2016 жылы 29 наурызда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан көшесі, 137, Жамбыл к. қиылысы) сағат 16.00-де «Кара Гюрла» антиквар салонының коллекциясынан «Кеңес елінің өнері» көрмесінің баспасөз туры, сағат 17.00-де көрменің ашылуы болады.
2017 жылы ХХ ғасырдың алып жобасы болған – Жер әлемінің бір бөлігінде социализм құрылысын орнатқан Қазан Революциясына жүз жыл толады. Жыл өткен сайын бұл дәуір артта қалып барады, бірақ оның саяси-әлеуметтік, мәдениеттанушылық, философиялық құны өзінің лайықты дәрежесі мен мән-мағынасын алған жоқ. Социалистік реализм шығармашылық процеске енді қайтып келмейді. Оның кеңестік деуірден кейінгі өнертанушылық және тарихи сипаттамаларында ақыр аяғында саяси және гуманитарлық сәтсіздікке ұшыраған саяси идеяологияны үгіттеу тәсілі болған партия ұрандарын насихаттауды айыптау және сенімсіздік екпіні тоқтар емес. Дегенмен, уақыт өткен сайын уақытты көрсететін туындыларға ғана емес, социалистік идеалдарға шын жүрегімен сеніп, оларды шығармашылығына алып шыққан, сол процеске қатысушы авторларға қызығушылық артып келеді.
«Кара Гюрла» антикварлық салоны жүз жылдық дата қарсаңында КСРО-ның бұрынғы одақтас республикалары – Қазақ ССР-і, Қырғыз ССР-і, Өзбек ССР-і, Закавказье республикалары – Грузин ССР-і мен Армян ССР-інің социализм дәуіріндегі туындыларының көрмесін, дәл кеңес кезеңінде қалыптасқан ұлттық бейнелеу өнері мектептерін ұсынады.
Ресми бекітілген шығармашылық тәсілдің жалпы ресмилігіне қарамастан, әрбір ұлттық мектеп ғасырлар бойы дүниетанымдық және эстетикалық дәстүрлермен шыңдалған ұлттық мәдениетпен байланысты өз стилін, өзінің көркем-бейнелік жүйесін жасап шығарды. Сол себепті де, «Кеңес елі» бүкілодақтық көрмесі әрқашан біртұтас эмоционалдық және тақырыптық үндестіктегі бейнелік-пластикалық әдістердің сан алуандығымен ерекшеленеді.
Қазақстанның көркемдік мектебін Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Тоқболат Тоғызбаев пен Борис Пактың, Қазақ КСР халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтің, КСРО Суретшілер одағының мүшелері Хамза Қиқымов пен Валентин Ткаченконың, Қырғызстаннан – Қырғыз бейнелеу өнерінің негізін салған КСРО Халық суретшісі Сергей Чуйковтың, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Виктор Тюриннің, Өзбекстанның даңқты суретшілері – Петр Мордвинцевтің, Нығмат Күзібаевтың, Р. Ахмедовтің, Грузияның белгілі шеберлері Р. Тордияның, Михаил Хвитияның және т.б. суретшілердің жұмыстары алып шығып көрсетеді.
Көрме 2016 жылдың 14 сәуіріне дейін өтеді.