Қазақ хандығының 550 жылдығы Астрахань облысында да атап өтіледі

454
Қазақ хандығының 550 жылдығы Астрахань облысында да атап өтіледі   - e-history.kz

Себебі ХІХ ғасырдың басында Еділ-Жайық өзендері арасында қайта құрылған Қазақ хандығының көсемі Бөкей хан – екі елге де құрметті тұлға. «Ол өз заманында көршілес екі елдің шекарасын жақындатып қана қоймай, олардың тату-тәтті өмір сүруіне де игі ықпал етті», - дейді тарихшылар. Қазақтың батыс ұлыстарындағы 5 мың түтінді соңына ерткен Бөкей хан 1801 жылы Еділ-Жайық арасына қоныстанды. Сөйтіп еліміздің батыс шекарасын тағы да жүздеген шақырымға ұзартып, бір кезде Еділ қалмақтарына қолды болған ата жұртты кері қайтарып алған. 

Нәтижесінде 1830-жылдары Бөкей хандығында адам саны 80 мыңға жетіп, 20 мыңнан астам шаруашылық құрылымы болған. Бүгінде Астрахань облысының Володар, Красный яр аудандарында 100 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Бұл – бір кезде Бөкей хан құрған хандықтың жұрнақтары. «Демек Қазақ хандығының іргесін кеңітіп, көрші мемлекетпен геосаяси ынтымақтастықтың қадасын қаққан Бөкей ханның қазақ тарихындағы орны ерекше», - дейді зерттеушілер. 

Өтепберген Әлімгереев, Бөкей Орда тарихын зерттеуші: - Қазақ елінің шекарасын кеңейтумен бірге қазақтың дәстүрлі экономикасы мен мәдениеті, рухани-әлеуметтік жағдайын еуропалық деңгейде, солардың жетістіктерін үйрену арқылы биік деңгейге көтерді. Халықтың, тұрғындардың мәдениетінің артуына белгілі дәрежеде еңбек сіңірді.

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/47221-atap-tiledi

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз