Мәдени серуен: Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық музей-үйі
04.01.2015 3775
Ертіс өңірінде жүз жыл бұрын күміс көмей әнші – Майра Шамсутдинова әсем де көркем үнімен ән шырқаған.

Атақты әнші атындағы павлодардық музейге қазіргі уақытқа дейін де адамдар келіп тұрады. Өскелең ұрпақтың есінде Майра бейнесі сақталды. Замандастарымыз күміс көмей әншіні әке-шешелері мен ата-әжелерінің естеліктерінен біледі. Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық музей-үйі Павлодар қаласында орналасқан, 1900 жылы музей ғимаратын XX ғасырдың басында белгілі болған көпес Абдул Фаттах Рамазанов салған. Атақты үй сәулет ескерткіші болып табылады. 

Музей қойылымдары әншінің өмір және шығармашылық жолын бейнелейді. Мұнда көрмеге қойылған заттардың ішінде көпес Қыстаубаев тұрған үйдің бұрышында ілулі тұрған мемориалдық тақта (бір кезде бұл үйде Майра да тұрып жатқан, мекен-жайы: Ленин көшесі, 167), Майраның жолын қуған Қазына Сүбекованың 1916 жылғы «Тальянка» гармоны бар. Мұражайға келушілерді Майраның жеке заттары ерекше қызықтырады: үлкен пиала, қызыл жібек шапаны.

Мемориалдық тақта 

«Тальянка» гармоны

Әнші Майраның киімі

Музейдің екінші залында өткен ғасырдың 20-жылдарындағы бөлменің ішкі көрінісі (интерьері) көрсетілген. Көрменің ортасында — әншінің темір кереуеті (төсек-орын жабдығымен) және қол жұмысымен атқарылған шымылдық. 

Әнші кереуеті 

Майра 1890 жылы дүниеге келген. Әке-шешесі: павлодардық бөрікші (бөріктерді тігілетін адам) Уәли Шамсутдинов және оның жұбайы Катрина. Жас кезінен Майраның дарынды даралығы әншiлiгi, сазгерлiгi, орындау қабiлеттiлiгi жоғары дәрежеде болған. Оның әке-шешесі өз қызына музыкалық білімді бере алмай, «Тальянка» гармонын сатып алды. Майра музыкалық аспапты бірден жақсы көріп кетіп, оны керемет меңгерді. Осыдан кейін ол өзінің әндерін және саздарын жаза бастаған.

Майра Шамсутдинова

Жергілікті жәрмеңкелерде, шайханаларда өзінің өнерін көрсетіп жүрген, шығармашылығы тыңдармандардың назарынан тыс қалмаған... Ол кез-келген әнді орындай алатын болды: халық әндерінен қиын композицияларға дейін. Табиғи сирек кездесетін қоңыр дауысты болып, ерлер ғана орындай алатын әндерді еркін шырқады. 

Майраның күйеуі Жармұхамед Билялов болған. Ол бай отбасынан шыққан. Бастапқыда оның әке-шешесі атастыру рәсіміне қарсы шыққан, алайда Жармұхамед оларды көндірген. Жас жұбайлар бақытты боп тұрған, бірақ Майраның күйеуі көп ұзамай қайтыс болған.

Майра мен оның күйеуі


Қазақтың жеріне еңбегі сіңген белгілі этнограф (қазақ халқының әндерін жинаған) Александр Затаевич Майра Шамсутдиновамен көптен бері танысқысы келіп жүрген.

Александр Затаевич

Бір кезде кемемен Ертіс кезіп жүрген ол әйелдің керемет дауысын естіді. Палубаға (кеменің үсті) шыққанда, ол ән шырқайтын әйелді көріп қалды. Әрине, бұл күміс көмей әнші – Майра Шамсутдинова болып шықты. Александр Затаевич онымен танысып, ән айтуынды өтінді. Осы жерде де, яғни палубада, әйгілі этнограф әндердің сөздерін мен саздарын жазып тұрды. Оның еңбегінің арқасында ғана, атақты Майра репертуарынан 14 ән біздің заманымызға дейін жетті.

Осы кемеде Затаевич пен Шамсутдинова кездескен

Александр Затаевич дарынды әншінің болашағы жарқын болады деп жорамдап айтты. Майраға өзінің іскерлік ұсыныстарын айтты. Дегенмен, жоспарлар орындалмай қалды... Олардың кездесуі 1926 жылғы жаз уақытында болды, ал 1927 жылдың қантар айында Майра дүниеден озды.

Майра өмірінің қысқалығына қарамастан, 10 ән жазып үлгерді. Әндер белгiлi этнограф А.В. Затаевич «қазақ халқының 1000 және 500 әні» жинағына енді. Өмірбаяндық «Майра» әні ең танымал болып шықты.