Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы ат спортының дамуы

29743
Қазақстандағы ат спортының дамуы - e-history.kz

Кітап ел қастерлейтін, мыңдаған жылдар бойы әсем жырлар мен әндерге арқау болып келе жатқан асыл түлік – жылқы малы жайлы зертеулер қарастырылған. Атты, оның ішінде спортқа бейімделген жылқыларды баптау, азықтандыру, жарату сияқты дәстүрлер баяндалған.

Ежелден мал шаруашығымен айналасатын қазақ халқының жылқы аурулары, оларды емдеу шаралары, әдістері жөнінде де қызықты мәліметтер келістірілген.

  Кітап тек жылқы өсірумен айналасатын мамандарға, сонымен қатар ат спортымен шұғылданатын жастарға, студенттерге, көпшілік қауымға да арналған.

Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына жақын көрген қасиетті түлігінің бірі – жылқы. Халық ұғымында «қазақ, дала және жылқы» деген сөздер бір-біріне етене жақын, тамырлас та тағдырлас айтылады. Жалпы, көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың көне заманнан бергі ең көп өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтатыны да – жылқы. Жылқы ең  алдымен, өте ерте басталған жаугершілік талабына сай құнды көлік малы ретінде қолға үйретілген. Өйткені, сол замандарда жауды қуып жетуге немесе онан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Тарих деректері бойынша, адам баласы жылқыны біздің жыл санауымыздан  дейін 3 – 4 мың жыл бұрын білген. Жылқының ең алғашқы үйретілген негізгі Отаны, яғни, мәдени орталығы, Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп саналады. Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар – тарпан мен керқұлан деп есептеледі. Бұл жабайы жылқылар ерте заманда Еуропаның Оңтүстігіндегі далалы аймақтарда, Орталық Азия мен Қазақстанның кең байтақ далаларында мың-мыңдап, үйір-үйірімен жайылып жүрген.

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын, өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгерді. Бірақ адамның жылқыға деген сүйіспеншілігі кеміген жоқ. Қайта жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе – көлік, сүті – қасиетті диеталық сусын, еті – дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған.


u0415.u041c.u0410u0420u042bu041d, u0423.u0425.u0410u041bu042cu041cu0406u0428u0415u0412,u0422.u041a.u0411u0415u041au0421u0415u0418u0422u041eu0412, u0416.u0416.u0423u0410u0425u0418u0422u041eu0412 u049au0410u0417u0410u049au0421u0422u0410u041du0414u0410u0492u042b u0410u0422 u0421u041fu041eu0420u0422u042bu041du042bu04a2 u0414u0410u041cu0423u042b.doc 



Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?