Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

633
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті - e-history.kz

Бүгін Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Қазақстан мен қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы

Конференция Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Тарих факультеті, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Тарих институтының ұйымдастыруымен өтіп, шараға Ресей, Беларусь елдері мен Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Семей  қалаларынан тарих ғылымы саласының өкілдері, архив қызметкерлері, ғалым-зерттеушілер, ғылыми мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессор-оқытушылар, докторанттар мен магистранттар оффлайн және онлайн форматта қатысты.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан мен оның халқының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы гитлерлік нацизмді жеңуге қосқан үлесін зерттеу. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әлемдік және отандық тарихтың өзекті мәселелерін талқылау көзделуде.

Аталған іс-шара барысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесінің 80 жылдығын мерекелеудің маңыздылығы мен қазақстандықтардың  Ұлы Жеңіске жасаған ауқымды үлестері баяндалды. 

Ғалымдардың баяндамаларында Екінші дүниежүзілік соғыстың совет-герман майдандарындағы шайқастары, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі, армияны азық-түлікпен, киім-кешекпен және қару-жарақпен қамтамасыз ету, соғыс жылдарындағы мәдениет пен өнердің жай-күйі, ғылым мен білімнің, құрылыстың дамуы, эвакуация және депортация мәселелері, тылдағы ерлік еңбек, демографиялық өзгерістер және басқа да көптеген отандық және шетелдік тарих ғылымының маңызды тақырыптары қарастырылды.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?