Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейін

29708
Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейін - e-history.kz

20.05.15

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры және БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты.

Қазіргі таңда тәуелсіз, жаңа мемлекет құру барысында Қазақстанның дамуы кезеңдеріне, қоғам өкілдерінің Отан тарихына деген қызығушылықтары ерекше арта түсуде. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, жаңа қоғамның қалыптасуы, мемлекетіміздің өткен тарихына тығыз байланысты, сондықтан Қазақстан мемлекетінің тарихын зерттеу отандық тарих ғылымымен қатар халықаралық сарапшылар үшін-де көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. 

Орталықты мемлекет – Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында қалыптасқан. Қазақ хандығының құрылуы тәуелсіз мемлекеттіліктің іргелі бастамасы ретінде Қазақстан тарихында кезеңдерден тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқыныда» атты өзінің кітабында «…Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет» деп атап көрсетеді. Қазақ халқы мәдениетін, тілін және жерін үшінші мыңжылдыққа дейін яғни алты ғасыр бойы өзгеріссіз сақтаған деген. 

Халықтың Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарихи жолын зерттеу ғылым үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам үшін-де үлкен мағынасы бар. Қазақ хандығының тарихын жаңаша оқып түсіну өскелең ұрпақтың жаңа қоғамдағы тарихи танымын терең түсінуге мүмкіндік береді. 

Конференция жұмысының мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихының өзекті мәселелері, Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет ретіндегі генезис мәселелері; Қазақ хандығының дерекнамасы мен тарихнамасы, Хандық биліктің дәстүрлі басқару институттарының эволюциясы, Қазақ хандығы тарихындағы мемлекеттік нышандар; Қазақ хандығының сыртқы саясаты соның ішінде Қазақ хандығының Шығыс және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастары; Қазақ хандығы тарихының өзекті мәселелерін зерттеу бойынша жаңа көзқарастар мен тұжырымдар. 

Пленарлық отырыстың модераторы Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған. 

Конференция барысында 2 секция жұмысы ұйымдастырылады: 1) Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет; 2) Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін. 

Конференция жұмысына ҚР Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпустың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, шетел ғалымдары: Экономика жоғары мектебі мемлекеттік университетінің Санкт-Петербург филиалының Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Почекаев Роман Юлианович (Ресей); Ыстамбул университетінің профессоры, доктор Сарай Мехмет (Түркия); Ресей Ғылым Академиясы Монғолтану, буддология және тибетология институты Сібір бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зориктуев Булат Раднаевич (Ресей); Украина ҰҒА М. С. Грушевский атындағы Украиналық археография және дерекнама институтының докторанты, тарих ғылымдарының кандидаты Грибовский Владислав Владимирович (Украина); Болон университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Джан Лука Бонора (Италия); У. Д. Алиев атындағы Қарашай-Шеркеш мемлекеттік университеті Филология институты қарашай және, ноғай филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Суюнова Насипхан Хусиновна (Ресей); Башқұрт мемлекеттік университеті Деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Буканова Роза Гафаровна (Ресей); Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институты тарихнама және дерекнама бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Алимова Дилором Агзамовна (Өзбекстан); Отандық тарихшы-ғалымдар: ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Әбусеитова Меруерт Хуатқызы; Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исин Амантай Исаұлы; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқаметханұлы Нәбижан; сонымен қатар саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, философтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұрағатшылар, кітапхана қызметкерлері, Астана қаласы мектептерінің мұғәлімдері және БАҚ өкілдері қатысады. 

Конференция барысында «Қазақ хандығына арналған» кітап көрмесі, графика-сурет шебері Рахымжан Қасымжанның «Еуразия көшпелілері» графикалық көрмесі және «Ноғай Елі» қоғамдық бірлестігіне салтанатты түрде сыйлықтар беріледі, соңынан концерттік бағдарлама ұсынылмақ.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?