«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастырған «Менің Елім -Моя страна» мотожорық мүшелері Маралды көліне арнайы сапар шекті. Маралды көлі Павлодар облысындағы емдік қасиеті бар курортты мекен.
Маралды көлінің аумағы 5,5 мың гектарды алып жатыр. Бұрын мұнда ешқандай инфрақұрылым болмаған. Соған қарамастан демалушылар Маралдыға жаз бойы ағылады екен. Осыған байланысты облыс әкімінің бастамасымен ағымдағы жылы Маралды көлін демалыс аймақтарының қатарына енгізіп, оның айналасын абаттандыруға кірісуде. Қазір құрылыс жүріп жатыр. Демалушыларға жағдай жасау үшін біршама іс атқарылыпты. Болашақта емдік-санаторий курортын ашу жоспарлануда, онда сазбен емдейтін орындар, ванналар жұмыс істейтін болады. Жақын уақытта емдеу орнының құрылысы жобасын әзірлеуді қолға алынбақ.
Маралды тұзды көлінің шипалық батпағы жыл сайын мыңдаған қастерлеушілерді тартатын, болашағы аса мол екендігіне біздіңде сеніміз мол, себебі мотошеру кезінде оған өз көзімізбен куә болдық.
Аталған аймақтың қасиеттілігі бір бөлек, сонымен қатар, Қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясының Мұзағасы-музағасы болған Мұзаффар Әлімбаев ағамыздың кіндік қаны тамған бұл өлкеден бүгінде елімізге, облысымызға танымал көптеген тұлғалар туып ұшқан. Олар түгелдей мектеп мұражайы төрінде жас ұрпақтың мақтанышына айналып орын алып тұр. Өздерінің рухани байлығы, ауылының бай тарихымен таныстырған мектеп ұжымы қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алып қимай шығарып салды.
Одан кейін Жылыбұлақ ауылына он шақты шақырым жердегі кезінде Павлодар уезінің Маралды болысындағы Абылай хан туысқандарының мазарлары, соның ішінде Абылай ханның немере ағасы Шаншар Сұлтанмаметов және Ұрұс Сұлтанмаметов (Сұлтанбетов, сұлтан Маметов)-тердің әулетінің мазары деп танылған Байжырық аталатын жерде болып мазарларды көріп, тарихтан сыр шертісті.
Арықарай қарағайлы өңіріндегі Арбиген аулына қарасты Ғабдылуахит хазірет Тіленшіұлының (1853-1926) кесенесінде болып, құрбандыққа мал шалып, Құран бағыштап зиярат жасаған топ, дастархан үстінде Павлодар өңіріндегі қасиетті жерлер, әулиелер мен әмбиелер, дін және қоғам қайраткерлері, осы өңірден туған танымал адамдар туралы көптеп сыр шертісті. Хазірет Ғабдыл-Уахит Тіленшіұлы – өз заманының танымал адамы болды. Адалдық пен әділдікке, ізгілік пен мейірімділікке бастайтын ислам дінін тереңінен меңгеріп, оны халық арасында насихаттады. 1926 жылы өмірден өткен Ғабдыл-Уахит хазірет өмірін қасиетті дінімізді жаю жолына арнаған, сырқат адамдарды қасиетті дұғалармен емдейтін, мұқтаждарға қолынан келген жәрдемін беретін, осы қызметтері үшін үлкен құрметке ие болған екен. Оның бейітінің басына адамдар үмітпен, сеніммен келіп, тәу етіп, Алладан жәрдем сұрайды. Адамдар легі күні бүгінге дейін еш толастамай ағылуда.
Қасиетті Маралды көлін маңын көріп-білген мотожорық тобы тарихи жерлерге саяхатын одан одан әрі жалғастырды.