Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Конституция – елдің дамуы мен гүлденуінің мызғымас негізі» атты дөңгелек үстел

29799

Қазақ ғылымынын қара шаңырағы «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция – елдің дамуы мен гүлденуінің мызғымас негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Жыл сайын елiмiз тәуелсiз Қазақстанның ең маңызды мерекелерiнiң бiрi – Конституция күнiн атап өтедi. Қазақстан Негізгі заңының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Біз саяси тұрақты мемлекет болдық, экономикамызды көтеріп, біздің азаматтық құқықтармызды қорғай алдық.

Ата заң – мемлекетіміздің шырайын келтіріп, сәніне айналған келісімнің, бірліктің және өркендеудің бұзылмас кепіліне айналды.

Іс-шараға Заң ғылымдарының докторы, профессор, Д.А.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университеттің ректоры  Қопабаев Өмірәлі  Қажыбайұлы, заң ғылымдарының докторы Айтқожин Қабдолсамит Көшекұлы және  заң ғылымдарының докторы Әлібаева Гулнар Айтжанқызы қатысып баяндама жасап өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар іс-шараға ғылыми зерттеу институттарының өкілдері, Ғылым ордасы ғылыми кітапханасы мен мұражайларының бөлім басшылары және ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Заң ғылымдарының докторы, профессор  Қопабаев Өмірәлі Қажыбайұлы: «Осыдан 18 жыл бұрын 30-тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған болатын. Қазақстан – жаңа дамып келе жатқан демократиялық ел. Ал заңдылықсыз демократияны көзге елестетуге болмайды. Құқықтық емес мемлекет демократиялық мемлекет бола алмайды. Тәуелсiздiк жылдары iшiнде  Қазақстан сөз жоқ, айтарлықтай алға басты. Еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси т.б.  жағынан дамуы  осы  Конституциямыздың өзектілігін дәлелдеді. Бүгiнгi халқымыздың өмiр сүру деңгейiн көтеру мақсатында қабылданып жатқан заңдардың барлығы, осы негізгі  заңымыздан нәр алады» – деді өз сөзінде. Жиын барысында еліміздің дамуында Ата заңның маңызы өте зор екендігі жан-жақты дәлелденумен қатар, осы заңымыздың мән-маңызын жұртшылық арасында насихаттау кемшін екені де әңгіме болды.

580bb6d35709de660e9e9db58d30280f.png     9bf6cbc381a4ae28f3601f0501c45046.png


 Аталмыш шараны ұйымдастырушы «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Роза Оспанқызы Кәрібжанова жиынды қортындылаған сөзінде қатысушыларды Конституция кунімен қуттықтай отырып, осы пікір алыста көптеген өзекті мәселелер қозғалып,  пайдалы ұсыныстарда аз айтылмағанын атап қөрсетті. Ол өз сөзінде: «Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Ата заңымыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белестерге шығарған тарихи маңызы аса зор құжат. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды». Демек бүгінгі таңда Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістер Конституциямыздың уақыт сынынан сүрінбей өткенін дәлелдеп отыр» деді.

www.gylymordasy.kz


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?