолдануға ыңғайлы арбалар. Жылқыны пайдалану оларға керемет мүмкіндіктер берді. Тіпті Шығыс әлемінде кентавр образы жда хеттердің арқасында қалыптасты. Екіншіден хеттер темірді пайдаланды, ол да оларға  өзге халықтардан өзін үстем ұстауға мүмкіндік берді. Деректердің ішінде Мысыр перғауынының сыйлыққа Хетта патшасынан темір қанжар сұрағаны туралы мәліметтер бар. Қола дәуірінде өмір кешіп отырған бұл өңір үшін темір қанжар аса бағалы сыйлық болатын. Осылайша  бүкіл батыс әлемін, Африканы тітіркендірген Хетта империясы құралды. 

Хеттер туралы жазғанда олардың дүниетанымы ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Сөз жоқ сол замандағы бүкіл ежелгі халықтар сияқты хеттердің де бас құдайы Күн болды, дегенмен деректерде хеттерде Тишуб-Тарку аталатын Найзағай құдайы да бар екенін білеміз. Тағы бір ескеретін мәселе хетта храмдарының биік тауларда, құз-жартастар мен үңгірлерде орналасуы. Қазақ жеріндегі тауға, тасқа, үңгірге табыну рәсімдері  хетта мәдениетінде арнайы тау, тас, үңгір рухына табынатын храмдар түрінде өз жалғасын табуы әбден мүмкін деп ойлаймыз.

Енді осыдан кейін хетта халқының түп негізі қазақтың Ұлы даласынан шықты деп айтуға болады ма?!