Аталған жиында Отан тарихына қатысты көптеген мәселелер талқыланып, ортақ негізгі дерлік үш мәселеге қатысты қаулы қабылданған еді.
1. Қазақ тарихын зерттеудің методологиясы бойынша еңбекті дайындау;
2. Ұлт лидері феноменін зерттеу;
3. Аймақтық мұрағаттардағы құжаттарды зерттеу.
Біз бірінші қаулыға қатысты айтпақпыз. Ол – қазақ тіліне аударып, алғы сөзімен, аудармаға түсініктемемен ұсынып отырған, тарихты зерттеудің методологиясы бойынша осыдан 100 жылдан астам уақыт бұрын жарыққа шыққанымен, әлі күнге дейін өзінің ғылыми құндылығын жоймай, бірнеше мәрте басқа тілдерде жарыққа шығып жатқан, тарихты зерттеудің методологиясы бойынша классикалық еңбек болып табылатын француздың танымал тарихшылары Ш.-В. Ланглуа мен Ш. Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты ғылыми монографиясы. Аталған еңбекті Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, т.ғ.к., Бағыш Ғабдулина қазақ тілінде әзірлеп шығарды.
Жоғарыда айтылған ғылыми еңбек 1899 жылы орыс тіліне аударылып, бірінші рет жарыққа шыққан, кейін екінші рет тек 2004 жылы тарих философиясының танымал маманы Юрий Семеновтың басшылығымен қайта өңделіп, РФ Мемлекеттік көпшілік тарихи кітапханасының баспасында жарық көрді. Мәскеулік кітапханамен келіссөз жүргізудің нәтижесінде, француздың танымал тарихшылары Ш.-В. Ланглуа мен Ш. Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты ғылыми монографиясын қазақшаға аудару үшін келісімшарт жасасып, қазақшаға аударып, редакциялап, тарихшыларға, көпшілікке ұсынылды.
Классикалық еңбек болып табылатын француз тарихшылары Ш.-В. Ланглуа мен Ш. Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты ғылыми монографиясының қазақшаға аудармасы бойынша 2013 жылы 25 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен тарихшылардың II Конгресінде доцент Б.Габдулина баяндама жасап, нәтижесінде ғалымдар тарапынан қолдауға ие болып, тарих маманын дайындайтын республикамыздың барлық ЖОО қамтамасыз ету туралы Қаулы қабылданды. Ш.-В. Ланглуа мен Ш. Сеньобостың «Тарихты зерттеуге кіріспе» атты ғылыми монографиясы Отан тарихын зерттеудің методологиясы бойынша тұңғыш еңбек болып табылады.
Авторлар қызықты әрі айшықты тілмен жазылған осы еңбекті тек арнайы мамандар үшін ғана емес, сонымен қатар тарихқа қызығушылығы бар қауым мен тарихтың қалай жазылатынын және тарихшыларға қаншалықты сенуге болатынына көз жеткізгісі келетін көпшілікке арнаған. Бұл кітап бүгінгі таңда да Франция, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да көптеген мемлекеттерде қайта жарыққа шығуда.