15.05.15
2015 жылғы 20 мамырда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Солтүстік Қазақстан облысының мұражай бірлестігінің қорынан «Бірліктің бесігі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
«Ұлттық игілік» музейаралық серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылған «Бірліктің бесігі» көрмесі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы — айтулы мерекеге арналып отыр. Экспозиция көрермендерді өлкенің полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихымен таныстырады, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы жұмыстарының қолжеткізген жетістіктері жайлы баяндайды.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рухани зияткерлік құрылымы нығайып, қоғамды үйлестіруші әлеуеті толысты, ол халық дипломатиялық институттың маңызды күретамырына айналды. Еліміздің барлық этностарын бірлестірген, бұл бірегей институт, республиканың біртіндеп дамуы мен тұрақтылығын сақтауда ауқымды рөл атқарды.
1995 жылдың 1 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысында Кіші Ассамблея құрылып, оның құрамына 7 ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері енді. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 23 этномәдени бірлестіктерімен қатар «Бірлік» жастар бірлестігі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлар бірлестігінің коллекцияларында Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын көптеген этностардың тарихы мен дәстүрлі мәдениеті туралы баяндайтын бірегей этнографиялық материалдар сақталған.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы көптеген жер аудару саясатының басты себебі ұжымдастырумен және депортациялаумен байланысты еді. Депортациялау кезеңі Батыс Украина жерінен поляктарды жер аударудан басталды. Осындай қайғы-қасіретті тізімге неміс, кәріс, қырым татарлары, грек, шешен, ингуш, балқар және басқа да этностардың өкілдері енген болатын. Олардың бүгінгі ұрпақтары өлкенің көпұлтты халқын құрап отыр. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам ұлттардың өкілдері өмір сүруде.
«Бірлік бесігі» көрмесінің үлкен сахналық көріністері — киіз үйлер, ағаш үйлер мен реконструцияланған шаруашылық аулалар қазақ, орыс, казак, татар, неміс және поляк ұлттарының дәстүрлі мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы баяндайды. Экспозицияның ерекше бөлігі көрмеге келушілерді Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлар бірлестігінің жинақтарында сақталған бірегей этнографиялық материалдардың негізінде қазақстандық көпконфессиялы қоғамның қалыптасу тарихымен таныстырады.
«Бірліктің бесігі» көрмесі 2015 жылдың 22 маусымына дейін жалғасады